Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақпаратты кодтау тәсілдерін жазыңыз



Кодтау – ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап жазу, яғни ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Ақпаратты кодтаудың үш негізгі тәсілі бар.

1. Графикалық – суреттер,белгілер көмегімен;

2. Сандық – сандар көмегімен;

3. Таңбалық – әліппедегі таңбалар көмегімен;

Екілік алфавиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы; 1 - құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын, немесе 1 - жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады.

Екілік кодтармен қатар ЭЕМ-де ондық сандарды енгізу-шығару үшін арнайы екілік – ондық жүйе қолданады. Екілік – ондық кодтауда әрбір ондық цифр екілік цифрлардың тетрадасымен ауыстырылады, ал әрбір тетрада ондық цифрлардың орналасу ретіне сәйкес тізбектеліп жазылады. Кері түрлендіруде екілік – ондық кодта үтірден оңға және солға қарай тетрадаларға бөлінеді, содан кейін оларға сәйкес ондық цифрлармен ауыстырылады. Яғни, екілік – ондық кодтауда санды жаңа жүйеге көшіру жүзеге асырылмайды, тек екілік – кодталған ондық санау жүйесін аламыз.

Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

ASCІІ коды. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCLL коды – американдық апарат алмасудың стандарттық коды. Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты, баламалы. Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар. Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.

Машиналық тіл (Машинный язык; Machine language; computer language) — 1) есеп шығаруды бейнелейтін және мазмұны мен ережелері нақты компьютердің аппараттық құралдары арқылы жүзеге асырылатын формальды тіл. Машиналық тілге аударылған программа әрбір операцияны орындауға жарайтын белгілі бір командалардан тұрады. Кейде компьютердің командалар жүйесін де машиналық тіл деп атайды; 2) компьютерде белгілі бір әрекетгер мен операцияларды екілік сан түрінде кодтау, жазу ережелерінің жинағы.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 9643 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...