Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Графикалық процессорге анықтама беріңіз. Оның қызметі мен ерекшеліктеріне тоқталыңыз



Графикалық процессор (graphics processing unit, GPU) — дербес компьютердің немесе ойын приставкасының графиканы бейнелеу үшін қолданылатын жеке құрылғысы. Қазіргі заманғы графикалық процессорлар компьютерлік графиканы жоғары тиімділікпен өңдеп, бейнелейді. Арнайы конвейерлік архитектураның арқасында графикалық процессор кәдімгі орталық процессорға қарағанда графикалық ақпараттарды өңдеуде тиімдірек. Графикалық процессор заманауи бейнеадаптерлерде 3D графиканың үдеткіші ретінде қолданылады.

Графикалық процессор дискретті бейнекартаның құрамында да, енгізілген шешімдерде де және гибридті процессорда қолданылуы мүмкін.

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты операциялардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Бейнекарта мониторға 2D (қосөлшемді, тегіс), сонымен бірге 3D (көлемді) суреттерді шығарып қалыпқа келтіреді.

Шығарылатын суреттердің сапасы мен оны ойнату жылдамдығы бейнекартаға байланысты. Әсіресе, үш өлшемді графикамен жұмыс жасау жылдамдығы өте сыни, себебі барлық қазіргі заманғы ойындар мен күрделі 3D-объектілерді өндеуге арналған графикалық бағдарламалар дәл осы бейнекартаның 3D мүмкіндіктерін қолданады.

Компьютердің графикалық жүйесінің өнімділігіне көптеген көрсеткіштер әсер етеді.

· Бейнеақпарат берілетін мәліметтер шинасының жылдамдығы.

· Бейнекартада орнатылған бейнежадының жылдамдығы.

· Орнатылған бейнежадының көлемі.

· Графикалық процессор және сопроцессордың жылдамдығы.

· 3D-графикамен жұмыс кезіндегі ақпараттық технологиялар.

Бейнекартаның жұмыс жасау жылдамдығына өз үлесін, әрине, орталық процессор да қосады. Бірақ қазіргі заманғы графикалық адаптерлер оның қорын аз пайдаланады, себебі оларда өнімділігі жөнінен одан еш қалыспайтын жеке графикалық процессор бар. Сонымен қатар, графикалық процессор электрондық бөлшектің күрделілігі жағынан орталық процессордан бірнеше есе асып түседі.

Графикалық сопроцессоры бар бейнекарта – бұл негізін арифметикалық-логикалық жүйе (микропроцессорлар, жеке бейнежадында микронұсқаулармен жұмыс жасайтын) құрайтын жоғары интеллектуалды құрылғы.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1460 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...