Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету



Бұл міндетті жүзеге асыру барысында қаржылық тұрақтылықтың ықтималды бұзылуы мен кəсіпорынның төлем жасай алмауын болдырмау, оның операциялық немесе қаржылық қызметінің көлемін тарылту бойынша ескертпелі шаралар кешені жасалады, бұл шаралар жүйесіне жекелеген қаржы операцияларын хеджирлеу, ішкі резервтік ақша қорын қалыптастыру, қаржы тəуекелдерін сыртқы сақтандыру енеді

4 Қаржылық иінтіректер (рычаг) жүйесінің үлгілеріне сипаттама.

Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне әсер етудің мынадай негізгі үлгілерін қамтиды:

· Бағаны

· Пайызды

· Пайданы

· База ақша ағымын

· Сақтандыру сыйақысын

· Өсімін, айыппұлдарды, тұрақсыздық төлемін

· Басқа экономикалық иіндіректер

· Сақтандыру франшизасын

Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы. Құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.

1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.

2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.

3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.

4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.

5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.

Баға— тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т.б.) әсер етеді.

Пайыз экономикалық категорияның бірі.

Несие пайызы — несие алушы белгілі бір соманы алғаны үшін алған сомадан бөлек үстеме соманы несие берушіге төлейтін сомасы. Несиенің шамасымен, сипатымен және мерзімімен айқындалады. Пайыздың негізігі қайнар көзі қосымша сома болып табылады, яғни капитал алып пайдаланған кезде төленетін қосымша пайыз немесе үстеме.

Есептік пайыз - орталық (ұлтық) банкінің коммерциялық банкілерге несие беруінің ресми пайыздық мөлшерлемесі; вексельдерді (купондарды, облигацияларды, басқа да бағалы қағаздар мен борышқорлық міндеттемелерді) олар бойынша төлеу мерзімі басталмастан бұрын сатып алу жолымен ақшалай алғытөлем бергені үшін банкілер (өзге де несие мекемелері не мамандандырылған делдалдар) өндіріп алатын төлемақы

Пайда. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады

Таза ақша ағымы. Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын жәнетөлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.

Ақша ағымы ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Әр қадамында ақша ағымының мәні сипатталынады:

- тұсімнен осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;

- жұмсалумен – осы қадамдағы төлемдерге тең;

- сальдо түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.

Ақша ағымы әдетте кәсіпорынның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:

1.инвестициялық қызметтен ақша ағымы;

2.операциялық қызметтен ақша ағымы;

3.қаржы қызметтен ақша ағымы.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 669 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...