Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. БюджетаралыҚ Қатынастарды реформалау Үрдісі



Қазіргі кезеңдегі бюджет жүйесінің негізгі проблемаларының бірі бюджетаралық қатынастардың жетілдірілмегені болып табылады. Бұл проблеманың түп қазығы – орталық пен аймақтар арасындағы функциялардың нақты ажыратылып, бөлінбеуі. Осыған орай мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жоғары мәнге ие болып отыр.

Бюджетаралық қатынастар жұмылдырылған салықтар мен табыстарды бөлу бойынша және оларды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық нысандарда пайдалану бойынша әр түрлі билік органдары арасындағы қатынастарды білдіреді.

Республиканың бюджет жүйесін реформалаудың бірқатар оңды ілгерілеулеріне қарамастан шешімін табуы тиіс проблемалар әлі де жеткілікті. Осындай проблемалардың бірі – салықтық табыстарды аумақтар бойынша және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлу механизмі.

Әлемдік тәжірибеде бюджеттер арасындағы салықтарды бөлу мәселелерін шешуде келесідей әдістер мәлім:

· салықтарды сәйкес деңгейлер бойынша бекіту: федералды, аймақтық және жергілікті (федеративті мемлекеттерде) немесе орталық және жергілікті (унитарлы мемлекеттерде). Сонымен қатар салықтарды енгізу құқығы басқарудың әрбір деңгейіне беріледі;

· салықтардың үлестік бөлінуі;

· салық салу базасын бірігіп пайдалану (салықтарға үстемелер немесе қосымша салықтар);

· салық салуға сәйкес құқықтардың болуы.

Бекіту әдісі жалпымемлекеттік реттеуші салықтар мен табыстардың әсер ету механизмін көздейді. Олар жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын теңестіру мақсатында сәйкес бюджетке белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтер бойынша салықтар немесе басқа да төлемдерден пайыздық аударымдар түрінде түседі. Реттеу облыстарға, қалаларға, аудандарға табыстар бөлігін жекелеген негізде беру есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл табыстар көлемі алдағы тұрған шығындарға қарай жасалатынын білдіреді.

Бюджет жүйесіндегі табыстарды бөлу ең алдымен, тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге табыстардың белгіленген түрлерін бекіту, екіншіден, бюджеттік реттеу тәртібінде жүзеге асырылады.

Бекітілген табыстар бюджеттердің табыс бөлігінің негізін қамтамасыз етеді. Мұнан басқа, бекіту негізінде бюджеттер арасында барлық табыстарды бөлу ретінде оларды жүзеге асыру бірқатар объективті жағдайларға байланысты мақсатқа лайықсыз болып табылады: әр түрлі табыс көздері бойынша түсімдердің теңсіздігі; аймақтардың экономикалық дамуындағы айырмашылықтар және т.б. Мұндай бекіту бюджет жүйесіндегі табыстар мен шығыстар арасындағы орынсыз теңсіздіктің күшеюіне әкелер еді.

Аймақтардың өзіндік бюджеттерінің табыстарын құру қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:

· тиімділік және орындылық;

· аймақтық саясаттың жалпы мемлекеттік макроэкономикалық саясатқа сай болуы;

· салықтық баламалылық.

Салықтардың белгілі бір билік деңгейіне бекітілуі бюджеттік қамтамасыздандырылуы деңгейлерінде теңсіздікке әкеліп, аймақтық бюджеттер жүйесін тұрақсыздандырады.

Бюджеттік реттеудің мұндай түрін қолданғанда жергілікті билік органдары мемлекеттік салық қызметіне қатысу мүмкіндігінен айырылып, мемлекет салықтарынан дайын түсімдердің белгілі бір бөлігін ғана алады. Мұндай жүйе кезінде аймақтар мемлекеттің салық саясатының нәтижелеріне мүлдем мүдделі емес деп айтуға болмайды. Керісінше, салықтық түсімдер өскен сайын, сол аумақтық бірлікке арналған абсолютті молшері де өседі. Бірақ олардың мүдделігі «енжар» болып келеді. Бұл жағдайда мемлекет пен аймақтар арасындағы қатынастар икемсіз болып, аймақтар өздеріне аударылған қаражаттарын алумен ғана шектеледі.

Республикада 1996 жылдың аяғынан бастап жүргізіліп келе жатқан аймақтық саясат тұжырымдамасына сәйкес бюджеттер арасындағы бөлуге бірыңғай ұазқ мерзімді нормативтер негізінде өту қарастыралған. Бірыңғай тәсілдеме барлық аумақтар үшін бірыңғай нормативтік аударымдарды белгілеуді емес, бірыңғай әдістемені және оларды есептеудің бірдей қағидаларын қолдануға негізделген. Бұл барлық аумақтардың ерекшеліктерін, олардың қаржылық-ресурстық әлеуетін ескеруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталып өткен себептерге сәйкес салықтарды бекіту әдісі жергілікті бюджеттердің дұрыс қызмет етуін қамтамсыз етпейді. Сондықтан да табыстық түсімдерді бөлу кезінде салықтарды бекіту әдісін салықтық үлестік юөолу әдісімен үйлестіре отырып қолдану керек деп ойлаймыз.

Салықтарды үлестік бөлу әдісін қолдану мемлекеттік билік деңгейлері арасында бөлуге жарамды бюджеттік түсімдердің түрлерін дұрыс таңдауды талап етеді. Салықтарды үлестік бөлудің келесідей әдісі бар. Бірінші әдіс бойынша салықтар жиналған аймақтың аумағындағы әкімшілік бірліктің иелігінде қалады. Бұл әдістің артықшылығы – оның қарапайымдылығы және жергілікті билік органдарына түсімдердің белгілі бір бөлігін алуға кепілдіктерінің болуы.

