Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияны ұйымдастыру және оның жұмысының мазмұны



Мақсаты: Студенттерді психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияны ұйымдастыру және оның жұмысының мазмұнымен таныстыру

Жоспар:

3. ПМПК жұмысын ұйымдастыру

4. ПМПК жұмысының мазмұны

Тірек сөздер: медициналық-әлеуметтік көмек

ПМПК құрылымы әкімшілік, кеңес беру-диагностикалық, ғылыми-әдістемелік түзету бөлімдердің тұрады. ПМПК кеңесі дәрігерлерден, арнайы педагог дефектолог, арнайы психолог, тифлопедагог, сурдопедагог және логопедтан тұрады.

ПМПК отырыстарында 0-18 жас аралығындағы дамуында проблемалары бар балаларға диашостика жүргізіледі және оларға кеңес беріледі, оларды оқыту, тәрбиелеу және емдеу, олардың білім алуға медициналық және әлеуметтік көмектер алуға құқықтарын бекіту мәселелері шешіледі.Оларды арнайы мекемелерде мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған психология-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек қажет етеді.

ПМПК психология-медициналық-педагогикалық кеңес жұмысы негізгі мақсаты; балалардың және жасөспірімдердін даму ерекшеліктерін анықтау, диагноз қою, оқыту шарттарын анықтау, тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу болып табылады.

Бұл жұмыстар мамандардың сапаларын, өз саласындағы жоғары білімді қажет етеді. Диагноз қою кезінде дәрігер психологтар, неврапатологтар, дефектологтар, сурдопедагогтар маңызды рөл атқарады, ол баланың интеллектуалды дамудың ерекшеліктерінің деңгейін, ерік жігер сферасының, баланың тұлғасының ерекшеліктері-психолог, педагог-дефектологтар анықтайды және баланың білім деңгейін, дағдыларын, қабілеттерін бағалайды. Сөйлеу тілінің бұзылысын, даму деңгейінің ерекшеліктерін логопед анықтайды. Есту қабілеттерінің деңгейін сурдопедагог анықтайды. Психолог, дефектолог және логопед бала үшін оқытудың адекватты формалары мен шарттарын, оқыту мекемелерінің типін анықтайды.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2371 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...