Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбып №8: «Жеке нервтердің, нерв түбіршіктерінің және өрімнің зақымдануы. Полинейропатиялар»



2.Мақсаты:Нерв, түбірлер мен өрімдердің зақымдануы және басқа шеткі нерв жүйесінің зақымдану синдромдары, диагностикасы және емдеу әдістерін үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

- Шеткі нерв жүйесінің зақымдануының патогенетикалық ерекшкліктері.

- Шеткі нерв жүйесінің зақымдануымен науқасты қарап тексеру.

- Нервтердің дегенерация және регенерациясы туралы түсінікті қалыптастыру.

- «Невралгия, нейропатия, неврит. Радикулопатия. Плексопатия. Дорсопатии» терминдеріне түсінік беру.

- Шеткі нерв жүйесі ауруларының диагностикасы мен емдеу негіздерін үйрету.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Шеткі нерв жүйесіні ауруларының этиологиясы, жіктелуі. Жарақаттық, инфекциялық-аллергиялық, уыттық, тамырлық тағы басқа факторлардың маңызы.

2. Бет нерві нейропатиясы, этиологиясы, патогенезі.

3. Невралгиялар. Үшкіл нерв невралгиясының клиникасы.

4. Тілжұтқыншақ нерві невралгиясының клиникалық симптомы, емдеу тактикасы

5. Ортаңғы нерв, кәрі жілік және шынтақ нерві зақымдануының клиникалық белгілері.

6. Сан нерві, үлкен және кіші жіліншік нервінің зақымдану белгілері. Электродиагностика. Емі.

7. Полинейропатиялар, жіктелуі. Полирадикулонейропатия Гийен-Барре. Диагностика. Лечение

8. Ганглиониттер. Этиологиясы, клиникасы және емі.Емдеу ерекшеліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, қарауларға қатысу, тақырып бойынша науқастарды қарау, науқастарды курациялау, кіші топтармен жұмыс, өзекті мәселелік – ориентациялық оқыту, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Кайшибаев С.К. Неврология, II том. - Алматы, 2009ж.

2.Гусев Е.И., Гречко В.Е. Нервные болезни. - М.: Медицина, 2000. 379-415бет.

3.Триумфов А.В. Топическая диагностика заболеваний нервной сис­темы. - М.: Медгиз, 2005.- 217-242

4.Мартынов Ю.С. Нервные болезни. - М.: Медицина, 2001.-с.151-171

Қосымша:

1. Карлов В.А. Терапия нервных болезней.-М.Медицина,2002.-с.443-484

2.Мументалер М.,Маттле Х.Невология. - М.: Медпресс-информ,2009.-с.543-799

3. Гусев Е.И. Методы исследования в неврологии и нейрохирургии.-М., 2000., 158-164 с.

7.Бақылау сұрақтары:

1. Шеткі нерв жүйесі ауруларының жіктелуі.

2. Бет нерві нейропатиясы, әртүрлі деңгейде зақымдану белгілері,емі.

3. Герпестік невралгиялар. Емдеу тактикасы.

4. Нейропатиялардың электронейродиагностика. Емі, еңбекке жарамдылығы.

5. Диабеттік, алкогольдік полинейропатиялардың клиникалық симптомдары. Диагностикасы.

6. Патогенетикалық және симптоматикалық емі.

7. Дорсопатиялар. Клиникалық симптомдары, емдеу әдістері.

8. Әртүрлі деңгейдегі радикулопатиялардың клиникалық симптомдары, емдеу принциптері.

9. Эрба-Рота, Дежерина-Клюмпке плекситінің клиникалық көрінісі. Горнер синдромының патогенезі. Емдеу тактикасы.

10. Дорсопатиялардың рентгенологиялық және томографиялық диагностикасы.

Тесттер:

1. Бел-сегізкөз радикулопатиясына қай симптом тән?

