Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дербес компьютердегі орталық процессордың құрамы, оның разраядтылығы, тактілік жиілігі, адрестік кеңістігі



Орталық процессор (CPU,CENTRAL PROCESSING UNIT) - бұл компьютердің ең негізгі жұмысшы компоненті, ол бағдарламамен берілген арифметика логикалық операцияларды орындайды, есептеу процессін басқарады және компьютердің барлық құрылыстарының жұмысын үйлестіреді. Орталық процессордың құрамында болады:

• Арифметика логикалық құрылғы;

• Көрсеткіштер және мекен жай шиналары;

• Регистр;

• Бұйрықтар санаушы;

• КЭШ ықшам көлемді өте тез жад ден Кбайт;

• Жүзіп жүрген нүктемен математикалық сандар

Арифметикалық-логикалық құрылғы мен басқару блогы кэш пен регистрдың жұмысын басқарып, барлық есептеу-логикалық және басқару амалдарын үздіксіз орындайды. Биттердің таусылмас тізбегін түгел есеп-қысаптан өткізіп, өңдеп, жедел жадына жіберіп, одан кезекті биттерді өте жоғары жылдамдықпен алып отырады. Процессор мен жедел жады осы ақпарат ағынына арнайы жасалған FSB шина деген құрылғымен жалғанған.

Компьютердің жедел жадынан алынған ақпарат биттер, яғни 0 мен 1-лердің тоқтаусыз ағыны, түрінде ең алдымен процессордың кэшына келіп түседі. Ол жерде әлі де қажет болады-ау деген ақпараттың бәрі уақытша сақтаулы тұрады. Одан кейін биттер, яғни 0 мен 1-лер, процессордың тактілік жилігімен өңделеді, сондықтан тактілік жиілік – процессордың жұмыс істеу жылдамдығын сипаттайтын параметр деп саналады. Бұл — процессордың негізгі жұмысы. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады.

Орталық процессордың негізгі сипаттары мыналар: тактілік жиілік, разрядтылық, адрестік кеңістік.

Такт – Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.

Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді. Тактілік жиілік компьютердің жылдамдығын сипаттайды. Процессордың жұмыс тәртібін (режимін) тактілік жиілік генераторы деп аталатын микросхема анықтайды. Әр операцияның орындалуы үшін белгілі мөлшердегі такт саны қажет болады. Әрине, тактілік жиілік жоғары болған сайын процессор программаларды жылдам орындайды. Ал компьютердің жалпы жылдамдығы тактілік жиілікке тікелей тәуелді емес.

Процессордың разрядтылығы бірмезгілде өңделетін информациядағы бит санын көрсетеді. Өйткені команда бір битке орындалмайды, 8, 16, 32 немесе 64 биттік топтарды өңдейді. Процессордың разрядтылығы үлкен болған сайын оның бір жұмыс тактісінде өңдейтін информацияның көлемі де үлкен болады, яғни оның жұмыс өнімділігі артады.

Процессордың адрестік кеңестігі оның жадыдағы қамтылатын көлемін анықтайды. Бұл параметр адрестік шинаның разрядтылығымен анықталады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2857 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...