Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аржылық тәуекелдіктің мақсатқа қол жеткізу ықтималдығына сипаттама беріңіз



Мақсаттан ауытқу ықтималдығының болуы мазмұнынан көрініс беретін кез келген қаржылық тəуекелдіктің белгісі болып табылады. Сондай-ақ тəуекелдік жағдайындағы бұл ықтималдықтың сандық сəйкестігі белгісіздік жағдайынан айтарлықтай ерекшеленеді. Тəуекелдік жағдайы қаржылық қызметті жүзеге асырудың алдағы нұсқаларының жиынтығы ретінде сипатталады, онда мақсаттық нəтижеге қол жеткізу ықтималдығын сан түрінде бағалаудың объективті мүмкіндігі болады. Олармен салыстырғанда белгісіздік жағдайы қаржылық қызметті жүзеге асырудың алдағы нұсқаларының жиынтығы ретінде сипатталады, онда мақсаттық нəтижеге қол жеткізу ықтималдығын сандық өлшеуіште белгіленуі мүмкін емес. Сондай-ақ белгісіздік жағдайында тəуекелді шешім қабылдайтын қаржылық менеджер мақсатты нəтижеге қол жеткізу ықтималдығы бар екендігіне сенімді, əйтпесе, қаржылық тəуекелдік əрекет ретінде өз мəнін жоғалтқан болар еді.

20 Қаржылық тәуекелділіктің күтілетін теріс салдарына сипаттама беріңіз.

Экономикалық ойдың даму барысында қорланған теориялық білім тұтастай алғанда кәсіпкерлік тәуекелдіктің және ішінара қаржылық тәуекелдіктің табиғатын жеткілікті дәрежеде жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазіргі таңда жекелеген зерттеушілердің тәуекелдік категориясын түсіндірілуінде көптеген кереғарлықтар бар;мұндай түсіндірмелердің бірқатары шектеулі сипатқа ие.

Қаржылық тәуекелдер –залалдың пайда болу ықтималдығы, жоспарланған кірістің пайдадан кем түсуі, кәсіпорынның, ұйымдардың қаржы институттарымен (банк, сақтандыру компаниялары, инвестиция, биржалармен т.б.) қатынастарды жүзеге асыру кезінде пайда болады.

Қаржылық тәуекелдік салдары қаржылық қызметтің оң және теріс нәтижелерімен сипатталуы мүмкін. Алайда теория жүзінде және шаруашылық тәжірибе жүзінде қаржылық тәуекелдік деңгейі алдымен ықтимал экономикалық зиян мөлшерімен бағаланады. Мұндай экономикалық зиян қаржылық тәуекелдікті жүзеге асыру барысында түрлі қалыптарға еніп, пайданы, кірісті, кәсіпорын капиталының бір бөлігі мен бүкіл сомасын жоғалтуы мүмкін. Қаржылық тәжірибеде мұндай экономикалық зиян әрқашан ақшалай өлшеммен бағаланады. Деңгей қарқындығы. Белгілі бір қаржылық операцияға немесе кәсіпорынның қаржылық қызметінің белгілі бір түріне тән қаржылық тәуекелдік деңгейі өзгеріссіз бола алмайды. Ең алдымен, уақыт аралығында құбылады, яғни қаржылық операцияны жүзеге асыру ұзақтығына тәуелді. Уақыт факторы капитал салу түрінің баламасы, құнсыздану қарқыны өсуінің мүмкіндігі, қаржы нарығындағы қарыздық пайыз мөлшерлемесі қозғалысының белгісіздігі және т.б. арқылы көрініс табатын қаржы нарығы деңгейіне өз бетінше ықпал етеді. Сондай-ақ қаржылық тәуекелдік деңгейі көрсеткіші ұдайы динамикадағы объективті және субъективті факторлардың ықпалымен айтарлықтай құбылып отырады.

Қаржылық тәуекелдік кез келген кәсіпорынның қызмет етуіндегі объективті құбылыс болып табылады, ол қаржылық операциялардың барлық дерлік түрлеріне және оның қаржылық қызметінің барлық бағыттарына қатысты. Экономикалық құбылыс ретіндегі қаржылық тәуекелдіктің объективті сипатына қарамастан қаржылық тәуекелдік деңгейін бағалау субъективті сипатқа ие болып табылады. Бұл субъективтілік, яғни аталмыш объективті құбылысқа бағалауды жүзеге асырушы субъектілер тарапынан берген баға мәнінің біркелкі еместігі қаржылық менеджер біліктілігінің ақпараттық базасының толықтық және нақтылық деңгейімен, тәуекелдік менеджмент саласындағы олардың тәжірибесімен және басқа факторлармен анықталады.

