Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дербес компьютердегі орталық процессордың құрылымы мен түрлері



Орталық процессор (CPU,CENTRAL PROCESSING UNIT) - бұл компьютердің ең негізгі жұмысшы компоненті, ол бағдарламамен берілген арифметика логикалық операцияларды орындайды, есептеу процессін басқарады және компьютердің барлық құрылыстарының жұмысын үйлестіреді. Орталық процессордың құрамында болады:

• Арифметика логикалық құрылғы;

• Көрсеткіштер және мекен жай шиналары;

• Регистр;

• Бұйрықтар санаушы;

• КЭШ ықшам көлемді өте тез жад ден Кбайт;

• Жүзіп жүрген нүктемен математикалық сандар

Арифметикалық-логикалық құрылғы мен басқару блогы кэш пен регистрдың жұмысын басқарып, барлық есептеу-логикалық және басқару амалдарын үздіксіз орындайды. Биттердің таусылмас тізбегін түгел есеп-қысаптан өткізіп, өңдеп, жедел жадына жіберіп, одан кезекті биттерді өте жоғары жылдамдықпен алып отырады. Процессор мен жедел жады осы ақпарат ағынына арнайы жасалған FSB шина деген құрылғымен жалғанған.

Компьютердің жедел жадынан алынған ақпарат биттер, яғни 0 мен 1-лердің тоқтаусыз ағыны, түрінде ең алдымен процессордың кэшына келіп түседі. Ол жерде әлі де қажет болады-ау деген ақпараттың бәрі уақытша сақтаулы тұрады. Одан кейін биттер, яғни 0 мен 1-лер, процессордың тактілік жилігімен өңделеді, сондықтан тактілік жиілік – процессордың жұмыс істеу жылдамдығын сипаттайтын параметр деп саналады. Бұл — процессордың негізгі жұмысы. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады.

Басқару құрылысы. ДК - дің функционалды ең күрделі құрылысы басқару құрылысы болып табылады. Ол нұсқаудың кодталған шиналары арқылы машинаның бүкіл блогына түсетін басқару сигналдарын өндіреді.

Бұйрық регисторы - есте сақтайтын регистор, онда бұйрықтар коды сақталады; орындалатын операцияның коды және операцияға қатысатын операндтар мекен жайы; Бұйрық регисторы (МПП – дің бұйрықтар регистр блогында интерфейстік бөлімінде орналасқан) кіреді.

Регистр — негізгі немесе аралық мәліметтерді не олардың бөліктерін сақтауға арналған және машиналық командаларды орындау кезінде пайдаланылатын мөлшері, әдетте, бір немесе екі машиналық сөз болатын процессор жады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1874 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...