А. анталгиялық қалып

Б. зәрін ұстамау

В. төменгі сіреспелі парапарез

Г. тізе рефлексінің жоғарылауы

Д. ахилл рефлексінің жоғарылауы

2. Науқас К., 45 жаста, жұмыс істеп жатқанда бел-сегізкөз аймағында аяғына берілетін қатты ауру сезімі пайда болды. Объективті: оң балтыр бұлшық еттерінің гипотониясы, оң жақта ахилл рефлексі анықталмайды, оң балтыр сыртқы аймағының гипестезиясы.

Қай түбірлер үрдіске қатысты?

А. 3-4 бел түбірлері

Б. 4-5 бел түбірлері

В. 5 бел, 1 сегізкөз түбірлері

Г. 3-4 сегізкөз түбірлері

Д. 2-3 бел түбірлері

3. Бел-сегізкөз дорсопатиясымен ауыратын науқаста тартылу симптомдары анықталды. Төменде аталғандардың қайсысы тартылу симптомына жатады?

А. Бабинский симптомы

Б. Россолимо симптомы

В. Ласег симптомы

Г. Брудзинский симптомы

Д. Бабкин симптомы

4. L3-L4 түбірлерінің зақымдануына қай симптом ең тән?

А. тізе рефлексінің төмендеуі

Б. санның артқы бетінің гипестезиясы

В. табан рефлексінің төмендеуі

Г. ахилл рефлексінің төмендеуі

Д. аяқ басы бұлшық еттерінің парезі

5. Омыртқа остеохондрозы радикулопатиялары өршуінің жиі себептері барлығы, біреуінен басқа:

А. суықтану

Б. омыртқа жарақаттары

В. ауыр көтеру

Г. жылдам қозғалыс

Д. құрсақ қуысындағы қабыну үрдісі

6. Радикулопатияға сезімталдық бұзылысының қай түрі ең тән?

А. өткізгіш

Б. полиневриттік

В. мононевриттік

Г. түбірлік

Г. артқы мүйіздік-сегментарлы

7. Түбірдің шаншылу белгісін көрсетіңіз:

А. дерматомдық гипоальгезия

Б. сеімталдықтың диссоциаланған бұзылысы

В. Броун-Секар синдромы

Г. аяқтың орталықтан салдануы

Д. жамбас қуысы ағзаларының бұзылысы

8. Жедел Гийена-Барре полирадикулонейропатиясы жиі дамиды?

А. қарт адамдарда

Б. 2 типті қант диабетімен науқастарда

В. ОЖЖ қатерлі ісіктерімен науқастарда

Г. жастарда

Д. 1 типті қант диабетімен науқастарда

9. Полинейропатияның ең жиі себебі болып табылады?

А. қантамырлық факторлар

Б. токсикалық факторлар

В. инфекциялық факторлар

Г. дисметаболикалық факторлар

Д. диабетикалық факторлар

10. Біріншілік Гийена- Барре полирадикулонейропатиясының клиникалық көріністерін атаңыз?

А. мимикалық бұлшық еттердің орталық парезі

Б. сіреспелі тетрапарез

В. сіреспелі монопарез

Г. орталық сіреспелі гемипарез

Д. ликвордағы ақуыз-жасушалық диссоциация

11. Біріншілік Гийена- Барре полирадикулонейропатиясының дамуында негізгі роль атқарады?

А. қан аурулары

Б. вирусты инфекция

В. артериальды гипертензия

Г. атеросклероз

Д. жүрек аурулары

12. Біріншілік Гийена- Барре полирадикулонейропатиясы кезінде патологиялық үрдіс басталады?

А. қолдардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

Б. аяқтардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

В. аяқтардың дистальды аймақтарынан

Г. бас миы қыртысының зақымдануынан

Д. ішкі капсула зақымдануынан

13. Гийена – Барре полирадикулонейропатиясында сезімталдық бұзылысының қай типі байқалады?