Әдетте тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге болады.

Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді

«Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің» деген халық даналығы бар. Әрине, халық айтса, қалт айтпайды. Бірақ оның мәні мен мағынасын, реті мен орнын түсіне білу үшін терең пайым, биік парасат қажет. Сондықтан да бұл тұста тәуекелдің де түр-түрі болатынын есте берік ұстаған жөн.

21. Пайда болу көздері бойынша қаржылық тәуекелдердің қандай топтары бөлінеді,сипаттама

Пайда болу көздері бойынша қаржылық тəуекелдердің мынадай топтары

бөлінеді:

 Ж_йелік немесе нары_ты_ тəуекел. Ол түрлі қаржылық нарық түрлері

конъюнуктурасының қолайсыз өзгерістерімен байланысты қаржылық

шығындардың ықтималдылығын сипаттайды. Тəуекелдіктің бұл түрі

қаржылық қызметтің барлық қатысушыларына тəн.

 Ж_йелік емес немесе ерекше тəуекелдік. Нақты кəсіпорынның тиімсіз

қызметімен байланысты қаржылық шығындардың ықтималдылығын

сипаттайды. Бұл тəуекелдік біліксіз қаржылық менеджер, активтер мен

капиталдардың тиімсіз құрылымымен, пайданың нормасы жоғары

тəуекелдікті қаржылық операцияларға шектен тыс араласу,

шаруашылық серіктестерді бағаламау жəне жағымсыз салдарын

айтарлықтай деңгейде қаржылық тəуекелдікті тиімді игеру есебінен

болдырмауға болатын басқа ұқсас факторлар салдарынан орын алады.

22.Пайыздық тәуекелділіктің мәні мен мазмұны.

Пайыздық тәуекелділік – қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлеменің болжаусыз өзгерісіне (депозиттік, сондай-ақ несиелік) саяды. Қаржылық тәуекелділіктің аталмыш түрінің болуының пайда болу себебі (егер оның алдында қарастырылған оның инфляциялық құраушы бөлігін жоятын болса): 1) мемлекеттің реттеудің ықпалымен қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруі;

2) бос ақша ресурстарын ұсынудың артуы немесе төмендеуі және басқа факторлар.

Тәуекелдің осы түрінің жағымсыз қаржылық салдары кәсіпорынның эмиссиялық қызметінде (эмиссия жағдайынжа акциялар сияқты облигациялар да), оның дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржы инвестициялары мен кейбір басқа қаржылық операцияларда көрініс табады. Пайыздық тәуекел-бұл пайыз мөлшерлемелерінің болжанбаған ауытқуы негізінде банктің ысырапқа ұшырау мүмкіндігі. Пайыз мөлшерлемесі өзгергенде банк табыстары мен шығындары, активтерінің нарықтық құны, пассивтер мен баланстан тыс шоттар да өзгереді. Пайыз тәуекелі берілген ссудалар мен тартылған қаражаттардың мерзімдері сәйкес келмеген жағдайда немесе активтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілмен берілгенде пайда болады.

Пайыздық тәуекелдің жіктемесі:

*жаңа баға құру бойынша активтер мен пассивтер бағасының өзгеруі;

*табыстың өзгеруі тәуекелі;

*базистік тәуекел;

*операциондық тәуекел.

Пайыздық тәуекелдің 2түрі бар:

1) Позиционды тәуекел- бұл белгілі бір позиция (нақты мезетке берілген процент) бойынша тәуекел. Мысалы, банк қалқымалы пайыздық ставкамен несие берді. Ол банкке табыс әкелу, әкелмейтіні белгісіз. Бұл тәуекелді болдырмауды баланста қарастыру мақсатында не істеу керек? Ең алдымен, салымдар бойынша проценттерді өзгерту және банк баланстық активі мен пассиві бойынша проценттерді теңестіру қажет.

2) Құрылымдық тәуекел -бұл пайыздық ставканың ауытқуымен байланысты ақша нарығындағы өзгерістерден туындаған банк балансы бойынша жалпы тәуекел.

