Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тесттер



ТӘЖІБИРЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІКТЕР

Пән, пәннің коды – «Неврология, психиатрия, наркология» PNN 4306

Мамандығы – 051301 «Жалпы медицина»

Курс – 5

Семестр – IX, Х

Тәжірибелік сабақтар – 45 сағ.

Алматы 2013

«Неврология, психиатрия, наркология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы жүйке аурулары кафедрасының мәжілісінде қаралып бекітілген.

хаттама № 1 «26» тамыз 2013 жылдан.

Жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі

_______________ профессор, м.ғ.д. Е.С. Нургужаев


Тақырып: Сезімталдық және оның бұзылыстары. Үстірт және терең сезімталдықты тексеру әдістері. Зақымдану симптомдары мен синдромдары.

2.Мақсаты: сезімталдық бұзылыстарын тексеру әдістерін білу және үйрету,сезімталдық бұзылыстарының топикалық диагностикасы.

3. Оқыту мақсаты:

- сезімталдық бұзылыстарын тексеру әдістерін үйретуджолдың құрылысын оқыту

- сезімталдық бұзылыстарының симптомдары мен синдромдарын анықтауды үйрету

- сезімталдық бұзылысының топикалық диагностикасы

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сезімталдық жүйесін тексеру әдістері

2. Сезімталдық бұзылысының түрлері

3. Сезімталдық бұзылысының типтері

4. Сезімталдық бұзылысының симптомдары мен синдромдары.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- сезімталдық анализаторының өткізгіш жолдарының құрылысын ауызша талдау

- көрнекі құралдармен өзіндік жұмыс, оқытушымен бірге өткізгіш жолдарды талдау

- студенттердің бір-бірімен сезімталдықты тексеру әдісін игеру

- зақымдану деңгейіне байланысты қимыл- қозғалыс бұзылыстарын анықтау, сіреспелі және босаң парезді саралау.

- әртүрлі сезімталдық бұзылыстары бар науқастарды студенттермен қарау

- кіші топпен жұмыс, тақырып бойынша қысқаша сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

6. Әдебиет

Негізгі:

1. Кайшибаев С.К. Неврология. Оқулық. I, 1бөлім. 3-16 бет, Алматы, 2009г

2. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. 27-46 бет М.: Медпрессинформ, 2007.

3. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: оқулық +СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

4. Бадалян Л.О. Детская неврология. Оқулық. М., 2007.

Қосымша:

Дж. Брильман, С.Коэн. Неврология. Москва, «МЕДпресс-информ» 2009г, стр 16-34.

Петрухин А. С. Неврология детского возраста. М., Медицина, 2008

7. Бақылау сұрақтары

1. Анализатор және оның құрылымы

2. Сезімталдықтың жіктелуі

3. Сезімталдықты зерттеу тәсілдері

4. Сезімталдықтың бұзылу түрлері

5. Сезімталдықтың бұзылу типтері

6. Сезімталдықтың бұзылылысының симптомдары мен синдромдары

Тесттер

1.Үстірт сезімталдық түріне жатады?

А. ауырсыну сезімі

Б. вибраиялық

В. діріл сезімі

Г. басып сығу сезімі

Д. жанасу сезім

2. Үстірт сезімталдық түріне жатады?

А. стереогностикалық сезім

Б. буын-бұлшық ет сезімі

В температуралық сезім

Д діріл сезімі

Г. кинестетикалық сезім

3. Сезімталдықтың қай түрі күрделі болып келеді?

А. стереогностикалық сезім

Б.Буын-бұлшық ет сезімі

В. діріл сезімі

Г. температуралық сезімі

Д. ауырсыну сезімі

4. L5-S1 түбіршіктері компрессиясында сезімталдықтың бұзылу типін атаңыз:

А. өрімдік

Б. сегменттік-диссоциация

В. полиневриттік

Г. түбірлік

Д. мононевриттік

5. Полиневриттік синдромға сезімталдықтың бұзылуының қай типі сәйкес келеді?

