Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар



2004 жылдың алдын ала қорытындылары.Кейінгі бірнеше жыл бойы инфляция аса жоғары емес біршама тұрақты деңгейде – жылдың аяғында есептегенде 6-7% шегінде қалып отыр (2001 жылы – 6,4%, 2002 жылы

– 6,6%, 2003 жылы – 6,8%). Сондай-ақ 2004 жылдың аяғында инфляция осы шекте қалыптасып, 6,7% болды. Инфляцияны осы шекте сақтауға жоғары тұтынушылық сұраныспен жəне инвестициялық белсенділікпен бірге елеулі экономикалық өсу ықпал етеді. 2000 – 2004 жылдар аралығындағы кезеңде, бағалау бойынша, нақты жалақы 60%-ға жəне негізгі капиталға инвестициялар– 5,5 еседен астам ұлғаяотырып, ЖІӨ нақты алғанда 63%-ға өсті. 2004 жылы инфляция динамикасына тəн ерекшеліктердің ішінен өткен жылдардағы сияқты, айқын көзге түскен “озаты” болмағанмен, барлық тұтынутауарлары мен қызмет көрсету бойынша бағалардың іс жүзінде бірқалыпты өсу байқалды, сондай-ақ жаз айларында бағалардың маусымдық төмендеуі орын алған жоқ. Бағалардың төмендеуінекедергі келтіретін фактор мұнайдың əлемдік жоғары бағалары жəне көрші елдердегі– негізгі сауда əріптестеріндегі тұтыну бағаларының неғұрлым жоғары өсуі арқылы пайда болатын инфляция “импорты” болып табылады. Экономикада инфляциялық астардың сақталуына ақша агрегаттарының едəуір өсуі ықпал етті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2004 жылы ақша базасының 82,3%-ға 577,9 млрд. Теңгеге дейін ұлғаюына алып келді. Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін белсенді кредит саясаты 2004 жылы ақша массасының 68,2%-ға 1634,7 млрд. Теңгеге дейін өсуіне себеп болды. Осы кезеңде айналыстағы қолма-қол ақша, ең бастысы, тұтыну сұранысының өсуі салдарынан 59%-ға 379,3 млрд. Теңгеге дейін өсті. Инфляцияның төмендеуін тежеуге Қазақстанға экспорттан жəне капиталдың əлемдік нарықтарында қарыз алу арқылы

Шетел валютасының едəуір əкелінуі ықпал етті. Тауарлар экспортының рекордтық көрсеткіштері резиденттердің ағымдағы операциялары бойынша жоғары қарқынмен өскен шығыстарының орнын толығымен өтеді жəне тұтастай алғанда ағымдағы операциялар шоты бойынша оң балансты қамтамасыз етті. 2004 жылғы 9 айдың қорытындысы бойыншаағымдағы операциялардың оң сальдосы 232 млн. АҚШдолл. астамболды. 2004 жылы АҚШ долларына қатынасы бойынша теңге бағамының нығаю үрдісі жалғасты. Өткен жылы ол номиналдық көрсетуде 9,3%- ға нығайды, бұл инфляциялық процестердің баяулауына ықпалын тигізді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің нақты айырбас бағамының айтарлықтай нығаюына жол бермеу үшін, сондай-ақ бағам ауытқуларын жұмсарту үшін ішкі валюта нарығына сатып алушы ретінде қатысты. Тұтастай алғанда 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасын таза сатып алуының Көлемі 3,6 млрд. АҚШдолл. болды. Нəтижесінде 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 87,1%-ға 9,3 млрд. долл. Дейін ұлғайды. Инфляцияның өсуіне жол бермеумақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасын сатып алуы, негізінен, қысқа мерзімді ноталар шығарумен, репо операцияларын жүргізумен жəне банктерден депозиттер тартумен реттеліп отырды. 2004 жылы айналыстағы ноталар көлемі іс жүзінде екі есе (99,5%- ға) 369,1 млрд. Теңгеге дейін, жүргізілген репо операцияларының көлемі– 60,1%-Ға 782,4 млрд. Теңгеге дейін,Тартылған теңгелік депозиттердің көлемі– 2,5 есеге 775,7 млрд. теңгеге Дейін ұлғайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2004 жылы инфляцияның өсу қарқынын тежеу үшін ресми Ставкалардың реттеуші ықпалдарын күшейту жөнінде шаралар қабылдады. Атап айтқанда, 2004 жылдан бастап қайта қаржыландыру ставкасының экономикалық ролін арттыру үшін вексельдерді қайта есепке алу ресми қайта қаржыландыру ставкасына сəйкес вексель айналысының өз жүйесін қатар дамыта отырып жүргізіледі. Өткен жылдарға тəн ресми ставкаларды инфляцияның төмендемеуі жағдайларында біртіндеп төмендету саясаты оларды тұрақтандыру жəн арттыру саясатына ауысты. 2003 Жылдың аяғындағы деңгейде: Қайта қаржыландыру ставкасы (7%), Ең аз резервтік Талаптардың нормативі (6%) Сақталды. 2004 Жылдың ішінде репо операциялары бойынша ресми ставканың түрлі бағыттағы динамикасы болды. Тамызда Оның деңгейі 4,5%-Дан 3,5%- Ға дейін төмендеді, Сонымен бір уақытта дəліздің рұқсат етілген ауытқулары ±150 Базистік тармақтан ±200 Базистік тармаққа дейін кеңейді, ал қазан– Желтоқсан аралығында бұл ставка 4,25%- Ға дейін біртіндеп жоғарылап, дəліздің рұқсат етілген ауытқулары ±200 Базистік тармақта сақталды. «Овернайт» заемдары бойынша Ресми ставка8,0%-Дан 8,5%-Ға дейін ұлғайды.

59 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек.

Жұмыссыздар олар республикамыздың ұлттық заңында қабылданған белгiлi бiр жасқа жеткен, яғни 16 және одан асқан адамдар, қарастырылып отырған кезеңде оларда жұмыс болмаған, жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен және өз бетiнше жұмыс iздеген және оған дереу кiрiсуге әзiр адамдар. Жұмыссыздарға жатқызған кезде мына 3 өлшем сақталуы тиiс:
1. 16 жас және одан асқан ересек адамдар;
2. жұмысы болмаған, бiрақ жұмыс iстеуге әзiр адамдар;
3. жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен және өз бетiнше жұмыс iздеген және оны дереу iстеуге дайын адамдар.

Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады:

Фрикциондық жұмыссыздық — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.

Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.

Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.

Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.

Жұмыссыздықхалықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі алдағы жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Алдағы жылдары Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялык өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік - экономикалық және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу мәселесі күнделікті және тоқтаусыз шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік (2001 2003 жж.) және қысқа, әрбір кезекті жылға арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 553 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...