А. церебральды – қыртыстық

Б. церебральды – капсулярлы

В. церебральды – бағандық

Г. спинальды – өткізгіштік

Д. дистальды

14. L3-L4 түбірлерінің зақымдануына қай симптом ең тән?

+А. тізе рефлексінің төмендеуі

Б. санның артқы бетінің гипестезиясы

В. табан рефлексінің төмендеуі

Г. ахилл рефлексінің төмендеуі

Д. аяқ басы бұлшық еттерінің парезі

15. Созылмалы алкоголизммен ауыратын аяқ-қолының жансыздануына, ауырсынуына, әлсіздікке, жүрісінің қиындауына шағымданады. Обьективті: дистальды бөлігінің парезі, гипотония және гипотрофия, карпорадиалды рефлекстің төмендеуі, ахилл рефлексінің шақырылмауы, "қолғап" және "шұлық» типте гипестезия анықталды. Болжамалы диагноз қойыңыз

А. ортаңғы нерв нейропатиясы

Б. шонданай нерві нейропатиясы

В. миелит

Г. бел- сегізкөз плексопатиясы

Д. полинейропатия


1. Тақырыбы №9 «ОЖЖ –нің (орталық жүйке жүйесінің) қабыну аурулары. ОЖЖ –нің вирустық және бактериалдық инфекциялары. Вирустық кене энцефалиті. Герпестік энцефалит. Вирустық энцефалит. Вирустық менингит.»

2. Мақсаты: ОЖЖ қабыну ауруларының классификациясы, патогенезді және клиникалық суретті, әртүрлі этиологиядағы вирусты энцефалиттердің клиникалық ерекшелігі, іріңді, вирустық және туберкулездік менингиттері жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту (менингит, энцефалит, люмбальдық пункцияс, ликворлық синдром).

3. Оқыту мақсаты:

- ОЖЖ-нің қабыну ауыруларының патогенетикалық даму ерекшеліктерімен

- ОЖЖ-сі қабынған ауыруларды қарау әдісімен таныстыру.

- Нейроинфекцияның жіктелуімен таныстыру (біріншіліқ және екіншілік менингиттер және энцефалиттер, вируснты, микробты).

- Менингиттің және энцефалиттің әр түрлі формаларын клиникалық көрініс ерекшелігімен таныстыру.

- Жана түсініктерін енгізу: «менингит, энцефалит, люмбальдық пункция, ликворлық синдром, плеоцитоз».

- ОЖЖ-сінің қабынуы ауыруларын алдын алу және емдеу принциптерімен тыныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Менингеальдық синдром.

2. Люмбальды пункция: қолданылуы, тәсілі методикасы, ми жулын суын талдап тексеру әдісін көрсету.

3. Біріншілік және екіншілік менингиттің, энцефалиттің этиологиясы.

4. Нейроинфекциялық кезенде патоморфологиялық өзгерістер.

5. Менингиттің жіктелуі, іріңдіқ және сероздық менингиттің этиологиясы, эпидемиологиясы және клиникасы.

6. Менингиттердің қазірге этиопатогенетикалық терапиясы; туберкулезді және іріңді менингиттерге жедел терапияның маңызы және принциптері.

7. Кене энцефалиті, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық түрлері, кене энцефалитінің созылмалы ағымы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- тақырып бойынша ауызша сұрау

- кейс- стади (қабыну аруларына байланысты есеп құрастырц)

- дискуссиялар

- нейроинфекциямен ауруларды қарау

- тесттілеу

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Кайшибаев С.К. Неврология, II том. - Алматы, 2009ж.

2.Гусев Е.И., Гречко В.Е. Нервные болезни. - М.: Медицина, 2000.

3.Штульман Д.Р. Неврология. Москва. МЕДпресс- инфо. 2007. 457-471 бет.

Қосымша:

1.Вейнер Г., Левит Л. Неврология. – М.: Медицина, 2000.

2.Кайшибаев С.К. Словарь-справочник часто встречающихся неврологических терминов. – Алматы, 2005.

3.Классификация болезней нервной системы и примеры формулировки неврологического диагноза (пособие для врачей и студентов старших кур­сов) / Б.А.Абеуов, Е.С.Нургужаев. - Алматы, 1998. - 81с

7. Бақылау сұрақтары

1.Нейроинфекция классификациясы (біріншілік және екіншілік энцефалиттер, вирусты, жұқпалы-аллергиялық).

