Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сыныптама



Пайдалар мен шығындар туралы мерзімдік есепте әділ құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары қаржылық активтер мен міндеттемелер болып табылады. Олар:

- негізінен сату немесе жақын болашақта кері сатып алу мақсатымен алынады немесе туындайды;

- бірігіп басқарылатын және олар бойынша жуық тарихта кысқа мерзімдік уақытта пайда табудың айғағы бар болғаны идентификацияланатын қаржылық құралдар портфелінің бөлігі болып табылады;

- туынды құрал болып табылады (хеджирлеу құралдары ретінде құрылып, нақты іс жүзінде қолданып отырған туынды қаржылық құралдарды қоспағанда); немесе

- бастапқы мойындау кезінде Топ оны әділ құны бойынша бағаланып, өзгерістері мерзімдік кірістер мен шығыстардың құрамында есептелетін санатқа анықталатын құралдар.

Төменде көрсетілген шарттардың бірі орындалса Топ қаржы активтері мен міндеттемелерін әділ құны бойынша бағаланып, өзгерістері мерзімдік кірістер мен шығыстардың құрамында есептелетін санатқа анықтайды:

- активтер немесе міндеттемелер әділ құны бойынша есепке алынатын және бағаланатын болса;

- мұндай бағам кері жағдайда туындайтын бухгалтерлік сәйкессіздіктерді болдырмайтын немесе барыншакемітетін болса; немесе актив немесе міндеттеме, келісім-шарт бойынша қажет етілетін, көрсетілген ақша қаражаты ағынын айрықшаөзгертетін бірге құрылған туынды құралдан тұратын болса.Оң әділ құнға ие сатуға арналған барлық туынды қаржылық құралдар, сонымен қатар сатып алынған опциондықкелісімдер қаржылық есептілікте актив ретінде көрсетілген. Теріс әділ құнға ие сатуға арналған барлық туынды қаржылық құралдар, сонымен қатар шығарылған опциондық келісімдер қаржылық есептілікте міндеттемелер

ретінде көрсетілген.Өзгерістері кірістер мен шығыстардың құрамында есептеліп әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері мен міндеттемелер бастапқы мойындаудан кейін қайта сыныпталмайды.

Берілген несиелер мен дебиторлық қарыз бекітілген немесе анықталған төлемдері бар, белсенді түрде әрекет ететін нарықта бағаланбайтын туынды емес қаржы активтерінен тұрады. Оған төмендегі активтер есепке кірмейді:

- Топ дереу немесе жуық арада сатуға ниетті;

- бастапқы мойындау кезінде Топ оларды әділ құны бойынша бағаланып, өзгерістері мерзімдік кірістер мен шығыстардың құрамында есептелетін санатқа анықтаған;

- бастапқы мойындау кезінде Топ оларды сатуға арналған қолда бар активтер санатына анықтаған; немесе- Топ несие амортизациясынан өзге жағдайларда негізінен өзінің барлық бастапқы инвестицияларының орнынтолтыра алмайды.

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын активтер - ол бекітілген немесе анықталған төлемдері және бекітілген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржы активтері, оларды Топ өтеу мерзімі жеткенге дейін ұстап отыруға ниетті және оған мүмкіндігі бар. Бұл активтерге төмендегілер есепке кірмейді:

- бастапқы мойындау кезінде Топ оларды әділ құны бойынша бағаланып, өзгерістері мерзімдік кірістер мен шығыстардың құрамында есептелетін санатқа анықтаған;

- Топ оларды сатуға арналған қолда бар санатына анықтаған; немесе

- несиелер мен дебиторлық қарыз анықтамаларына сай келеді.

Сатуға арналған қолдағы активтер - ол сатуға арналған қолдағы санатына жатқызылатын немесе несиелер мен дебиторлық қарыз, өтелу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар, әділ құны бойынша бағаланып, өзгерістері мерзімдік кірістер мен шығыстардың құрамында есептелетін қаржы құралдарының анықтамаларына сәйкес келмейтін қаржы активтері.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 464 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...