Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аржылық әдістер жүйесіне сипаттама



Қаржылық əдістері жүйесі төмендегідей негізгі тəсілдер мен амалдардан тұрады, олардың көмегімен кəсіпорынның қаржы қызметінің түрлі аясындағы нақты басқарушылық шешімдер негізделіп, бақыланады:

· Техникалы-экономикалық есептеу əдісі

· Теңгерімдік əдіс

· Экономикалы-статистикалық əдістер

· Экономикалы-математикалық əдістер

· Сараптамалық əдістер (сараптамалық бағалау əдістері)

· құнын дисконттау əдістері

· құнын өсіру əдістері (компаундинг)

· әртараптандыру əдістері

· Активтерді амортизациялау əдістері

· Хеджирлеу əдістері

Техникалы-экономикалық есептеу əдісі: Техникалық талдаудың мақсаты – техника-технологиялық баламаларын, іске асыру мерзімін, сатуын және оның фазаларын қарастырып, бағалау; қайнар көздің, жұмыс күштердің және басқа керекті қорлардың қол жетерлігі мен жеткіліктілігін анықтау; күнтізбе жоспарлары мен үлгілердің желісін құрастыру. Мысалы: инвестор аурухана салатын болды десек, ол міндетті түрде техникалык талдау жасауға міндетті. Ол аурухана кандай жабдыктармен жабдықталады, кейін бұзылып қалған жағдайда оның бөлшектерін табуға болама, ол бөлшектер бар ма және ең бастысы оны игере алатын мамандар бар ма деген сурактарды ескере отырып, тәуекел деңгейін болжайды. Экономикалық талдау мақсаты – нарықтық мәмілелерде көрініс табатын экономикалық айналымдарды ж/е ақшалай емес құндылықтарды жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне баға бере отырып, инвестициялық жобаның нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады. Мысалға, бір аяқ-киім шығаратын кәсіпорынды алсақ, оның экономикаға қандай пайда әкелетінін, ЖҰӨ-ді, бюджеттік кірістерді көбейтуге қаншалықты үлес қосатынын есептейді.

Теңгерімдік əдіс – қорытындылары тең болуы тиіс, екі өзара байланысқан және теңескен экономикалық көрсеткіштің арақатынасын, пропорциясын көрсету үшін қолданылады. Бұл әдістің көмегімен теңдікті белгісіз анықтауға болады. Салық есебінде ол бастапқы мәндерді тексеру үшін қолданылады. Теңгерімдік əдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің, өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

Экономикалық-статистикалық әдістер. Олар экономиканың жеке салаларын, тарауларын (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді жəне макроэкономикалық көрсеткіштерді, яғни еңбек ресурстарын, жалпы ішкі өнімді жəне т.б. есептеу үшін мəлімет ұсынады. Экономикалық-статистика елдің даму деңгейі мен мүмкіндіктері жөнінде маңызды сандық ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Статистика саясаттың ең маңызды бағытының бірі ретінде нақты мəселелерді дұрыс шешуге ықпал етеді, сонымен бірге қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық процестерге кіріктірілген барлық тұлғалар мен мекемелердің ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандырып, пысықталған шешім қабылдауға септігін тигізеді

Экономикалық-математикалық әдістер – экономика міндеттерін математика мен кибернетиканың көмегімен шешу тәсілдері. Экономикалық (экономикалық-математикалық үлгілер), яғни зерделенетін жүйелердің түрлі элементтері арасындағы логикалық және сандық тәуелділіктерді анықтау үшін экономикалық үдерістерді, құбылыстар мен міндеттерді математикалық құралдармен сипаттау. Экономикалық үдерістердің негізгі қасиеттері, олардың өзара байланыстары мен шарттылықтары математикалық үлгілердің көмегімен бейнеленеді. Математикалық үлгіде теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі, тиімділік критерийімен математикалық түрғыда сипатталатын мақсатты атқарым қамтылады. Жоспарлау мен басқарудың көптеген міндеттерін шешу кезінде алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ең таңдаулы іс-қимыл бағдарламасын таңдау мақсатымен математикалық бағдарламалау қолданылады.

Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді. Бастапқы сәтте жобалау тапсырмасы көрсеіледі (бұл әдетте нөлдiк қадамның басы немесе операциялық қызметтiң басы). Өтелiмдiлiк мерзiмi моменті деп, есептелген кезеңiнде болатын ең ерте уақыт бұдан кейiн ағымдағы таза кiрiс пайда болады, және ендiгәрi терiс емес болып қалады.

Дисконттау – бұл болашақ кезеңге тиесілі ақша ағындарының құнын анықтау. Болашақ кезең табыстарын дұрыс бағалау үшін мыналарды анықтап алу керек: болжамды түсімнің мәнін, шығындардың, инвестициялардың, капиталдың құрылымын,мүліктің қалдық құнын, сондай-ақ дисконттау мөлшерлемесін.

Дисконттау мөлшерлемесі салынған салымның тиімділігін анықтау үшін қолданылады. Экономикалық көзқарастан қарағанда дисконттау мөлшерлемесі – бұл инвестордың талап ететін, салынған капиталдың табыстылық нормасы. Басқаша айтсақ, дисконттау мөлшерлемесі арқылы инвестордың болашақта алатын табысы үшін бүгінгі күні төлейтін ақшасының сомасын анықтауға болады.

Компаундинг әдісінің маңызы – жылдық пайданың көбеюінен инвестицияның базалық сомасының қалай өсетінін есептеу болып табылады. Бұл әдісте күрделі өсу процентін шығаруды пайдаланады.

Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?

Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.

Әртараптандыру қаржылық тәукелдің жеке: несиелік, депозиттік, инвестициялық, валюталық түрлерін төмендетуге көмектеседі. Әртараптандырудың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1. Валюта қоржынын әртараптандыру.

2. Фирмалардың депозиттік қоржынын әртараптандыру.

3. Сатып алушыларды әртараптандыру.

4. Фирмалардың қаржылық қызметін әртараптандыру.

5. Фирмалардың бағалы қағаздар қоржынын әртараптандыру.

6. Қызмет жасап жатқан фирмалардың нақты инвестициялық бағдарламасын әртараптандыру.

Активке қолданылатын амортизация есептеу әдісі ең болмағанда әрбір қаржы жылының соңында қайта қаралуға тиіс, және, егер активтерде жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың болжамды сұлбасында елеулі өзгеріс анықталса, бұл әдіс осы өзгерісті көрсету үшін түзетілуге тиіс. Активтің амортизацияланатын құнын оны пайдалы пайдалану мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу үшін әр түрлі әдістер пайдаланылуы мүмкін. Бұларға біркелкі есептеу әдісі, азайтылатын қалдық әдісі және өндіріс бірлігінің әдісі жатады. Біркелкі есептеу әдісі, егер бұл жағдайда оны тарату құны өзгермейтін болса, активтің пайдалы қызмет мерзімінің ішінде тұрақты амортизация сомасын есептеу болып табылады. Азайтылатын қалдық әдісі пайдалы қызмет мерзімінің ішінде амортизация есептеу сомасының азаюына алып келеді. Өндірістік бірлік әдісі болжамды пайдалану немесе болжамды өнімділік негізінде амортизация сомасын есептеуден тұрады. Ұйым активте жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасын неғұрлым дәл көрсететін әдісті таңдап алады. Таңдап алынған әдіс, осы болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасында өзгеріс болған реттерді қоспағанда, кезеңнен кезеңге жүйелі түрде қолданыла береді.

Хеджирлеу - бұл валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал. Тәуекелдерді сақтандыру арқылы компаниялар сенімді түрде ұзақ мерзімге жоспарлар құрай алады. Дегенмен, оның кері жағы да жоқ емес. Мәселен, бағамның жағымды өзгеруі барысында компаниялар одан жоғары пайда көру мүмкіндігінен айрылмақ.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 746 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...