Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дамуында ауытқуы бар балалардың педагогикалық тексерудің бағдарламасы



(С.Д.Забрамная бойынша)

Мазмұны Әдістері
1.Бала туралы жалпы мағлұмат. Аты-жөні, тегі, туған жылы. Арнайы білім беру мекемесіне қабылданған уақыты. Осыған дейін арнайы мекемелерде, бала-бақшада, жалпы білім беретін мектепте болды ма?(қай сыныпта және қанша жыл оқыды?)   Құжаттарды тексеру
2.Даму тарихы. Ата-анасының денсаулық жағдайы. Анасының жүктілік кезеңі қалай өтті? Бала уақытында туылды ма, туу жағдайы қалай өтті. Баланың ерте жасындағы даму ерекшеліктері. 1 жасына дейін қандай ауруларға шалдықты немесе травмалар алды ма? Ата-аналарымен әңгімелесу. Медициналық құжаттарды тексеру.
3.Жанұясы Жанұя мүшелері, олармен қарым-қатынасы, жанұясының материалдық жағдайы. Ата-ананың жұмысы. Жанұя мүмшелерінің балаға көзқарасы. Баланың жанұясында болуы, ата-аналарымен әңгімелесу.
4.Физикалық жағдайы. Физикалық дамуындағы ауытқушылықтар. Физикалық дамудың ерекшеліктері (бойы, салмағы, дене тұлғасындағы ерекшеліктер және т.б.) қимыл-қозғалысының бұзылысы, параличтер немесе парездер болды ма? Аталған балалар мекемесінің режиміне шыдай алады ма? Ойын, сабақ және т.б. уақытында баланы бақылау. Дәрігерлердің зерттеуі.
5.Таным әрекетінің ерекшеліктері. 1. Сезім мүшелерінің жағдайы (есту, көру, дәм сезу, иіс сезу) қабылдауында қателесулер болмайды ма (иллюзия, галлюцинация). 2. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері. Дыбыс айту ерекшеліктері және олардың сипаты, ауызша сөйлеу тілін түсінуі (нұсқау бойынша, түсіндіру бойынша). Сөздік қоры. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының қалыптасуы. Сұраққа толық жауап бере алады ма? Сөздері байланысады ма немесе жеке сөздермен түсіндіреді ма? Жазбаша сөйлеу тілін түсінуі (жазылған сөздерді, кітаптағы мәтіндерді, кестелерді және т.б.) 3. Зейін ерекшеліктері. Зейінін тез аударады ма? Зейінінің тұрақтылығы. Зейінін бөлу қабілеті. Бір әрекет түрінің екенші әрекет түріне ауыса алады ма? 4. Қабылдауының ерекшеліктері мен қабылдағанын түсінуі. Қоршаған ортасының жағдайын түсінеді ма? Қарапайым заттардың атауын біледі ма. Заттарды суреттегі бейнесімен сәйкестендіре алады ма? Заттарды жіктеп, топтай алады ма? Тыңдаған мәтінінің мазмұнын өзбетінше түсіне алады ма? 5. Есте сақтау ерекшеліктері. Қалай есте сақтайды? Есте сақтау қабілетінің қай түрі басым? (көру есте сақтау, моторлы, есту арқылы есте сақтау, «аралас»). Есте сақтау қабілетінің жылдамдығы (ұзақ уақыт есте сақтайды ма? Нені жақсы есте сақтайды: сандарды, фактілерді, баяндауды.) еске түсіру процесінің ерекшеліктері. 6. Жаңа материалдарды меңгеру ерекшеліктері. Заттардың кеңістік сипаты туралы түсінігі бар ма: ұзындық, биіктік, көлем, әріптерді біледі ма? Оқып жазып санай алады ма? Тақпақтар біледі ме? Оқығанын немесе естігенін айтып бере алады ма? Қол еңбегі, сурет салу, өз-өзіне қызмет көрсету дағдысының дамуы. Жаңа материалдарды меңгерудегі қиындықтары. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін жүргізілген педагогтың жұмысының нәтижесі. 7. Қызығушылықтары (жоқ, қызығушылығы төмен, шамадан тыс). Неге қызығады (еңбекке, ән айтуға, сурет салуға, би билеуге және т.б.)?   Медициналық құжаттарды зерттеу. Арнайы зерттеу. Баланың сөйлеу тілін бақылау. Баламен әңгімелесу. Логопедиялық тексеру. Жазба жұмыстарын зерттеу.     Баланың сабақта және сабақтан тыс уақыта бақылау.   Баланың сабақта және сабақтан тыс уақыта бақылау. Баламен әңгімелесу.   Баланы ойын және сабақ барысында бақылау. Баламен жеке әңгімелесу.     Сабақ барысында баланы бақылау. Сабақта орындаған жұмыстарын зерттеу.   Баланы әртүрлі сабақтарда және сабақтан тыс кезде, экскурсияда реттеу. Балалардың практикалық жұмыстарын зерттеу.  



Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1984 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...