Тәуекелдің басқа түрлері сияқты, пайыздық тәуекел айқынсыздықтардың негізінен туындайды. Бұл жағдайда айқынсыздық пайыздық мөлшерлеменің алдағы уақыттағы қозғалысының бағыты мен деңгейіне байланысты. Пайыздық тәуекел кредиторларға да, дебиторларға да, сондай-ақ жинақтаушылар мен инвесторларға да әсер етеді. Тәуекелдердің басқа түрлері сияқты пайыздық тәуекелді басқаруға немесе оны минимизациялауға болады.

Пайыздық тәуекел бүкіл несиелік іскерліктің іргелі аспектісі болып табылады және тек қана жариялы және жеке орналастырылатын ноталар мен облигациялар ғана емес, сондай-ақ пайыздық табыс әкелетін депозиттремен қоса қарыздық құралдардың барлық формалары бойынша бағаларға жіне табыстарға әсер етеді.

Сонымен, пайыздық тәуекел - ол қаржының жарықта пайыздық мөлшердің ойда болмаған өзгеруінен тұрады. Берілген қаржылық тәуекел түрінің пайда болу себебі болып, мемлекеттік реттеудің әсерінен қаржылық конъюнктурасының өзгеруі; бос ақша ресурстарының ұсынымының өсуі мен төмендеуі және басқа факторлар табылады. Осы тәуекел түрінің теріс қаржылық зардаптары кәсіпорынның эмиссиялық қызметінде, оның дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржылық салымдарында және басқа да қаржылық операцияларда көрінеді.

23 Несиелік тәуекелдікт мәні мен мазмұны,мысал келтіріңізің Несиелік тəуекелдік.

Ол сатып алушыларға тауарлық (коммерциялық)

немесе тұтынушылық несие берілген кезде кəсіпорынның қаржылық

қызметінде орын алады. Оның көрініс табу қалыбы төлей алмау немесе

кəсіпорынның несиеге шығарған дайын өнімі үшін төлем жасай алмау

тəуекелдігі болып табылады.

24Инвестициялы_ тəуекелдік. Ол кəсіпорынның инвестициялық қызметін

жүзеге асыруы барысында қаржылық шығындарының пайда болу

мүмкіндігін сипаттайды. Осы қызмет түрлеріне сəйкес инвестициялық

тəуекелдік түрлері – реалды инвестициялау жəне қаржылық

инвестициялау тəуекелдігі ажыратылады. Инвестициялық қызметтің

жүзеге асырылуымен байланысты қаржылық тəуекелдіктердің

қарастырылған түрлері өз кезегінде ішінен бөлінетін «күрделі

тəуекелдіктерге» жатады. Осылайша, мысалы, реалды

инвестициялаутəуекелдік құрамында инвестициялық жобаны өз

уақытында дайындамау; жобалық-конструкторлық жұмыстарды өз

уақытында аяқтамау; құрылыстық-монтаждау жұмыстарын өз уақытында

аяқтамау; инвестициялық жоба бойынша қаржыландырудың өз уақытында

ашылмауы, тиімділігінің ықтималды төмендеуіне байланысты жобаның

инвестициялық тартымдылығын жоғалту тəуекелдіктері бөлінеді.

Инвестициялық тəуекелдіктердің барлық түрлері кəсіпорын капиталының

ықтималды шығынымен байланысты болғандықтан, олар да анағұрлым

қауіпті қаржылық тəуекелдіктер тобына қосылады.

25Сипатталатын нысандары бойынша қаржылық тəуекелдіктердің

мынадай топтары ажыратылады:

жеке _аржылы_ операция тəуекелдігі. Ол белгілі бір қаржылық

операцияға тəн қаржылық тəуекелдік түрлерінің бүкіл спектрін

кешенді түрде сипаттайды (мысалы, нақты акцияны иемденуге тəн

тəуекелдік);

_аржылы_ _ызмет т_рлеріні_ тəуекелдігі (мысалы, кəсіпорынның

инвестициялық немесе несиелік қызметі тəуекелдігі);

кəсіпорынны_ т_тастай _аржылы_ _ызметі тəуекелдігі.

Кəсіпорынның қаржылық қызметіне тəн тəуекелдіктер түрлерінің

кешені оның қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық

ерекшеліктерімен, капитал құрылымымен, активтер құрамымен жəне

ұдайы жəне ауыспалы шығындарының қатынасымен жəне т.б.

