Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Отандық компаниялар үшін қаржылық тәуекелі басым секторлар



«Тәуекел деген жел қайық,өтерсіңде кетерсің» демекші, тәуекел мүмкін болатын нәтижеге деген сенімсіздікті білдіреді. Біз тәуекелмен күн сайын кездесеміз. Тәуекелдің барлық түрлері үшін белгісіздік факторы тән болып табылады. Тәуекел жағдайын сезіну арқылы адамда тәуекел жағдайын максималды шектеуге немесе жоюға бағытталған шешімдер пайда болады. Яғни, қаржылық тәуекелдер - қаржы ресурстарының, яғни ақшалай қаражаттардың шығындарының ықтималдығымен байланысты.Бұл дегеніміз,залалдың пайда болу ықтималдығы, жоспарланған кірістің пайдадан кем түсуі.

Еліміздегі көптеген компаниялар негізінен мұнай,газ,энергетика секторларында басымырақ тәуекелге ұшырап отырады. Сондықтан біз осы сала бойынша отандық компаниялардың қаржылық тәуекелдеріне тоқталып өтеміз.Атап өтетін болсақ: «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақмыс» АҚ т.с.с.

Қазақстандық экономика халықаралық қаржы рыноктарының ауытқуларына және әлемдік экономика өсуінің қарқынының төмендеуіне сезімтал. Халықаралық қаржы дағдарысы капитал рыногының тұрақсыздығына, банк секторында өтемділіктің жетіспеушілігіне, сондай-ақ теңге бағамының ауысуына әкелді. Капиталды сенімділігі жоғары банктерде орналастыруға қол жеткізу мүмкіндігіне және Компания үшін осы орналастыру құнына қатысты кейбір белгісіздіктер бар, ол өз кезегінде оның қаржы жағдайына, қызмет нәтижелері мен жоспарына әсер етуі мүмкін. Халықаралық қаржы дағдарысының жалғасуы Компания өнімдерін тұтынушылардың төлей алушылығына теріс әсер етуі мүмкін, бұл оның табысы мен өтемділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Еліміздің белді компанияларында көбіне кездесіп отыратын қаржылық тәуекел классификациясы мыналар:

Валюталық тәуекел - Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне түрлі бағытта әсер ететін валюта бағамдарының ауытқуы.Компания табысының елеулі бөлігі АҚШ долларында аталған немесе АҚШ долларына байланысқан. Компания шығындарының бөлігі шетел валютасында көрсетілген немесе басқаша үлгіде теңгеге қатысты шетел валютасы бағамдарының ауытқуларына байланысты болады (негізінен АҚШ доллары, аз деңгейде евро және рубль. Қазіргі уақытта Компанияның ағымдағы шығындарының үлкен бөлігі теңгеде белгіленген бағалар бойынша төленеді.

Доллар бағамының артуы мұнайдың барынша рентабельді экспортын жасайды.Пайыздық мөлшерлемелердің және валюта бағамының өзгеруінің теріс әсері туындаған жағдайда Компания өз қызметін теріс салдарларды төмендету үшін жүзеге асыратын болады:

· банк-серіктестер шеңберін кеңейту, бәрінен бұрын ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысынан аз зардап шеккен институттар есебінен;

· Компания қызметінің негізгі пайыздық мөлшерлемелерден тәуелділігін азайтуға мүмкіндік беретін сауда қаржыландыру аспаптарын (аккредитив, кепілдіктер барынша көлемді пайдалану.

Компания қазіргі сәтте көрсетілген тәуекелдерді хеджирлеуді жасамайды, бірақ әр нақты жағдайда өз міндеттемелерін толық және мерзімінде орындауға кепілдік беретін қаржы тәуекелдерін басқарудың ішкі аспаптары мен резервтерін пайдаланады.

Көрсетілген қаржы тәуекелдерінің әсері нәтижесінде барынша өзгеруге түсетін Компанияның қаржы есебіндегі мына көрсеткіштер: таза табыс,ақша,өзіндік құн,дебиторлық қарыз.

Инфляциялық тәуекел- Компания өзінің негізгі қызметін қазақстанда жүргізеді және есеп айырысулар үшін негізгі валюта ретінде теңгені пайдаланады. Еңбекақыны төлеумен, электр энергиясына арналған шығындармен, логистикалық қызметтер құнымен байланысты шығындар теңге құнсыздануына сезімтал.

Несие тәуекелдері - Компанияның қаржы ағымдарына қызмет ететін қаржы институттарынан бастап және дайын өнімді сатып алушылар мен Компанияға түрлі қызметтер көрсететін контрагенттермен аяқталып контрагенттермен материалдық және ақша ағындарының қозғалысымен байланысты операциялар түседі.Компания қазынашылығымен іске асырылған ақша қаражаттарын басқарудың тиімді орталықтандырылған жүйесі несие тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Экономикалық тәуекелдер: Қазақстан экономикасы әлсіз әртараптандырылған және шикізат тауарларына арналған әлемдік бағаларға елеулі тәуелді. Шикізатқа әлемдік бағалардың елеулі және ұзағынан құлдырауы шикізат компанияларының табысының құлдырауына, сондай-ақ әрі қарай барлық экономиканың экономикалық құлдырауына әкелуі мүмкін;

· Экономиканың ескірген инфрақұрылымы Компания бизнесінің тиімділігіне елеулі түрде теріс әсер етуі мүмкін;

· Тауарлар мен қызметтерді сатып алу саласында қолданыстағы заңнама материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен логистика тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді;

· Жеткізушілер мен мердігерлер арасында әлсіз бәсекелестік орта компания көрсететін жұмыстар мен қызметтер сапасын елеулі төмендетеді.

