Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері



Республиа аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

1. өндіріс қарқынының төмендеуі;

2. халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендегі);

3. демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар – бұл әлеуметтік – экономикалық, табиғи – климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи – климаттық,

ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай – ақ олар мемлекеттің “теңестіру” саястын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына арта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп – қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады.

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғанаэкномикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік ретеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе – теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе – теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеругеболады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (1- сурет). Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Макроэкономикалық саясат  

әрбір аймақтық экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеру

Ұйымдастырушылық құқықтық
Бюджет жүйесі деңгейлерінің өзара әрекеттесу механизмі
Реттеуіштер жүйесі және басқару әдістері
Аймақтық саясат
Ақша несие
Өнер-кәсіптік

       
 
   
Саяси (жергілікті өзін - өзі басқару)
 


Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс.Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап,сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.

Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет.Оларға жататындар төмендегілер:

- еліміз аймақтарының табиғи- климаттық жағдайының айырмашылығы;

- аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты,саласы және ауқымы.Ьұл фактор тек ауыл шаруашылық,сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес,өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

- аймақтың орналасуының “ күрделі “ жағдайы,соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды.Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына,оның эканомикалық даму деңгейіне ықпал етеді;

- инновация негізу жағынан артта қалуы,өндірістің ескі құрылымы;

- елдің эканомикалық даму тенденциясы;

- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

- институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы,аймақтың даму тарихы және тағы басқа;

- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт,көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы не жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамассыз етілуі,өндірістік инфрақұрылым;

- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі,ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.

- орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

- орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды “тегістеу” саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе- теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік,эканомикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.

Нарықтық эканомикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық эканомиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса,басқасында эканомикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.

Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының эканомикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аумақтық дамуды басқару болып табылады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1339 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...