2.Кенелік энцефалит; этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық түрлері (менингеальдық, полиомиелитикалық, ми баганасылық, церебральдық), кенелі энцефалиттің созылмалы дамуы.

3.Кенелік энцефалиттің диагностикасы, алдын алу және емдеу.

4. Герпестік энцефалит, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы және емдеу.

Тесттер.

1.Менингиттің анықматасын беріңіз:

А) омыртқааралық дисктердің қабынуы

Б) Ми қабықшаларының қабынуы

В) бассүйек –ми нервтеріндегі қабыну үрдісі

Г) бас миының демиелинизациясы

Д) Вегетативті ганглийлердің қабынуы

2. Біріншілік менингитті атаңыз:

А) Туберкулездік

Б) токсоплазмоздық

В) менингококктық

Г) мерездік

Д) сепсистік

3. Менингококкты менингит қоздырғышы:

А) Вексельбаум грамм теріс диплококкы

Б) Стафилококк

В) гемолитикалық стрептококк

Г) Лилли-Армстронг вирусы

Д) Коксаки вирусы

4. Армстронг вирусымен шақырылатын ауруды көрсетіңіз,вирус резервуары –үй тышқаны:

А) менингококктық менингит

Б)Эпидемиялық энцефалит

В)лимфоцитарлық хориоменингит

Г)Екіншілік іріңді менингит

Д) Туберкулездық менингит

5. Плеоцитоздың анықтамасы:

А) Ликворда белок мөлшерінің төмендеуі

Б) ликворда белок мөлшерінің жоғарылауы

В) Ликворда клеткалар мөлшерінің жоғарылауы

Г) Ликворда клеткалар мөлшерінің төмендеуі

Д) Ликвор түсінің өзгеруі

6. Бактериялық этиологиялы екіншілік серозды менингитті ата:

А) менингококктық менингит

Б) Лимфоцитарлық хориоменингит

В) Коксаки менингиті

Г) Туберкулезді менингит

Д) Герпестік менингит

7. Продромальді кезеңінде назофарингиттің дамуы тән:

А) менингококктық менингит

Б) эпидемиялық энцефалит

В) Лимфоцитарлы хориоменингит

Г) Энтеровирустық менингит

Д) Туберкулездік менингит

8. Сұйық жиі үлкен дәрет пен диспепсиялық бұзылыстар тән:

А) Екіншілік іріңді менингитке

Б) Менингококкты менингитке

В) Лимфоцитарлы хориоменингит

Г) туберкулездік менингитке

Д)Энтеровирусты менингитке

9. Біріншілік серозды менингиттің қоздырғышы қайсысы:

А)стафилококк

Б) Стептококк

В) пневмококк

Г) Тұмау вирусы

Д) Коксаки энтеровирусы

10. Туберкулездік менингиттегі ликвордағы өзгерістер:

А) түсі эритрохромды

Б) Лимфоцитарлы плеоцитоз,фибриндік жабындының түзілуі

В) түсі-лайлы

Г) нейтрофильді плеоцитоз

Д) ликвордың түсі-жасыл

11. Науқас К. 15 жаста,жалпы әлсіздік пен тамағының ауруымен қоса жедел түрде басынының ауруы,лоқсу,құсу пайда болған. Анамнезінде:тауға саяхатқа шыққанда суық тиіп қалған. Жалпы қарап-тексергенде: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі,жалпы гиперестезия, Керниг симптомы оң, дене қызуы 39-ға дейін жоғарылаған, терісінде петехиальді қан құйылулар. Жұлын сұйықтығын зерттегенде:ликвор-іріңді, жасуша-белоктық диссоциация; мидың КТ: патология жоқ. Диагноз қойыңыз. Ауруханаға жатқызу барысы:

