Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Компьютерлік вирустардың жіктелуін көрсетіңіз



Компьютерлік вирус – бұл компьютердің жүйелік аймағына еніп, өзінің көшірмесін жасап, басқа программа ретінде атын өзгерте алатын, шағын көлемді (200-ден 5000 байтқа дейінгі), арнайы құрылған программа, сонымен қатар компьютерде өз бетінше зиянды әрекеттер жасай алады.

Келесі белгілер бойынша вирустардың классификациясы:

1. өмір сүру ортасына қарай: Желілік вирустар (компьютерлік желі бойынша тарайды), Файлдық вирустар (орындалатын файлдарға енеді), Жүктелуші вирустар (дискінің жүктелуші секторына енеді)

2. өмір сүру ортасын зақымдауына қарай: Резидентті вирустар (компьютер өшкенге дейін ағымдағы жадқа орналасады), Резидентті емес вирустар (жадты бүлдірмейді, белгілі уақытта ағымды болады), Зиянсыз вирустар (жұмысқа нақты әсер етпейді, өзінің таралу нәтижесінде бос орындарды кішірейтеді)

3. Деструктивті мүмкіндігіне қарай: Қауіпті емес вирустар (бос жадты кішірейтеді, дыбыстық, графикалық және басқа да эффектілер құрады), Қауіпті вирустар (жұмыстың тоқтауына әкеп соқтыру мүмкін), Өте қауіпті вирустар (программалардың немесе жүйелік мәліметтердің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін), «Серіктер» вирустары (ЕХЕ – файлдарға арналған СОМ кеңейтілуі бар серіктер – файлдарын құратын өзгермейтін файлдар), «Құрттар» вирустары (желімен тарайды, желілік адрестерді есептеп өзінің көшірмелерін жібереді)

4. Вирустардың алгоритмдік ерекшелігіне қарай: «Паразиттік» қарапайым вирустар (олар дискінің секторлары мен файлдарының мазмұнын өзгертеді және оларды табу мен жою оңай), «Студенттік» вирустар (қателіктердің саны көп болганда), «Стелс» вирустары (оларды табу мен залалсыздандару өте қиын, сонымен қатар дискінің бүлінген секторлары мен файлдарына операциондық жүйенің қатынауын тежейді және өзінің денесінің орнына дискінің бүлінбеген бөлігін қояды), Елес вирустары (ешбір тұрақты код бөлігі болмайды, оларды табу қиын, вирустардың негізгі денесі қысқартылған (зашифровано)), Макровирустар (олар машиналық код тілінде емес WordBasic тілінде жазылады, Word документінде өмір сүреді және Normal.dot деп аталады)

Зиянды программалардың түрлері және олардың әрекеттері. Жалпы зиянды программаларды келесі топтарға бөлуге болады:

Вирустар (Viruses): программалар, яғни өзге файлдарды бүлдіретін программаларды -бүлінген файлдарды жүктеу кезінде басқару үшін өзінің кодын қосады. Бұл қарапайым анықтама вирустардың орындайтын негізгі әрекеті-бүлдіру екендігін көрсетуге мүмкіндік береді. Вирустардың таралу жылдамдығы құрттардың жылдамдығынан төменірек.

Құрттар (Worms): Бұл санаттағы зиянды программа таралу үшін желілік ресурстарды пайдаланады. Бұл кластың атауы құрттардың бір компьютердан екінші компьтерге желіні, электрондық почтаны және басқа ақпараттық арналарды пайдалана отырып, жорғалап өту қабілетіне қарай берілген. Сонымен қатар осы қасиеттері арқылы құрттар таралудың жоғары жылдамдығына ие болады.

Трояндық программалар (Trojans): санкцияланбаған пайдаланушының әрекеті кезінде орындалатын программалар, яғни қандай да бір шартқа байланысты дискідегі ақпараттарды жоюды, жүйенің жұмысын тежейді, конфиденциалдық ақпараттарды ұрлайды және т.б. зиянды программалардың бұл классы вирустарға жатпайды, трояндық программалар өз бетімен компьютерге ене алмайды және пайдалы программалық жабдықтар ретінде таралады. Осыдан бұлардың тигізетін зияны әдеттегі вирустардың шабуылынан бірнеше есе артық.

Тыңшы – программалар (Spyware): ұйымдар мен пайдаланушыларға білдірмей жекелеген ақпараттар алуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтар. Тыңшы – программалардың сіздің компьютеріңізде бар екенін білмей де қаласыз.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2232 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...