Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық зерттеу



Мақсаты: Студенттерді дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық зерттеудің әдіс-тәсілдетімен таныстыру

Жоспар:

1. Дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық зерттеудің мақсаты

2. Психологиялық зерттеудің маңызы

Тірек сөздер: Соматикалық аурулар

Психологиялық зерттеу мақсаты, дамуында кемістігі бар балаларда маман дефектологтар арнайы психологиялық әдістерді қолданып жан-жақты тексереді. Психологиялық зерттеудің қорытындысы диагностикада психолого-медико-педагогикалық зерттеудің негізгі критериі болып табылады. Психологиялық зерттеудің мақсаты:

1. Баланың психикалық даму кемістігін анықтау, топтастыру және кемістігін даму, мазмұнын анықтау.

2. Арнайы оқыту және тәрбие жұмысы жағдайында шамасын және кемістігін толтыру мерзімін жобалап анықтау, демек кейбір сақталған функциялармен кемістігінің орнын толтыруға бола ма, баланың толықтыру кезінде даму жылдамдығы қалай болады. Қандай көмек, қандай мөлшерде осы мәселені шешуге болады.

3. Дамуында кемістігі бар балалардың қай арнайы мекемеде және оқытудың қолайлы түрін анықтау. Психологиялық зерттеу психолого-медико-педагогикалық кеңестін зерттеу бойынша: балаға жан-жақты даму ерекшелігіне баға қоюға жағдайды жасайды. Психологияда дамуында кемістігі бар балаларға диагностика жасау үшін: баланың нерв жүйесі жайында мінездеме; оның соматикалық психологиялық даму дағдыларын өз жасына сай медициналық, психологиялық, педагогикалық логопедтің толық талдау жасау қажет. Баланың психологиялық дамуының бұзылуы биологиялық, социологиялық сипаттарға себептеліп немесе жеке бұзылу сияқты нерв және нерв психологиялық соматикалық аурудың салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан да дифференциалды диагноз жасаған кезде дәрігерлер психоневролог, дефектолог қатысады. Сонымен мамандар арасындағы тығыз байланыс дамуында кемістігі бар балаларды жалпы жан-жақты тексерумен сипатталады.

Дамуында кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесі жан-жақты балаларды зерттеу, әдісімен сәйкес келеді. Әрбір маман дамуында кемістігі бар балаларды жан-жақты тексеру кезінде профессионалды кәсіби зерттеп, дамуында кемістігі барбалаларды психологиялық зерттеу медициналық тексеруден кейін анықтамаларын
негізгі ала отырып жүргізіледі. Сонымен мамандар арасындағы тығыз байланысты кеміс балаларды жан-жақты тексерумен сипатталады





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 5819 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...