А) Армстронг хориоменингиті, неврологиялық бөлім

Б) Туберкулездік менингит, фтизиатриялық клиника

В) Менингококктық менингит, жұқпалы аурулар ауруханасы

Г) Екіншілік іріңді менингит; неврологиялық бөлім

Д) бас миының абсцессі; нейрохирургиялық бөлім

12. Ауруханаға науқас А. келді 45 жаста. Бас ауруына, құлағындағы шуылға, оң құлағындағы ауру сезіміне шағымданады. Жарты жылдың ішінде ЛОР-дәрігерде 2 рет созылмалы іріңді отит диагнозымен емделген. Жалпы қарап-тексергенде: Керниг пен Брудзинский симптомдары оң, омыртқасындағы ауру сезімі. Тексергенде: қан талдауында-лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған; ликворда-жасыл түсті, нейтрофильді плеоцитоз, қысымы-300 мм.су бағ. Диагноз қойыңыз:

А) Екіншілік іріңді менингит

Б) Кенелік энцефалит

В) Тұмаулық менингоэнцефалит

Г) Туберкулездік менингит

Д) серозды Коксаки менингиті

13. Науқас П. 21 жаста. Ауруханаға бас ауруымен, көз алдында заттың қосарлануына, арықтағанына шағымданып түсті. Ауырғанына 1 жыл болған-жоғарыдағы симптомдар өршіп отырған. Жалпы қарап-тексергенде: менингеальді синдром, сол жақтық көз қозғалтқыш нервтің парезі, аяқ-қолдарында бұлшықет күштері өзгермеген. Тексеру кезінде: қан және несеп талдауы –қалыпты, ликвор-мөлдір, цитоз 500 жасушаға дейін (лимфоциттер), қант төмендеген 1,2 ммоль/л, бір тәуліктен кейін –ликворда фибринді жабынды пайда болды. Диагноз қойыңыз.

А) менингококкты менингит

Б) Екіншілік іріңді менингит

В)энцефаломиелит

Г) лимфоцитарлы хориомиелит

Д) туберкулездік менингит

14. Науқас Л. 29 жаста. Қолы мен иық бұлшықеттеріндегі әлсіздікке, бас ауруына шағымданып түсті. Анамнезінен-3 ай бұрын бір апта бойы таулы аймақта жұмыс істеген, кененің шаққанын байқаған, дәрігерге қаралмаған. Қарап-тексергенде: қолдарында әлсіз парез (4,0 балл), қолы мен иық белдеуіндегі бұлшықеттер гипотрофиясы, «салбыраған бас» симптомы.тексергенде: қан және зәр талдауы –қалыпты, ликвор-мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз. Кенелік энцефалит түрін атаңыз:

А) энцефалиттік

Б) полиомиелиттік

В) менингеальді

Г) қызбалық

Д) бульбарлы

15. 8 жасар бала қызылшамен ауырған, бөртпелер кезеңінің соңында аурудың 3-5 күндері бас ауруы күшейген, ұйқышылдық, құлағының естімеуі пайда болған. Қарап-тексергенде: конвергенция жетіспеушілігі, жеңіл сол жақтық гемипарез. Тексергенде: қан және зәр талдауы патологиясыз; ликворда - лимфоцитарлы плеоцитоз, белок-0,066 г/л. Клиникалық диагнозын қойыңыз:

А) екіншілік қызылшалық энцефалит

Б) екіншілік қызылшалық менингит

В) екіншілік қызылшалық миелит

Г) Гийен-Барре синдромы

Д) Церебральды абсцесс

Тақырыбы №10: Эпилепсия. Эпилепсиялық статус. Бас сақинасы. Жүйке жүйесінің миелинсізденген аурулары (шашыранды склероз, жедел шашыранды энцефаломиелит). Дегенаративтік аурулар (бүйірлік амиотрофиялық склероз, сирингомиелия).