анықталады.

26 Қаржылық салдарының сипатына қарай барлық тəуекелдіктер

мынадай топтарға бөлінеді:

тек экономикалы_ шығын əкелетін тəуекелдік. Мұндай тəуекелдік

түрінде қаржылық салдар тек теріс (табысты немесе капиталды

жоғалту) сипатта болуы мүмкін;

пайданы жіберіп алу тəуекелдігі. Ол кəсіпорын қалыптасқан

объективті жəне субъективті себептер салдарынан жоспарланған

қаржылық операцияны жүзеге асыра алмау жағдаятын сипаттайды

(мысалы, несиелік рейтинг төмендеген кезде кəсіпорын қажетті

несиені алып, қаржылық леверидж əсерін пайдалана алмайды);

экономикалық шығындармен қатар, қосымша табыстарға қол жеткізу

тəуекелдігі. Əдебиеттерде қаржылық тəуекелдіктің бұл түрі жиі

«алыпсатарлық қаржылық тəуекелдік» деп аталады, себебі ол

алыпсатарлық (агрессияшыл) қаржылық операцияларды жүзеге

асырумен байланыстырылады. Алайда бұл термин (мұндай қисында)

аса нақты емес, себебі тəуекелдіктің аталмыш түрі тек алыпсатарлық

қаржылық операцияларға ғана тəн емес (мысалы, табысы пайдалану

сатысында есептік деңгейде төмен немесе жоғары болуы мүмкін

реалды инвестициялық жобаны жүзеге асыру тəуекелдігі).

27 Уақыт мерзімінде көрініс табу сипатына қарай қаржылық

тəуекелдіктердің екі түрі ажыратылады:

т_ра_ты _аржы тəуекелдігі. Ол қаржылық операцияны жүзеге

асырудың барлық кезеңіне тəн жəне тұрақты факторлар əрекетімен

байланысты. Мұндай қаржылық тəуекелдік мысалы ретінде пайыздық

тəуекелдікті, валюталық тəуекелдік пен т.б. атап өтуге болады.

Уа_ытша _аржы тəуекелдігі. Ол қаржылық операцияны жүзеге

асырудың тек жекелеген кезеңдерінде пайда болатын жасанды сипатқа ие

тəуекелдік түрін сипаттайды. Тиімді қызмет ететін ксəпорынның төлем

жасай алмау тəуекелдігі мұндай қаржылық тəуекелдік түріне мысал бола

алады.

28 Жүзеге асыру ықтималдығының деңгейі бойынша қаржылық

тəуекелдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

ж_зеге асыру ы_тималдығыны_ де_гейі т_мен _аржы тəуекелдігі.

Мұндай түрлерге əдетте құбылу коэффициенті 10% аспайтын қаржылық

тəуекелдіктерді жатқызады;

ж_зеге асыру ы_тималдығыны_ де_гейі орташа _аржытəуекелдігі.

Тəуекелдік менеджменті тəжірибесінде мұндай түрлерге əдетте құбылу

коэффициенті 10-25% аспайтын қаржылық тəуекелдіктерді жатқызады;

ж_зеге асыру ы_тималдығыны_ де_гейі жоғары _аржы

тəуекелдігі. Мұндай түрлерге əдетте құбылу коэффициенті 25% аспайтын

қаржылық тəуекелдіктерді жатқызады;

ж_зеге асыру ы_тималдығыны_ де_гейін а_ытау м_мкін емес

_аржылы_ тəуекелдік. Бұл топқа «белгісіздік жағдайында» жүзеге

асырылатын қаржылық топтар жатады.

29 Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдіктердің жіктелуі:

Жалпы тәуекел – бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ж/е адамдардың іс-әрекеттерінен пайда болатын жоғалтулар, зиян шегу қаупінің болуы. Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің қызметімен байланысты болаты, оның нәтижелілігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында, қолайсыз нәтиже мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама. Ал тәуекелдіктің ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша жіктелімі келесідей:

· ықтималды қаржы тəуекелдігі. Қаржылық шығындары жүзеге асырылатын қаржылық операция бойынша пайданың есептік сомасынан аспайтын тəуекелдікті сипаттайды; Мысал ретінде, жүннен жасалатын киім шығаратын кәсіпорынды алайық. Өзінің түскен табысынан міндетті төлемдерді төлеп, салык барлығын төлегеннен кейін қалатын пайданын сомасынан, қаржылық операцияларды іске асыруға кеткен шығын аспау керек бұл тәуекелде...ал шығынның өзі – активтерді есептен шығару немесе азаюы түрінде экономикалық пайдасын қысқаруы немесе міндеттемелердің көбеюі нәтижесінде капиталдың қысқаруы. Мысал сол кәсіпорынның жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы болсын. Сол шыгынның сомасы пайдадан аспау керек...Міне, осы тәуекелдіктердің түрлерін ықтималды қаржы тәкелділігі.

