Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дағдарыс жағдайындағы тәуекел –менеджментінің ролі



Ұйымда кез келген жағдайда дағдарыс қауіптілігі болады, дағдарыс байқалмаса да. Бұл басқаруда тәуекел бар болумен, әлеуметтік экономикалық жүйе циклымен дамитындығымен, басқарылатын және басқарылмайтын процестер арақатынасының өзгеруімен, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзгеруімен анықталады. Дағдарысқа қарсы басқару бұл дағдарыс қауіптілігін алдын ала болжау, олардың симптомаларын талдау, дағдарыстың кері әсерін төмендету бойынша шараларды басқару және олардың факторларын ары қарай дамытуға қолдану.Дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі бірінші адам факторымен анықталады. Адамның саналы түрдегі қызметі дағдарыстық жағдайдан шығу жолдарын іздеп табуға, күрделі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне әсер ететін, яғни менеджердің бұл жерде маңызды орын ала отырып, әсер ететін факторлар:

1) Дағдарысқа қарсы басқару профессионалдылығы және арнайы дайындық. Мұнда басқару профессионалдылығымен қатар профессионалды білім қажет.

2) Табиғаттан берілген және арнайы дайындық процесінде жинақталған басқару өнері. Көптеген дағдарыстық жағдайда жекелеген басқару өнері дағдарыстан шығудың шешуші факторы болып табылады.

3) Тәуекелдік шешімдерді өңдеу әдістемесі.

4) Жағдайды ғылыми талдау, тенденцияларды болжау.

5) Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің маңызды факторы болып корпаративтілік табылады. Корпаративтілік бұл ішкі потриотизм және энтуазизм.

6) Лидерлік бұл тек менеджердің жеке қасиеті емес, ол бүкіл басқару жүйесінің сипаты.

7) Оперативтілік және басқару икемділігі.

8) Дағдарысқа қарсы бағдарлама сапасы және стратегия.

9) Адам факторы. Мониторинг жүйесі. Ол дағдарыс төнуінің ықтималдылығын анықтау бойынша арнайы ұйымдасқан қызметті білдіреді.

Дағдарысқа қарсы менеджментіндегі тәуекелді басқару процесі, яғни менеджердің дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда мынадай іс әрекеттерге негізделе отырып шешім шығаруы керек:

· Информациялық талдау – жаңа тәуекел көздерін табу үшін және белгілі тәуекел факторларына ішкі және сыртқы ортаға маниторинг жасау.

· Жағдайды диагностикалау – зиянды бағалау үшін, тәуекелдің өзгеруін бағалау үшін қолданылады (математикалық, статистикалық, интуитивные).

· Шешім нұсқаларын әзірлеу - барлық нұсқалары үшін шешімнің шегін анықтайды (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық бағалаулар жүргізіледі).

· Шешімді қабылдау (обоснование параметров допустимого риска, разработка системы ответственности).

· Ұйымдастыру және өткізу (жоспарлау, реттеу, бақылау, тәуекел шешім жасау үшін каманда құру).

· Тәуекелді басқару:

· Стратегиялық басқару (ұйымның риск – менеджерінің стратегиясын, мақсатын, функциясын, міндетін әзірлеу)

· Тәуекел шешімін қабылдау критерии (тәуекел шегін анықтау, жоғалтулар өзгерісінің динамикасы (өсу немесе төмендеу, сату көлеміне байланысты, шығын көлеміне байланысты, баға өзгерісі және инфляция).

· Жоғалтуларды минимизациялау (тәуекелділікті сақтандыру)

· Тәуекел деңгейін бағалау, тәуекел шешімінің нәтижелігіне оның әсерінің көлемі.

Менеджер тәуекел шешімді жасаған кезде өзінің біліміне, тәжірибесіне, интуициясына сену керек. Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, менеджер дағдарыс жағдайында тәуекелді төмендетіп қана қоймай сонымен қатар толық алып шығып кету мүмкіндігіне немесе оны сақтандыруына мүмкіндігі бар екен.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 946 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...