Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

АймаҚтыҚ мӘселелер жӘне бюджетаралыҚ Қатынастар



Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тәуелсіз мемлекетіміздің заңдарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» болды. Республикадағы бюджетаралық қатынастарды реттеу заңдылықтарының негізі осы заң болып табылады. Бұл заңға сәйкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.

Қазақстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «күә» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту және бақылаудың жаңа тәртібі анықталады. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда: 1. Орталық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың тізімі анықталды; 2. Аймақтар бюджетінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін олардың орындайтын функцияларына сәйкес бюджет деңгейлерінің арасында табыстарды бөлу белгіленді. 3. Бюджеттің кредиторлық қарызының өсуінің алдын алу механизмдері жасалынды. 4. Барлық бюджеттен тыс қорлар қысқартылды.

Бұл заң шынайы тенденцияларға едәуір жақын болғанмен де, бюджет үрдісін жеткілікті деңгейде реттеуге дәрменсіздеу, кемеліне жетпеген болып шықты. Сонымен 2004 жылдың 24 сәуірінде Бюджет Кодексі қабылданды (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді). Бұл Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі ережелерін, қағидалары мен механизмдерін құрылуы мен пайдаланылуын белгілейтін болады.

Бюджетаралық қатынастар – бұл бюджет үрдісіндегі жоғары және төмен бюджеттердің арасындағы қатынас. Бюджет мемлекеттің өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясат шараларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі құрал болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жүктелген функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы құралдарымен қамтамасыз ететіндей, өзара қарым-қатынастың тұрақтылығы мен айқындылығы қағидасына негізделген, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге ынталандыратындай бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру талап етіледі.

Бюджетаралық қатынастарды реформалау мемлекет пен экономиканың ілгерілеуі үшін аса қажет және соған орай қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды, соның ішінде бюджет деңгейлері арасында табыстарды бөлуді реформалау 1998 жылы басталған еді. Табыстарды бөлу тұрғысынан бюджеттік үрдісті жетілдіру үш кезеңнен өтті.

Бірінші кезең. 1995 жылдың 1 шілдесінде қабылданған Салықтық Кодексте салықтар мемлекеттік бюджет деңгейлері бойынша бөлінді. Онда салықтарды бөлудің жылдар бойы өзгеріп отырған әр түрлі тәсілдері қолданылды. 1996 жылы жергілікті бюджеттерге: – акциздер (Павлодар облысы мен Алматы қаласынан басқа) – жалпы түсімдердің 100 пайызы;

– қосымша құн салығы – 10 пайыздан 100 пайызға дейін;

– заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы барлық аймақтарда дерлік 40 пайыз мөлшерінде;

– жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.

1997 жылдан бастап қосымша құн салығы тұтасымен республикалық бюджетке түсті. 1997-1998 жылдары бюджетаралық реттеу заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы есебінен жүргізілді.

Екінші кезең. 1999 жылдан бастап барлық облыстар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер арасында табыстарды бөлудің бірыңғай нормативі белгіленді. Осы уақыттан бастап заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен ішімдік өнімдері бойынша акциздердің 50 пайызы, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық – 100 пайыз жергілікті бюджеттерге түсті.

Үшінші кезең. 2002 жылдан бастап бюджет деңгейлері арасында салықтың нақты түрін бөлшектеуді жүзеге асырмай-ақ, салықтардың түрлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің табыс көздері дәл айқындалады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі оңтайландыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта осы бағытта бірқатар ілгері қадамдар жасалуда. Атап айтқанда, Республика Президентінің 2001 жылғы 24 қазанындағы №713 Жарлығымен мемлекеттік басқару деңгейлері және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арсында өкілеттіліктерді ажырату жөнінде Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия жұмысының мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік қызметтерді тиімді бөлу, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Комиссия жұмысының шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы ғ ақпанындағы №4 Қаулысымен мемлекеттік басқару деңгейлері мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арасындағы өкілеттіліктерді шектеу Тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрып, жергілікті бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін бюджетаралық қатынастарға оңтайлы көзқарасты қалыптастыру мақсатында төмендегідей төрт нұсқа жасақтады.

Біріншісі – оған тұрақтылық элементтерін бере отырып, яғни орта мерзімді кезеңге арналған субвенция мен бюджеттік алымдар мөлшерін бекіту арқылы қазіргі тәртіпті сақтау. Көрсетілген тәртіпке сай бюджет деңгейлері арасында салық түрлері бойынша нақты бөлу сақталады. Басты проблема – облыстардың, айталық, донорлардың шығыстар нормативтерінің жүйесі қаншалықты сапалы деңгейде есептелсе де, әрқашан алымдардың белгіленген мөлшерінің әділділігі төңірегінде туындайды.

Екінші - әрбір нақты аймақ үшін жеке орта мерзімдік кезеңге арналған бөлудің тұрақты нормативтерін белгілей отырып, салықтардың реттелетін түрлерін анықтау. Осы нұсқа бюджеттік алымдар тетігін алып тастау мақсатында түрлі деңгейдегі бюджеттерді тік теңестіруді көздейді, яғни төлем салынатын кірістерден жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қайта бөлуді жүзеге асыру ұсынылады.

Үшінші нұсқа – республикалық бюджеттің кірістерінде төлем көзінен салынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты орталықтандыруды жүзеге асыру ұйғарылды. Осы жағдайда бюджетаралық қатынастар орта мерзімдік кезеңге тұрақтандырылған республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін субвенцияларды белгілеу арқылы қалыптастырады. Көрсетілген нұсқа бюджеттік алымдар жүйесінен бас тартып, бюджетаралық қатынастардың қарапайымдылығын және айқындылығын қамтамасыз етеді.

Төртінші нұсқа – кәсіпорындар бойынша түсімдерді базалық (республикалық бюджетке) және аймақтық экономикаға (жергілікті бюджетке) бөлуге негізделген. Жергілікті бюджеттерді теңестіру үшін салықтармен реттелетін жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты және аймақтық экономиканың кәсіпорындарынан қосымша құн салығын анықтау көзделген. Бұдан басқа бюджетаралық қатынастардың ұтымды үлгісін қалыптастыру шеңберінде селолық округтердің бюджеттерін қалыптастыру және аралық жерлерді институционалдық нығайту мәселесі қаралатын болады. Осы мақсатта тұжырымдамаға сәйкес ауылдық әкімдердің аппаратына заңды тұлға мәртебесі беріледі. Бұл оларға шаруашылық басқару құқығындағы оқшауланған мүлікті, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттерді сатып алу жүзеге асыру құқығы беріледі. Сондай-ақ өз атауы быр мөр болуын көздейді.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1458 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...