Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорынның төлемқабілеттілік коэффициенттері және оған сипаттама



Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау тәуекелі – бұл кәсіпорынның тәуекелділік шарттарын, олардың жағдайына әсер етуі мен обьективті баға бері болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау коэффициенті қаржылық тұрақтылықтың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай қаржылық талдау кезінде бірнеше көрсеткіштер қолдыналады. Олар:

Автономия коэффициенті – бұл меншік капиталы есебінен кәсіпорын активтердің көлемін көрсетеді;

Қаржыландыру коэффициенті – меншікті капиталға тартылған қарыз қаражаттарын білдіреді;

Қарыз коэффициенті – жалпы қолданылатын сомадағы қарыз капиталының үлесін көрсетеді;

Ағымдағы қарыз коэффициенті – жалпы қолданылған сомадағы қарыздың міндеттеме капиталының үлесін көрсетеді;

Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелсіздік коэффициенті – меншікті капитал сомасына ұзақ мерзімді қарыз капиталынан тартылған соманы қосып активтің жалпы сомасына бөлгенге тең;

Меншік капиталының икемділік коэффициенті – меншігіндегі, айналымдағы активтер сомасын меншікті капиталдың сомасын бөлгенге тең;

Меншікті және ұзақ мерзімді қаражаттар капиталының икемділік коэффициенті – кәсіпорынның айналыстағы активтерін қаржыландыруға арналған меншікті капитал және ұзақ мерзімді қаражаттар сомасын меншікті капитал сомасына қарыз капиталының сомасын қосып бөлгенге тең.

Төлемқабілеттілік коэффициенті (өтімділік) – ағымды активтердің өттімділігіне қарай кәсіпорынның белгіленген уақытта қарыз міндеттемелерін өтей алу мүмкіндігі.

Қаржылық тталдау кезінде кәсіпорын төлемқабілеттілігін бағалау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

1. Абсолютті төлемқабілеттілік коэффициенті:

2. Ағымдағы өтімділік коэффициенті:

3. Дебиторлық және кредиторлық қарыздың коэффициенті:

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілетілігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде айтылады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

13. Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарға қойылатын талаптар.

Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпарат жүйесіне кіретін ақпараттарды пайдаланушылардың құрамын сипаттай келе, ақпараттарды сыртқы ж/е ішкі қолданушыдар арасында айырмашылықтар бар. Сыртқы пайдаланушылар к/о-ң тек қаржылық қызметін ж/е қаржылық жағдайын сипаттайтын ақпараттарын қолданады. Ішкі қолданушылар жоғарыда аталғандармен қатар, коммерциялық құпия болып табылатын к/о-ң қаржылық тәекелдері туралы ақпараттардың едәуір мөлшерін қолданады. Осы қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарғы қойылатын талаптар:

1.маңыздылық (значимость);

2.толықтылық;

3.нақтылық (достоверность);

4.уақтылық;

5.түсініктілік (понятность);

6.релеванттылық;

7.салыстырмалылық (сопоставимость);

8.тиімділік (эффективность).

1.Маңыздылық – көрсетілген ақпараттардың ең біріншіден, к/о-ң қаржылық стратегиясын қалыптастыру кезеңінде, к/о-ң жеке аспектілеріндегі мақсатты саясат жасаудағы қалыпты ж/е оперативті қаржылық саясатты дайындаудағы, тәуекелдік нәтижелеріне әсер етудегі маңызын көрсетеді. 2.Толықтылық – бағалауды идентификациялауға мүмкіндік береді. 3.Нақтылық – ақпараттардың қаржылық нәтижелерінің қаншалықты қамтылғандығын көрсетеді. 4.Уақтылық – ақпараттардың пайдалану мерзімімен сәйкестігі. 5.Түсініктілік - ақпараттардың қарапайымдылығымен сипатталады. 6.Релеванттылық – к/о-ң қаржылық тәуекелдерін басқару процесінде көрсетілген ақпараттардың күтілетін жағдайлардан айтарлықтай жоғары болуымен сипатталады. 7.Салыстырмалылық – жеке активтердің құрамы мен қаржылық қызметтердің нәтижелерін салыстырмалы бағалауы. 8. Эффективтілік – кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділіктің 2 формасы бар: абсолютті ж/е салыстырмалы.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 3577 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...