Салықтық түсімдер үлесін алудың келесі әдісі бойынша аумақтарға жалпымемлекеттік салықтарға қосымша салықтар салуға рұқсат етіледі. Бұл қосымша салықтың көлемі белгілі шекпен анықталады. Осындай «салыққа үстеме» жүйесі тиімдірек қызмет етеді. Әдетте, осындай қосымша салықтарды жинау кезінде аймақтық билік органдары орталық үкіметтің одан да жетілдірілген әкімшілік механизмін қолдана алады.

Үстемелер бюджет жүйесінің әр түрлі буындары арасындағы салықтық түсімдерді шектеудің тиімді насандарының бірі болып табылады. Мемлекеттік салыққа салынатын үстемелер экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасы үшін бұл жүйе жаңалық емес. Нарыққа өту кезеңінде жергілікті бюджеттердің табыстарын құрудың берілген әдісі жергілікті басқару органдарының қаржылық дербестігін нығайтудың индикаторларының бір қызметін атқарады.

Қазіргі жағдайда, әсіресе жергілікті басқару жүйесін реформалауға орай, жергілікті бюджеттердің табыстарын құрудың осындай әдісі тиімді болып табылады. Бұл әдісті тиімді пайдаланудың басты шарты – мемлекеттік деңгейде үстемелердің шекті көлемдерін белгілеу.

Біздің ойымызша, Қазақстанда бюджеттер арасындағы табыстарды бөлудің аталған барлық әдістерін тиімді түрде ұштастыра отырып, қолдануға болады. Дәл осындай ұштастыру салықтық түсімдердің нақты түрлерін, оларды тағайындаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Дамыған елдердің бюджеттік тәжірибесі жоғарыда айтылған әдістердің міндетті түрде ұштастырылуы арқылы бюджет жүйесінің буындары арасында табыстарды бөлу ең тиімді түрде жүзеге асырылатындығын дәлелдейді. Сондықтан да бюджет түрлері бойынша салықтар мен табыстарды бөлу жүйесі біртұтастық және дербестік қағидасына негізделуі тиіс. Осы қағидалардың дұрыс жүзеге асырылуы және олардың үйлесуі аймақтар арасында және аймақтар ішінде қаражаттарды қайта бөлудің ерекше механизмінің болуын көздейді.

Бұл механизм келесі құраушылардан құрылуы қажет:

– облыс, аудан аумағында құрылатын қаржы ресурстарының жалпы көлемін анықтау;

– табыстарды бюджет түрлері бойынша бөлу механизмін ескере отырып, бюджеттік ресурстардың үлес салмағын анықтау;

– аймақтарда құрылатын өзіндік бюджеттік ресурстардың үлес салмағын төменгі шегін анықтау.

Енді аймақ деңгейінде қалыптасқан бюджеттік ресурстарды басқару мәселесіне тоқталайық. Аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару меншік қатынастарының қалыптасуымен және институционалдық өзгерістермен анықталатын аймақтық қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мен өзіндік жеткіліктілік механизмдерін жүзеге асыру арқылы мүмкін болады. Бюджеттік реттеудің басымды мақсаты аймақтағы барлық меншікті тарта отырып, оның әлеуетін белсенді қолдану негізінде аймақтың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен өзін-өзі дамыту қабілетін (мүмкіндігін) теңестіру болып табылады. Мысалы, меншік объектісі болып, тек үйлер, ғимараттар, машина ғана емес, сонымен қатар капитал, өнім және табыс та алынады. Осының барлығы мүліктік қатынастардығы, меншік объектісінің мазмұнындағы меншік түсінігіне кіреді. Сонымен бірге меншік қатынастары өмір сүру ортасы мен аймақтық қалпына келтіру шарттарын қалыптастыру қатынастарын да қамтиды.

Атап айтқанда, қазіргі кездегі меншік қатынастары аймақтық жүйелердің тиімді қызмет етуіне, мемлекет пен оның аймақтарының экономикалық әлеуетінің өсуіне бағытталмаған.

Аймақтық меншік құрылымы екі бөлімнен тұрады:

– әлеуметтік сала меншігі, оны қаржыландыру бюджеттік ресурстар есебінен жүргізіледі;

– өндірістік сала меншігі, аймақтың экономикалық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етеді.

Аймақтың қаржылық ресурстарын басқаруда басқару үрдісін орталықсыздандырудың мәні ерекше.

Жергілікті басқаруды ортықсыздандырудың тұтас ел үшін оңды тұстары ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:

· «күшті аймақтар – күшті мемлекет» қағидасына жету;

· орталық билік органдарын әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жұмылдыру;

· аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру;

· мемлекет пен аймақтардың бюджеттік қатынастарының тұрақтылығын арттыру.

Ал аймақтар үшін орталықсыздандырудың оңды әсер ретінде олардың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын көтеруге мүдделіліктерінің артуын айтуға болады.

Унитарлық мемлекет болып табылатын еліміз үшін жергілікті органдарға өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес қаржы көздерін бекітіп беру қажеттілігі сөзсіз. Қаржысыз аймақтардың дербестігі қамтамасыз етілмейді. Жергілікті бюджеттер аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған, ал аймақ-аралық мәселелер республикалық бюджет арқылы ұлттық деңгейде шешілер.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1114 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...