2. Мақсаты:Жүйке жүйесінің миелинсізденген және дегенеративті ауруларының, естің сонымен қатар эпизодтық және пароксизмальды бұзылысының этиологиясы, клиникасы және емі туралы білімін қалыптастыру. Құқықтық компетенцияны қалыптастыру- жүйке аурулары клиникасында жұмыс қауіпсіздік ережесін сақтау

3. Оқыту мақсаты:

- Естің эпизодты және пароксизмальды бұзылысының этиологиясын және даму механизмін ашу.

- Естің эпизодтық және пароксизмальды бұзылысының емі

- ЭЭГ, бейне ЭЭГ мониторинг, аура терминдерінмен таныстыру

- Миелинсізденген және дегенеративті ауруларды жалпы патологиялық үрдіс ретінде маңызын ашу.

- Миелинсізденген және дегенеративті аурулардың этиологиясы, клиникасы.

- Жүйке жүйесінің миелинсізденген және дегенеративті ауруларының емдеу тактикасын таңдау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Эпилепсия және эпилептикалық синдромдардың жіктелуі.

2. Самайлық (лимбикалық) эпилепсия мәселесі.

3. Эпилепсияның заманауи емдеу әдістері.

4. Бас сақинасына турлы түсінік. Бас сақинасының жіктелуі.

5. Бас сақинасының заманауи емдеу әдістері.

6. Миелинсізденген аурулардың жіктелуі.

7. Шашыранды склероздың себебі мен даму механизмі.

8. Шашыранды склероздың клиникалық түрлері мен саралау диагностикасы.

9. Шашыранды склероздың замануи емдеу әдістері.

10. Жедел шашыранды энцефаломиелиттің себебі мен даму механизмі

11. Жедел шашыранды энцефаломиелиттің клиникалық түрлері, емі.

12. Бүйірлік амиотрофиялық склероздың этиологиясы, клиникасы

13. Сирингомиелияның клиникалық көрінісі.

14. Миелинсізденген және дегенеративті ауруларды замануи емдеу әдістері

Білім берудің және оқытудың әдістері:

- ауызша сұрау, тестілеу

- тақырып бойынша науқастарды қарау

- науқастарды курациялау

- кіші топтармен жұмыс

- презентациялар

- кері байланыс.

6. Негізгі әдебиет:

1. Кайшибаев С.К. Неврология, 2 бөлім «Айкос». Алматы, 2009.166-173 бет

2. Д.Р. Штудбман, О.С.Левин. Неврология, Москва, «МЕДпресс- информ» 2005 ж.,

328-333 бет.

Бақылау:

1. Эпилепсияға анықтама беріңіз.

2. Эпилепсиялық статусты емдеу

3. Бас сақиналық статустың клиникалық көрінуі. Бас сақиналық статусты басу.

4. Миелинсіздену ауруларына сипаттама беріңіз

5. Жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларына сипаттама беріңіз

6. Альцгеймер ауруының себебі мен даму механизмі.

7. Альцгеймер ауруының клиникалық түрлері мен саралау диагностикасы.

8. Альцгеймер ауруының замануи емдеу әдістері

Тесттер

1. Таралымды эпилепсиялық ұстамаға қандай тырысулар тән?

А) клоникалық

Б) миоклоникалық

В) тетаниялық

Г) «акушер қолы» түріндегі тырысу

Д) миоклониялар

2. Эпилепсия ұстамасы алғаш қай жаста пайда болады?

А) бірінші 20 жаста

Б) 30 жаста

В) 40 жаста

Г) 50 жаста

Д) 70 жаста

3. Парциальды ұстамалар кезінде ошақ қай бөлімде орналасқан:

А) бас ми қыртысында

Б) ішкі капсулада

В) бас ми бағанында

Г) көру төмпешігінде

Д) паллидо –нигральды жүйеде

4.Типтік абсанстың ұзақтығы?

А) 5-20 сек

Б) 5 сағат

В) 60 минут

Г) 1 сағат 20 минут

Д) 5 күн

5.Көру аурасы тән:

А) бас миының шүйде бөліміне

Б) бас миының самай бөліміне

В) бас миының төбе бөліміне

Г) бас миының маңдай бөліміне

Д) төбе – самай бөліміне

6.Эпилепсия кезінде электроэнцефалограммада қандай өзгерістер анықталады?

