Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Р-ның қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері



2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.

Банк секторы 2008 жылдың екінші жартысында басталған дағдарыстың екінші «толқынынан» елеулі қысым көрген отандық қаржы секторының негізгі сегменті болып қала берді. Атап айтқанда, сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегия­сын қаржыландырған ЕДБ өткен жылы өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы халықты кре­диттеу көлемінің төмендеуіне алып келді. Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс сек­торларын кредиттеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субъектілерін кре­диттеу де барынша азайды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар кредит­теу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің кредиттік портфелінің сапа­сына кері әсер етті.Кредиттік портфель сапасының нашарлауына жауап ретінде резервтеу деңгейінің өсуі мен маржаның кему үрдісі банк сек­торын капиталдандыруға қысым жасай отырып, банк бизнесінің рентабельдігі мен тиімділігінің төмендеуінің басты факторлары болып табылады.

2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.

Меншікті немесе қарыз қаражатын үлестік құрылысқа салған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы 184,7 млрд. теңге бөлінді.

Шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 135 млрд. теңге жіберілді.

Осы шараларға қосымша өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.

Бірінші кезекті шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21,8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды.

Сонымен, ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстанның банк жүйесінің құрылымдық проблемалары­на әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары бо­луымен түйінделген оның қызметіне және дамуы­на ықпалын күшейтті (банк секторының жиынтық міндеттемелеріндегі сыртқы міндеттемелердің үлесі – 44,9%, тартылған депозиттерге берілген кредиттер қатынасының көрсеткіші тиісінше 30% және 1,5-ке тең, олардың оңтайлы мәндері 2-ге жетті). Агенттіктің банк секторының тәуекелдерін шектеу жөніндегі іс-шаралар кешенінің іске асырылуына қарамастан, қазақстандық банктердің тәуекелдерді басқару практикасы кредиттік портфельдің доллармен толығуының жоғарғы деңгейіне және қазақстандық банктерді трансшекаралық кредиттеуге, бағалардың тұрақсыздығы тәуекеліне ұшырампаз салалар мен сег­менттерге берілген кредиттердің жоғарғы деңгейіне қолдау көрсету жағдайларында қалыптасқан ағымдағы стандарттардың кемшіліктерін көрсетті.

Соңғы жылдарда қаржы секторының басқа сегменттерінің қарқынды өсу жағдайында жылдам дамыған Қазақстанның сақтандыру секторы, әсіресе сақтандыру қызметін тұтынушы ретінде банк секторы 2008 жылы өзінің даму қарқынының баяулағанын көрсетті. Соны­мен қатар, сақтандыру нарығы қаржы нарығының басқа секторларына қарағанда әлемдік қаржы дағдарысының әсеріне орнықтылық танытқанын атап өткен жөн. Биржа бағамдарының төмендеуі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының рентабельдігінің көрсеткішіне елеусіз ғана ықпал етті, себебі кірістің негізгі көзін сақтандыру қызметінен алынған кірістер құрайды. Сақтандырудың жинақтаушы түрі инвестициялық кірістердің төмендеуіне барынша сезімтал болып табылады, ол қазіргі уақытта біздің республикамызда кеңінен дамыған жоқ.

Қазақстандық ЖЗҚ портфельдері шетелдердегі ЖЗҚ портфельдері сияқты әлемдік, сондай-ақ ішкі қор нарығындағы күйзелістерге өте сезімтал екенін та­нытты. Сонымен, 2008 жылғы қыркүйекте алғаш рет Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс атқара бастағаннан кейін жинақталған зейнетақы қаражатының төмендеуі тіркелді, бұл ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдеріндегі бағалы қағаздарға нарық бағамына теріс тренд берілуіне байланысты және қаржы нарығындағы құбылмалықпен байланысты инвестициялық кірістің қысқаруымен түсіндіріледі.

Қорытындылай келе, Тұтастай алғанда тұрақтандыру шараларын іске асырудан Қазақстан экономикасы қосымша 2 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алады, олардың ішінде, мыналардың есебінен:

Ұлттық қор қаражаты – 1 200 млрд. теңге;

Ұлттық Банк шаралары – 350 млрд. теңге;

жаңа Салық кодексін қолдану шеңберінде салықтық жүктемені төмендету – 500 млрд. теңге;

Стресті активтер қорын құру – 122 млрд. теңге.

2007 – 2008 жылдары қабылданған шаралардың және Жоспарды іске асырудың нәтижесінде Қазақстанда 2009 – 2010 жылдары ЖІӨ-нің нақты өсімі жылына 1 – 3 % деңгейінде күтіледі. Инфляция деңгейі 2009 және 2010 жылдардың соңына қарай 7 – 9 % шегінде ұстап тұрылатын болады. Алдағы екі жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 8%-дан аспайды.

Тұтастай алғанда, 2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өсті.

56 ҚР-дағы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары (эссе)

1993 жылы Қазақстан Рес­­пу­бликасы Жоғарғы Кеңесінің Қау­лысымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ту­ра­лы» және «Қа­зақ­стан Республи­ка­сын­да­ғы банктер жө­нін­дегі» Заңдар қол­да­нысқа енгізілді. Осы кезеңнен бастап тәуелсіз еліміздің қар­жы жү­йесінің есебі басталды. Сөз жоқ, отан­дық қаржы жүйесінің құрылу та­рихындағы басты оқиға – 1993 жыл­дың 15 қа­ра­ша­сын­да ұлттық ва­лю­­тамыздың ай­на­лым­ға шыға­рылуы. Осы уақыттан бастап төл теңгеміз бірта­лай қиын-қыстау ке­зең­ді бастан кешірді: Оңтүстік-Шығыс Азия және Ресейдің қар­жылық дағда­ры­сы, АҚШ-тың ипоте­ка­лық дағ­да­рысының ықпалына ұшырады, ха­лық­аралық нарықтағы мұнай сияқты энер­гетикалық ресурстар бағасының күрт құ­лауы мен көтерілуі секілді сын­дарлы сәт­тен өтті.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елі­міз­де бірнеше нәтижелі эко­но­ми­ка­лық реформа жүргізілді, соған сәйкес на­рықтық қарым-қатынастың даму дең­гейі жақсарып, жоғары тұрақты эко­номикалық өсімге қол жеткіздік. Осы жағынан алғанда, еліміздің эко­но­микалық өркендеуі Ұлттық банктің қар­­жы жүйесін дамыту бойынша, әсі­ре­се ба­ға тұрақтылығына бағытталған ақ­ша-не­сие саясатына қатысты қыз­ме­тімен де бай­ланысты деп айтуға бо­ла­ды.

Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі банк сек­торындағы оң құбылыс ре­тін­де несие­лен­­дірудің қалыпқа келтіруін баса айта кету ке­рек. Егер 2010 жыл­дың қорытындысы бо­йынша екінші деңгейдегі банктердің ел эко­номи­ка­сын несиелендіру жағынан бел­сенділігі тө­мендеп кеткен болса (-07%), ал 2011 жылы осы теріс тенденцияны бұ­зу­ға мүм­кіндік туындады. 2011 жыл­дың 10 айы­ның қорытындысы бойын­ша не­сие­лендіру өсімі 11,2 пайызды, яғ­ни 8,4 трлн тең­гені құрап, ол ел эко­но­микасындағы дағ­дарыстық құ­бы­лыс­тарды еңсерудің көр­сеткіші бола ал­ды. Бұл арада ұлттық ва­люта сипа­тын­да несиелендіру үлесінің ба­рынша артып келе жатқанын айрықша атау ке­рек. 2010 жылдың желтоқсанында ұлт­тық валютадағы несиенің үлесі 57,7 па­йыз­ды құраса, ол 2011 жылдың қазан айында 63,7 пайызға жеткен екен.

Сол жылы Ұлттық банктің ҚР-дағы ақша-не­сие сая­сатының басты бағыттары әзір­ленді. Бұл құ­жатта ақша-несие сая­сатының басты ал­ғышарттары, ел эко­номикасының даму сце­нарийі, басты макроэкономикалық көр­сет­кіштердің болжамы (инфляция, ақша қо­­сынды көрсеткіштері және т.б.), со­нымен қа­тар осы көрсеткіштерді игеру бо­йынша ақ­ша-несие саясатының өл­шем­дері нақты көр­сетілген болатын. Ақша-несие саясатының бас­ты мақсаты – кез келген нұсқаны жүзеге асы­­руда баға тұрақтылы­ғын қам­та­ма­сыз ету, яғни орташа мерзім ке­зеңінде жыл бойғы инфляцияны 6-8 па­йыз дең­гейінде сақтап қалу. Тұрақты төмен ин­фляция деңгейі – еліміздің макро­эко­­но­­микалық тұрақтылығын сақтау­дың басты шарты.

Сонымен қатар теңгенің айырбас кур­сы жә­не қаржы секторының тұ­рақ­ты­лығы мә­селелерін қамтамасыз ету стратегиялық тұрғыда маңызды басты міндеттің бірі болып табылады. Бұл ретте Ұлттық банк атал­ған мәселе ше­ші­мін жүзеге асыруда қа­жетті барлық шараны қабылдайтын бо­лады.

Ұлттық банк ақша-несие саясатын әзір­леп, оны жүзеге асыруда үнемі ішкі жә­не сырт­қы экономикалық жағ­дай­лар­ды сарап­тап, оған мониторинг жүр­­гізіп оты­ра­ды, еліміздің макр­о­эко­но­микалық жағ­да­йына кері әсер етуі мүмкін тәуекелдерді ба­ғалайды. Ол үшін Ұлттық банктің қо­лын­да ықпал етуші қажетті құралдар жетерлік. Олар біздің экономика қызметінің өзгерісіне сай жедел тұрғыда әрекет етуге, жүр­гізіліп отыр­ған ақша-несие саясатына бел­гілі бір тү­зетулерді енгізуге мүмкіндік береді.

Сыртқы нарықтардағы ахуалдың даму тұрақсыздығының сақталуына қарай, сондай-ақ жүргізілетін ақша-кредит саясатының қысқа мерзімді сипатын назарға ала отырып, ҚР ҰБ ақша-несие саясатының2013 жылы негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл ҚР-сы экономикасының дамуының қарастырылып отырған кез келген сценарийін жүзеге асырған кезде жылдық инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап тұруды болжайды. Осы міндетті іске асыру шеңберінде ҚР ҰБ жүйелік сипаты бар тәуекелдерді талдау мен азайту, сондай-ақ төрелік соттың туындау мүмкіндігін төмендету мақсатында ақша және валюта нарығының әртүрлі сегменттерінде банктер жүргізетін операцияларды тұрақты негізде талдайтын болады.

Тұтастай алғанда жаңалықтыңң мақсаты ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмнің кредиттік арнасын белсенді ету ж/е оның валюталық арнасының маңыздылығын төмендету болып табылады. Жаңа механизм экономиканың долларлануын, пайыздық мөлшерлеменің құбылмалылығын, ақша нарығындағы алыпсатарлық құрамдас бөлігін төмендетуге ж/е, салдары ретінде, өтімділікті реттеудің ж/е тұтастай алғанда, ақша кредит саясатын жүргізу икемділігін ж/е тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Жаңа құралдың енгізілуін назарға ала отырып, ҚРҰБ пайыздық мөлшерлемелерінің дәлізі де 2014 жылға өзгеретін болады.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 549 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...