· Қазақстандық қаржы жүйесінің даму деңгейі бос ақша қаражаттарын орналастыру шарттарын нашарлата алады (барынша әрі қарай қаржы тәуекелдерін қара).

Нарықтық тәуекелдер -нарықтық санаттарға мұнайға бағалардың өзгеруі, валюта бағамдары, пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз әсерінен болатын тәуекелдер жатады (валюта тәуекелдері мен пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелдеріне қатысты ақпаратты толық қаржы тәуекелдері бөліміне қара).

Компания ішкі және сыртқы рыноктарда мұнайды көтерме жеткізулерді жүзеге асырады. Ішкі және сыртқы рыноктар үшін негізгі мүмкін нашарлаулар бірқатар факторлар салдарынан елеулі волатильдікке ие мұнайға бағалардың төмендеуі болып табылады: сұраныс пен ұсыныс балансы, негізгі мұнай Өндіруші елдер әсері мен саясаты, энергия тасымалдаушыларды Өндірудің негізгі өңірлерінде саяси жағдай. Мұнайға әлемдік бағалардың төмендеуі елеулі деңгейде Компанияның қаржы көрсеткіштерін нашарлатуда көрініс табады.

Компания осы сәтте мұнайға бағалардың төмендеу тәуекелін хеджирлеуді жасамайды, бірақ әр нақты жағдайда осы тәуекелдің теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін шығындарды басқарудың ішкі аспаптарын пайдаланады.

Салық тәуекелі -ҚР салық жүйесі жуырда қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге қатысты құқық қолданатын практиканың шағын көлемдерімен сипатталады. Ол сондай-ақ заңнаманы бұрыс түсінуге негізделген салықтар, айыппұлдар мен өсімпұлдарды асыра есептеу тәуекелімен сипатталады. Осы факторлар Компанияның салық шығындарын жоспарлауды қиындатады. Компания менеджменті Салық кодексінің өзінің және оған түзетулердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарға қатысуға негізделген, көрсетілген тәуекелді азайту бойынша іс-әрекеттер әзірлейді. Бұдан басқа Компания өз мүддесін соттарда қорғайды.

Кедендік бақылау ережелері мен баж салығының өзгеруі - Компания сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратындықтан, кедендік бақылау ере-желерін өзгерту, кедендік баж салығының құбылмалығы, баж салығын есептеудің мөлдір формуласының болмауы Компанияның қаржы нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін.Сонымен бірге Компания ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгерістерге тұрақты мониторингті жүзеге асырады және көрсетілген өзгерістермен байланысты тәуекелдерді азайтуға әсер ететіндей оларды өз қызметінде ескереді.

Инывестициялық тәуекелдер - Компанияның инвестициялық қызметіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

· Қазақстанда құрлықта сатып алу үшін қол жетімді жаңа активтердің шектеулігі.

· Ірі халықаралық мұнай-газ компаниялары тарапынан мұнай-газ активтеріне қол жеткізуде бәсекелестіктің артуы.

· ҚМГ БӨ Қазақстанға теңіз жобаларына қатысу мүмкіндігін беретін меншікті тиімділігі жоғары сервистік сараптаманың, сондай-ақ тартымды шетел жобаларында жоқтығы;

· Қолданыстағы кен орындарын қазу немесе мұнай мен газдың дәстүрлі емес көздерін қазу тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдану саласында меншікті сараптаманың шектеулігі немесе болмауы.

· Жаңа активтерді бағалау және тиімді басқару үшін техникалық және білікті еңбек ресурстарының болмауы.

· Сатып алу үшін активтерді таңдау процесінің мөлдір еместігі.

Бұдан басқа, ҚМГ БӨ Қазақстан Үкіметі бақылайтын ірі мұнай-газ өндіруші компания болып табылады. Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тұлғасында мемлекет пен ҚМГ ҰК бүтін мемлекет мүддесінде ҚМГ БӨ акционерлерінің мүдделеріне қайшы келетіндей ҚМГ БӨ әсер ете алады.

Осы барлық факторлар жеке және бірігіп жобалардың тартымдылығын жете бағаламауға/асыра бағалауға, тиімсіз инвестициялық шешімдерге әкелуі мүмкін, бұның салдарынан қорлар деңгейі қысқарып Компания құны құлдырайды.

Қазақстан қор биржасында белсенді 7 компания бар. Олар: «Қазақмыс», «Казкоммерцбанк», «Халық банкі», «Трансойл», тағы басқа. Аталған компаниялардағы «ауа райын» күнделікті қадағалап отырамын. Енді ол құбылмалы, ойнап тұрады, бірақ акциялардың бағасы айтарлықтай төмендеп кеткенін әзірге көрмеппін. «Халықтық IPO» акцияларын көбіне қаржы саласының мамандары, зейнеткерлер мен мемлекеттік қызметкерлер жиі сатып алатын. Өткен ғасырдың 90-жылдары барлық мемлекеттік мекемелер акционерлік қоғамға өткен кезде сол жердегі қызметкерлерге акцияларын «алсаң да аласың, алмасаң да аласың» деп, әсіресе, мұнай компаниялары мен «Қазақ-телекомда» жұмыс істейтін адамдарға акцияларын үлестірді ғой. Қазіргі кезде солар белсенді жұмыс істейді. Өйткені оның пайдасы бар екенін көрді.

Отандық компания түрлі қаржы тәуекелдеріне түсуі мүмкін, олардың арасында валюталық, құнсыздану тәуекелдері, орналастырылатын уақытша бос ақша қаражаттары бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі, несие және салық тәуекелдерін атап кетуге болады. Олардың болу ықтималдығы мен қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету деңгейі Компаниямен тұрақты бағаланады және даму жоспарларын әзірлеу кезінде ескеріледі.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1355 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...