Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аржылық дағдарыстың себеп-салдарлары



Әлемдік экономиканың бүгінгі арбасы алға сүйреудің орнына кегежесі барған сайын кері тартып барады. Тілінің киесі бар сарапшылар мен экономистердің айтуынша, әрбір ел өзінің алдағы экономикалық құлдыраулары мен мүмкін болатын дағдарыстарын қазірден бастап болжап, соған байланысты шараларын жасай бастады.

Қазіргі уақытта қалың жұртты мазалап отырған басты сауал осы. Күтіліп отырған дағдарыс мәселесіне қатысты білікті сарапшылардың болжамдары әр түрлі болғанымен, айналып келгенде, бәрінің ортақ арнаға келіп тоғысатын пікірлері бірдей, ол — дағдарыстан не бел, не белбеудің кететіндігі, яғни бұл жолғы дағдарыстың аса қиын болатындығы. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, қазіргі күні әлемдік экономикада АҚШ пен ЕуроОдақтың экономикасы маңдайы жарқырап алда тұр екен. Егер «кәрі» құрлықтың экономикасы рецессияға ұшыраса, бұл біздің экспортымызды 55 пайызға қысқартып, мұнай, металл, химия өнімдері сынды негізгі экспорттық тауарларымызға деген сұранысты азайтады. Бір-бірімен банктік жүйеде өте тығыз байланыстағы Еуропа мен АҚШ-тың қаржы саласы құрдымға құласа, бұл әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасын төмендетеді. Ал біздің экспортымыздың 50 пайызын мұнай құрайтындықтан, бұл ел экономикасына айтарлықтай залал келтіреді. Дағдарысқа қасқайып қарсы тұра алу үшін, ең алдымен экономиканы сауықтыру қажет.

«Біз – болашағымызды болжап отырған елміз», - деп елбасымыз айтқандай, болашақты болжау өте ауыр, бірақ біздің еліміз соңғы 20 жылда көптеген экономикалық өмір циклын бастан кешті. Осы экономикалық өрлеу кезінде дағдарыс та орын алды. Әрбір елге уақыт өте келе күшті әсер ететін экономикалық құбылыс – дағдарыс.

Тарихқа көз салсақ, еліміз қауіпті қаржылық дағдарыстарды басынан өткізген.

Алғашқы кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере құлдырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады. 90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру;

Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: РФ-мен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993-94 ж. және 1995 жылдың басында біршама өсті, инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: жалпы құлдырау 38,2% болды. 90-жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi аз ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ұшықтыра түстi. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

Азия қаржы дағдарысы – 1997 ж. шілде айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде орын алған экономикалық дағдарыс. Бұл дағдарыс 90-жылдары әлемдік экономиканы қатты күйзеліске ұшыратты. Дағдарыстың басты себебі – үлкен көлемде капитал ағынының келуіне, мемлекеттік және корпоративтік қарыздардың көбеюіне, экономиканың «қызып кетуіне» және жылжымайтын мүлік нарығындағы серпіліске әкелген «Азия жолбарыстары» экономикаларының аса шапшаң қарқынмен өсуі. Азия қаржы дағдарысы Таиландта басталды. Таиланд сыртқы қарызы өте үлкен мөлшерде болғандықтан, өз міндеттемелерін орындай алмады. Келесі айдың ішінде дағдарыс Индонезия, Малайзия және Оңтүстік Корея елдеріне тарады. Индонезия, Оңтүстік Корея мен Таиланд елдері дағдарыстан ең қатты зардап шекті. Аталған экономикалардың барлығына 1997-1998 жж. ұлттық валюта бағамының түсуі, қор индекстерінің төмендеуі, инфляцияның өсуі, корпоративтік қарыз мөлшерінің артуы және корпорациялардың аты шулы банкроттықтары тән болды. 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге бағытталды. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 567 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...