Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Ерте психодиагностика проблемалары



Мақсаты: Студенттерге ерте психодиагностикалау проблемалары жайында мағлұматтар беру

Жоспар:

1. Қалыпты балалардың даму ерекшеліктері

2. ПДК балаларға сипаттама

Тірек сөздер: ПДК

Баланың психологиялық зерттеу жұмыстар мамандардың сапаларын, өз саласындағы жоғары білімді қажет етеді. Диагноз қою кезінде дәрігер психологтар, неврапатологтар, дефектологтар, сурдопедагогтар маңызды рөл атқарады, ол баланың интеллектуалды дамудың ерекшеліктерінің деңгейін, ерік жігер сферасының, баланың тұлғасының ерекшеліктері-психолог, педагог-дефектологтар анықтайды және баланың білім деңгейін, дағдыларын, қабілеттерін бағалайды. Сөйлеу тілінің бұзылысын, даму деңгейінің ерекшеліктерін логопед анықтайды. Есту қабілеттерінің деңгейін сурдопедагог анықтайды. Психолог, дефектолог және логопед бала үшін оқытудың адекватты формалары мен шарттарын, оқыту мекемелерінің типін анықтайды.

1866 жылы бастап қазіргі кезде дейін психиканың дамуының әлсіз көріну проблемасы мектептен үлгермеуі нейрофизикалық себептерге сүйене отырып М.С.Певзнер ПДК-ның түрлерін анықтады. Жалпы мектепте оқитын бастауыш сыныпта оқитын балаларды сабақ үлгерімнің нашарлауы педагог, психолог, медицина жұмысшы назарын аударды. Бұл балаларды ақыл-ойы кем балаларға жатқызуға болмайды. Бұл балаларды арнайы жеке топқа бөліп қарастырды. Бұл топтағы балаларды ПДК тұлға қалыптасуын дамудағы назар аударды. Себептері:

-жүктіліктің қолайсыз жағдайы -туу кездегі патологиясы -қолайсыз әлеуметтік жағдай -ғылыми зерттеу нәтижесі

Бұл түрлерге сезгіш тән клиниканың структурасы өзіндік этиология ерекшеліктері бар -конститутциалды -соматогенді -психогенді -церебральді

Конститутциалды ПДК-ны гармониялық инфантилизм деп те атайды. Кіші мектепте ерте жастағы даму деңгейі белгілерімен сипатталады. Бұлардың көніл-күйі жоғары. тез сенгіш, эмоциясы тұрақсыз, оқуында көп қиындықтар кездеседі. Бұл баланың ойынға тез иланғыштығы, ұнаған заттарын ғана орындауға анықталған.

Соматогенді ПДК. Бұл ұзаққа созылған соматикалық даму нәтижесінде пайда болу. Ұзаққа созылған инфекция, аллергия, туа пайда болған. Бұл балада психикалық даму тембрінің баяулығы тұрақты астения нәтижесінде психологиялық тонусқа төмендейді. Бұл балаларда эмоционалды дамуы да кешеуілдейді

Психогенді ПДК Бұл дұрыс тәрбиеленбеуі, нәтижесінде жеке тұлғаның дұрыс қалыптаспауынан болады. Яғни қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан осының нәтижесінде психикалық нервінің бұзылу жағдайында болуы, эмоцияның бұзылуы. Церебралды ПДК Эмоциялық жігермен, таным әрекетінің бұзылуымен көрінеді.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2248 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...