А. дистальдық

Б. түбірлік

В. сегменттік-диссоциациялық

Г. өрімдік

Д. ми қыртысы

6. Сырқатта сезімталдықтың белдеу түрінде симметриялы диссоциацияланған бұзылуы бар. Не зақымданған?

А. сыртқы нерв

B. артқы түбіршек

В. артқы мүйіз

Г. жұлын-көру төмпешігі шоғыры

Д. Голль шоғыры

7. Артқы түбіршектер зақымданғанда сезімталдықтың бұзылуының қай типі байқалады?

А. полиневриттік

Б. церебральдік

В. өрімдік

Г. сегменттік-диссоциация

Д. түбірлік

8. Сырқат С5-D2 дерматома аймағында ауырсыну мен температуралық сезімталдықтың симметриялы бұзылуы бар. Не зақымданған?

А. түбіршіктер

Б. сыртқы нервтер

В. алдыңғы сұр зат

Г. жұлын-көру төмпешігі шоғыры

Д. артқы мүйіз

9. Сезімталдықтың бұзылуының қай типі полиневриттік синдромға дәлірек келеді?

А. сыртқы

Б. түбірлік

В. жұлын сегменттік

Г. өрімдік

Д. дистальдық

10. Сырқатта DIV-DVII аралығынды екі жағынан (тактильдік және проприоцептивтік сезімталдық сақталған), ауырсыну мен терең сезімталдықтың бұзылуы тіркелді. Сырқатта сезімталдықтың бұзылуының қай типі бар?

А. сыртқы

Б. сегменттік артқы мүйіз

В. комиссуральдық-сегменттік

Г. өрімдік

Д. полиневриттік

11. Сырқатта сол аяғында D12 деңгейдегі үстірт сезімталдықтың бұзылуы, оң аяғында бұлшық ет-буын сезімі бұзылған, аяқ саусақтарының үйлесімділігінің бұзылуы және D12 деңгейінен бастап қысымның болуы байқалады, оң аяғында орталық монопарез білінеді? Не зақымданған? Қандай синдром?

А. омыртқааралық түйін

Б. жұлынның толық көлденеңінен зақымдануы

В. жұлынның жартылай көлденеңінен зақымдануы

Г. Броун-Секар синдромы

Д артқы мүйіз

12. Алкогольді пайдаланушы 40 жастағы сырқат ұйқыдан соң оң қолының әлсіздігін байқайды. Неврологиялық статуста- қол саусақтарын жаза алмайды. m.triceps рефлексі жоқ, иықтың сыртқы бетінде, қол ұшының сыртқы бетінде және саусақтарында гипестезия білінеді. Сырқатта сезімталдықтың бұзылуының қандай типі байқалады?

А. өрімдік

Б. мононевриттік

В. түбіршек

Г. сыртқы

Д. ми қыртысы

13. Жүйке жүйесінің қандай құрылымы зақымданағанда сезімталдық бұзылысының шеткі типі анықталады?

А. алдынғы мүйіз

Б. шеткі нервтер

В. ми бағаны

Г. бүйір бағаны

Д. көру төмпешігі жолы

14. Жүйке жүйесінің қандай құрылымы зақымданағанда үстірт сезімталдық бұзылысы анықталады?

А. артқы мүйіз

Б. шеткі нервтер

В. артқы түбіршік

Г. алдынғы мүйіз

Д. Голь шоғыры

15. Сырқат адамның оң аяғында терең сезімталдылықтың өткізгіштік синдро

мы анықталған. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?

А. Флексиг шоғыры

Б. Жұлынның артқы түбіршегі

В. Жұлынның артқы мүйізі

Г. Жұлын-көру төмпешігі өткізгіш жолы

Д. Голь өткізгіш жолы





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 1028 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...