Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Микропроцессор мен процессордың айырмашылығы



Процессор компьютердің негізгі қызметтік бөлігін атқаратын құрылғы болса, ал микропроцессор тура процессор сияқты қызмет атқаратын интегралды схема түрінде жасалған микрочип. Өндірісте алдымен процессорлар жасап шығарылған, кейін техниканың дамуына қарай компьютердің орталық процессоры, жады және енгізу-шығару құрылғыларын бір кішкентай чипке орналастыру нәтижесінде микропроцессорлар пайда болды. Микропроцессор процессордан қарағанда кішірек болып келеді және микропроцессорде компьютердің барлық құрушылары, орталық процессор, сақтау, енгізу-шығару құрылғыларын қоса есептегенде бір интеградық схемада орналастырды.

Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы.

Бірінші бір кристалды микропроцессор 1971 жылы Intel корпорациясында жасалған Intel 4004 болып табылады. Intel-дің үш инженері: Тэд Хофф, Федерико Фаджин және Стэн Мэйзор компьютердің барлық құрушыларын, орталық процессор, сақтау, енгізу-шығару құрылғыларын қоса есептегенде бір кішкентай чипке орналастырды. Оның ені - 3 милиметр, ал ұзындығы - 4 милиметр, ол 2 300 транзисторлардан тұрады. Микропроцессорлар микрокомпьютерлерде, қаруларда, тұрмыстық құралдарда қолданылады.

Процессор (central processing unit CPU - Орталық есептеуіш бөлім) - программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;

Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2159 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...