Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Индустриялық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асу барысы



Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субьектісін-орталық (Үкімет)пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық бөліп көрсетумен байланысты болып отыр. Бұл денгейлердің әрқайсысы өздерінің басқару аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие.Барлық мәселе –осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндігінде және басқару субьектілерінің арасында қандай қатынастар орнатылғандығында.Жалпы алғанда екі түрлі нұсқа болуы мүмкін: біріншісі,орталық аймақпен салыстырғанда артықшылықты жағдайға ие болады; екіншісі,аймақтардың

мейлінше дербес бола отырып орталықпен айқын қатынастар орнатуы.

Аймақтық саясатты жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын бөлу қағидаларын,сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау болып табылады.Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына тәуелді.Экономикалық дағдарыс кезеңінде әлеуметтік мақсаттар артықшылыққа ие бола ды. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін тенестіру;

2. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру.Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшеленеді.Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі,

жалпы – мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады,кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады.Мемлекеттің негізгі функциясы,артта қалған аумақтардың даму деңгейі

жоғары аймақтардың денгейіне жеткізу,бірақ мұндай жағдай халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс;

3.
 
Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;

4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді.

Осыған орай билік денгейлері арасында өкілеттіліктерді, жауапкершіліктермен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы тиіс. Биліктің барлық денгейлері:

- халыққа әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуы және негізгі констетутциялық құқықтармен қамтамасыз етуі тиіс;

- шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет;

- халыққа қажетті,бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі

Функцияларды жүзеге асырылуы тиіс;

-басқару органдары аймақтың артта қалған аудандарын дамыту саясатын жүргізуі керек;

-табиғат қорғау шараларын жүргізуі тиіс.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтық ерекшелігін олардың шешетін стратегиялық және тактикалық міндеттерінің сипатын ескеретін,икемді және сараланған болуы керек.

Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді:

- Республикалық және аймақтық денгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару функцияларының қайталануына жол бермеуге,басқарудың ұйымдық құрылымының иерархиялылығын белгілеуге, әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелеріне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;

- Республикалық басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының негізгі нысандарын табу.

Аймақтық басқарудың маңыздылығы мен қайтарымы әлемдік шаруашылық жүргізу тәжірибесімен де дәлелденіп отыр.Атап айтқанда,экономикалық даму тұрғысынан алдыңғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарықта сұранысқа ие аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы,экономикалық әлеуетке ие болу шарт емес.Көбнесе дамудың оның ішіндеаймақтық дамудың да жоғары деңгейінің кепілі басқарудың озық түрлерін қолдану,басқару өнерін игеру,шаруашылық айналымға аумақтағы экономикалық әлеуетті тарту, аймақтың өзі үшін,басқа аумақтар үшін экономикалық қызмет нәтижелерін пайдалана білу екендігі шетел тәжірбиесімен айқындалған.

Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың мемлекеттік стратегиясы ең алдымен,халықтың өмір сүруінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалық кеңістігінің тұтастығымен бірлігін сақтауға экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы үшін жағдайлар қалыптастыруға бағытталуы тиіс.Аймақтық экономиканың қызмет етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы,аумақтарға шаруашылық жүргізумен әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы дербестіктің барған сайын арта түсуі аумақтың тұрақты,тиімді дамуын қамтамассыз ететін экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін күшейте түседі. Нақты осы аймақтық басқаруы халықтың өмір сүру жағдайы мен деңгейіне,қоршаған ортаны қорғауына,аймақ экономикасының инвестициялық тартымдылығына, оның бәсекеге қабілеттілігіне жауапты болады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 749 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...