Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дербес компьютердегі орталық процессордың негізгі сипаты мен қызметі



Процессор (ағылш. central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш бөлім) программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;

Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады.

Орталық процессор:

1) компьютердің негізгі жұмыстық элементі. Әдетте, оның құрамына арифметикалық- логикалық құрылғы мен басқару құрылғысы, ал кейде алғашқы жад кіреді. Есептеуіш жүйенің қызметі үлестірілген және дербес болған сайын бұл терминнің түсіндірмесі кеңейе түседі;

2) процессор мен арифметикалық қосалқы процессоры бар блок;

3) барлық есептеу операциясын және ақпаратты қайта өңдеуді жүзеге асыратын дербес компьютердің бас құрылғысы;

4) бір немесе бірнеше үлкен немесе аса үлкен интегралдық схема түріндегі, ақпаратты өңдеуге арналган программалық басқару құрылғысы;

5) берілген есептеуіш жүйеде негізгі қызметі мәліметтер өңдеуді және осы жүйенің басқа бөліктерінің жұмысын баскаруды орындайтын процессор. Ол басқару қүрылғысынан, арифметикалық логикалық құрылғыдан және процессорлық жадтан тұрады.

Орталық процессордың негізгі сипаттары мыналар:

тактілік жиілік; разрядтылық;адрестік кеңістік;

Такт – Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.

Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді. Тактілік жиілік компьютердің жылдамдығын сипаттайды. Процессордың жұмыс тәртібін (режимін) тактілік жиілік генераторы деп аталатын микросхема анықтайды. Әр операцияның орындалуы үшін белгілі мөлшердегі такт саны қажет болады. Әрине, тактілік жиілік жоғары болған сайын процессор программаларды жылдам орындайды. Ал компьютердің жалпы жылдамдығы тактілік жиілікке тікелей тәуелді емес.

Процессордың разрядтылығы бірмезгілде өңделетін информациядағы бит санын көрсетеді. Өйткені команда бір битке орындалмайды, 8, 16, 32 немесе 64 биттік топтарды өңдейді. Процессордың разрядтылығы үлкен болған сайын оның бір жұмыс тактісінде өңдейтін информацияның көлемі де үлкен болады, яғни оның жұмыс өнімділігі артады.

Процессордың адрестік кеңестігі оның жадыдағы қамтылатын көлемін анықтайды. Бұл параметр адрестік шинаның разрядтылығымен анықталады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 4740 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...