· күрделі қаржы тəуекелдігі. Ол қаржылық шығындары жүзеге асырылатын қаржылық операция бойынша жалпы кірістің есетік сомасынан аспайтын тəуекелдікті сипаттайды; бұл тәуекел түрін түсіндіру үшінде жоғарыдағы мысалды ала берейік... сонда сол кезде болған шығын ықтималды қаржылық тәуекелге қарағанда, ауқымдырақ болып келеді. Себебі, бұл жерде тек пайдаға ғана емес, кіріске әсер отыр... Алдынғы ықтималды қаржылық тәуекелге қарағанда шығын соммасы ауқымды болып тұрғанда болуы мүмкін тәуекел түрі.

· Апатты қаржы тəуекелдігі. Ол қаржылық шығындары өзінді капиталдан ішінара немесе толықтай айырылу арқылы анықталаты тəуекелдікті сипаттайды (тəуекелдіктің бұл түрі қарыздық капиталдан д айырылумен сипатталуы мүмкін).

Бұл қаржылық тәуекел түрі салыстырмалы түрде айтсақ, өте қауіпті. Ықтималды қаржы тәуекелі тек пайдаға әсер етсе, және күрделі қаржы тәуекелі кіріске әсер ететін. Ал апатты қаржы тәуекелі аты айтып тұрғандай, толық капиталдан айырылып қалу қаупін туғызады. Ол арине, кәсіпорын үшін өте қауіпті. Оның салдары қндірістің құлдырауын туғызып қана қоймай, кәсіпорынның жабылуына әкелуі мүмкін.

Яғни, біз бұл тәуекел түрлерін ажырата алу үшін пайда, кіріс, табыс, капитал ұғымдарының бір емес екенін ажырата алуымыз керек.

Табыс дегеніміз – кәсіпорынның есепті кезеңдегі әдеттегі қызметінен алынған; оның капиталының өсімін білдіретін эк-қ тиімділіктің жиынтық түсімдері болып табылады. Кәсіпорынның, фирманың өндірілген өнімді, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден түскен ақшалаң тұлғадағы жылдық жиынтық табысы.

Кіріс дегеніміз қаржының келуі немесе акитвтер құнының өсуі,не болмаса пссивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Яғни, табысқа қарағанда кішірек ұғым. Түскен табыстан төленетін міндетті қорларға аударғаннан кейін қалатын табыс бөлігі.

Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Ал пайда болса, міндетті төлемдерді, салықтарды төлегенннен, шығыстарды жапқаннан кейін қалатын кіріс бөлігі.

30 Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тəуекелдігі мынадай екі

топқа бөлінеді:

 са_тандырылатын _аржы тəуекелдігі. Оларға сыртқы сақтандыру

тəртібінде сəйкес сақтандыру ұйымдарына тапсырыла алатын тəуекелдіктер

жатады (сақтандырылуға қабылданатын қаржылық тəуекелдік

номенклатурасына сəйкес);

сақтандырылмайтын қаржы тəуекелдігі. Оларға сақтандыру

нарығындағы сəйкес сақтандыру өнімдерінің ұсынысы жоқ түрлері жатады.

Қарастырылып отырған екі топтың тəуекелдігі құрамы өте айнымалы жəне

оларды болжау мүмкіндігімен ғана емес, сондай-ақ сақтандыру қызметін

емемлекеттік реттеудің қалыптасқан үлгісінде нақты экономикалық

жағдайларда сақтандыру операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

асырудың тиімділігімен байланысты

31КƏСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТƏУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МƏНІ,

МАҚСАТЫ ЖƏНЕ МІНДЕТТЕРІ

Кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін басқару қаржылық

тəуекелдердің алуан түрлерінің жан-жақты бағалануын жəне олардың





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1297 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...