Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Компьютерлік вирустармен күресу үшін орындайтын әрекеттер



Компьютерлік вирус – бұл компьютердің жүйелік аймағына еніп, өзінің көшірмесін жасап, басқа программа ретінде атын өзгерте алатын, шағын көлемді (200-ден 5000 байтқа дейінгі), арнайы құрылған программа, сонымен қатар компьютерде өз бетінше зиянды әрекеттер жасай алады.

«Компьютерлік вирус» термині 1984 жылы пайда болды, оның авторы Лехайский университетінің қызметкері Ф.Коэн (АҚШ).

Ішінде вирусы бар программа "бүлінген программа" деп аталады. Ондай программалар іске қосылса, онда алдымен вирус баскаруды қолына алады. Вирус басқа программаларды тауып әрі бүлдіреді, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекеттер жасайды (мысал, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадқа орналасады). Вирустардың бүлінген басқа программалар арқылы әрекет етуі және зиянды әрекеттер жасау үшін белгілі бір шарттар орындалуы керек.

Мысалы, Anti-MIT вирусы қатты дискідегі барлық ақпараттарды жыл сайын 1 желтоқсан күні бүлдіреді, Tea Time вирусы 15:10 бастап 15:13 дейін ақпаратты пернетақта арқылы енгізуге бөгет жасайды, ал танымал One Half вирусы жыл бойы аралап жүріп, қатты дискідегі мәліметтерге білдірмей өзгеріс енгізеді (шифрует). 1989 жылы американдық студент АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігінің 6000 компьютерін істен шығарған вирус құрастырған. 1991 жылы танымал Dir-II вирусы кең тарады. Бұл вирус оригинал жаңа технологияға қолданылды және жаңа антивуристық өнімдердің болмауы салдарынан алғашқы кезде кең тарады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б.

Компьютерге вирус, негізінен дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатты дискіні зақымдайды. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS немесе BAT кеңейтулері бар атқарылатын файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графикалық файлдарға сирегірек жұғады.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустік программалар деп аталады. Windows-та вирусқа қарсы программалар жеткілікті. Бірақ кез келген вирусты іздеп табатын және оны толық жоятын программа әлі шыққан жоқ. Белгілі антивирустік программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1875 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...