Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сақтандыру сыйақысы



Тарифтік ставка бұл сақтандырушының сақтандыру келісім шарттарын жүргізу кезінде сақтандыру тәуекелінің бағасын және ақшалай нысанға тең басқа да шығындары. Тарифтік ставка ақша қорын қалыптастырудағы әрбір сақтанушының қатысу үлесін анықтайтын база болып табылады. Сақтандыру тарифі сақтандыру объектісінен немесе сақтандыру саласының бірлігінен төленетін сақтандыру жарнасын көрсетеді. Сақтандыру тарифі көмегімен сақтандыру келісім шарты жасалған кезде сақтанушының сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысының мөлшері анықталады. Сақтандыру тарифі немесе брутто ставка нетто ставкадан және устемеден тұрады. Нетто ставка сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға сақтандыру ұйымының ресурстарын қалыптастыруға арналған брутто ставкасының бөлігі. Устеме байқалмайтын шығыстар мен кірістерді сақтандыру операцияларын жүргізуде сақтандырушының әкімшілік шығыстарын өтеуге арналған брутто ставканың бөлігі.

Өсімпұл бұл тұрақсыздық белгісі, яғни белгіленген уақытта өз сомасын төлемеуі немесе өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындамауы есебінен төленетін санкция. Бұл пайыз бойынша есептеледі, әрбір өткен күн есебіне өсімпұл есептеліп отырады.

Айыппұл құқық бұзушылық орын алған жағдайда заң талаптарына сәйкес жазалау. Кәдімгі жағдайда істеген құқық бұзушылығына сәйкес, ақшалай төлем түрінде мемлекет бюджетіне белгілі бір соманы төлеу болып табылады.

Тұрақсыздық бұл уақыт мерзіміне сәйкес өзгеріп отыру. Яғни бұл көбіне бағаның, акцияның құнының, облигацияның және бағалы қағаздардың құнының өзгеруімен көрініс табады.

Сақтандыру франшизасы бұл сақтандыру шартында көрсетілгендей сақтанушыны шығын болған жағдайда белгілі бір сомадан аспаған жағдайда төлеумеу қабілеті. Франшизаның міндетті және міндетті емес франшизалары болады. Міндетті франшизада

· Егер шығын көлемі франшиза келісім шартында көрсетілген сомадан аспайтын болса, сақтандыру төлемі толенбейді

· Егер шығын көлемі келісім шартында көрсетілген сомадан асатын болса, сақтандыру төлемі толық көлемде төленеді.

Міндетті емес франшизада:

· Барлық жағдайда сақтандыру төлемі келісім шартта көрсетілген франшиза сомасында төленеді.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 778 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...