А) «баяу – жедел толқын» кешені пайда болады

Б) альфа – ритмнің жоғалуы

В) бета – ритмнің жоғалуы

Г) амплитудасы 50 мкв альфа – ритм пайда болады

Д) амплитудасы 30 мкв альфа – ритм пайда болады

7.Антиконвульсанттарға жатады?

А) депакин

Б) ноотропил

В) прозерин

Г) бетагистин

Д) актовегин

8.Эпилепсияның диагностикасында маңызды зерттеу әдісі болып табылады?

А) ЭЭГ

Б) ЭМГ

В) УЗДГ

Г) бас сүйегінің рентгенографиясы

Д) РЭГ

9.Бас сақинасы кезіндегі аураны байланыстырады?

А) миішілік тамырлардың тарылуымен

Б) мидың қатты қабатының артерияларының кеңеюі

В) ми артерияларының жыртылуымен

Г) бас веналарының жыртылуымен

Д) минуттық көлемнің түсуімен

10. Бас сақинасы кезіндегі бас ауруын байланыстырады:

А) миішілік тамырлардың тарылуымен

Б) мидың қатты қабатының артерияларының кеңеюі

В) ми артерияларының жыртылуымен

Г) бас веналарының жыртылуымен

Д) минуттық көлемнің түсуімен

11.Бас сақиналық статусты басу үшін қолданылады:

А) триптандар

Б) антибиотиктер

В) антихолинэстеразды препараттар

Г) кофеин

Д) амизол

12.Қандай патоморфологиялық өзгерістер шашыранды склероз ауруын сипаттайды?

1. Өткізгіштердің миелинсізденуі

2. Микрогеморрагия

3. Майда ариериолалардың тарылуы

4. Периваскулярлық инфильтрация

5. Некроз

13. Шашыранды склероздың өршуі кезінде қандай ем қолданған жөн?

1. Цитостатиктер

2. Глюкокортикоидтар

3. Миорелаксанттар

4. Антибиотиктер

5. Стероидтар

14. Шашыранды склерозды нақтайтын әдіс?

1. УДДГ

2. Ангиография

3. КТ контрастпен

4. МРТ контрастпен

5. Миелография

15. 20 жастағы науқасты тексергенде: горизонтальдық нистагм, атаксиялық жүріс, Ромберг кейпінде тұрақсыздық, құрсақ рефлекстерінің болмауы, тізе рефлексі жоғары. Аяқ- ұшы клонусы анықталды. Сіздің болжамалы диагнозыңын?

1. Менингит

2. Ми ісігі

3. Поинейропатия

4. Паркинсон ауруы

5. Шашыранды склероз

16. 35 жастағы науқаста горизонтальдық нистагм, дизартрия, эйфория, аяғында парестезия, төменгі сіреспелі парапарез, құрсақ рефлекстерінің болмауы анықталды. Сіздің болжамалы диагнозыңын?

1. Поинейрадикулоневрит

2. Миелит

3. Шашыранды склероз

4. Жұлын семуі.

5. Энцефалит

17. 40 жастағы сырқатта Шарко үштігі, көру нервінің самай бөлігінің бозаруы, құрсақ рефлекстерінің болмауы анықталды. Сіздің болжамалы диагнозыңын?

1. Шильдер энцефалиті

2. Шашыранды склероз

3. Жедел шашыранды энцефаломиелит

4. Пик ауруы

5. Пьер- Мари ауруы

18. 21 жастағы срқатта кенеттен эпилепсиялық ұстама дамыды, галлюцинациямен бірге психоздық жағдай, көз түбінде- іркілу анықталды. Емдеу нәтижесінде симптомдар жойылды.

Сіздің болжамалы диагнозыңын?

1. Шашыранды склероз

2. Ми ісігі

3. Шильдер энцефалиті

4. Жедел шашыранды энцефаломиелит

5. Геморрагиялық инсульт





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 2123 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.053 с)...