Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Вегетативтік жүйке жүйесі. Вегетативтік жүйке жүйесін зерттеу және зақымдану синдромдары



2. Максаты: Ми қыртысы және вегетативтік нерв жүйесі туралы білімін және бұзылыстарын анықтауды үйрету. Коммуникативтік тәжірибесін арттыру.

3.Оқыту мақсаты:

- Жоғары ми қызметін тексеру (экспрессивтік және имперссивтік сөйлеу, оқу, санау, праксис)

- Қыртыстық проекциялық және ассоциативтік алаңдардырдың зақымдануын айыра білу.

- Қыртыстық сөйлеу бұзылыстары

- Ми қыртысы зақымдануының топикалық диагнозын қоюға.

- Вегетативтік нерв жүйесінің функциясын зерттеуді (дермографизм, көз-жүрек рефлексі, сына- және ортостатикалық сынақты).

- Вегетативтік бұзулудың жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейіндегі зақымдануын ажырата білуі, лимбия-ретикулярлық комплекстің зақымдану симптомдары мен синдромдары

- Жамбас қуысы ағзаларының зақымдану синдромын анықтай білуі

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қыртыстық проекциялық және ассоциативтік алаңдар туралы түсінік

2. Ми қыртысының негізгі қызметі (экспрессивтік және имперссивтік сөйлеу, оқу, санау, праксис), оларды тексеру әдістері

  1. Қыртыстық зақымдану бұзылыстары: моторлық, сенсорлық, амнестикалық, семантикалық афазия, алексия, акалькулия, агнозия, апраксия, аграфия;

4. Вегетативтік нерв жүйесінің сегменттік және сегмент үсті құрылымдары, симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі.

5. Сегмент үсті құрылымдардың зақымдану симптомдары

6. Сегменттік деңгейде зақымдану симптомдары.

7. Зақымдану және тітіркену синдромдары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- студенттердің бір-бірімен нейропсихологиялық тексеруді жүргізу

- ми қыртысы құрылымдарын зақымдану деңгейіне байланысты байланысты симптомдарын талдау

- вегетативтік жүйке жүйесін тексеру әдістері ауызша талдау

- студенттердіңвегетативтік нерв жүйесін тексеру әдістер игеру: тері, жүрек- қан тамырлық рефлекстер, дене тепературасы, трофикалық қызметі

- сегменттік және сегмент үсті құрылымдары, симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдерін үйрену

- сегмент үсті құрылымдарын за қызметін (гипоталамус, ретикулярлық формация, бас миының самай бөлігі) талдау

- кіші топпен жұмыс, тақырып бойынша қысқаша сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

6. Әдибиеттер:

Негізгі:

негізгі:

1. Кайшибаев С.К. Неврология. Оқулық. I, II бөлім, Алматы, 2009г

2. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. М.:

Медпрессинформ, 2007.

3. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: оқулық +СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

4. Бадалян Л.О. Детская неврология. Оқулық. М., 2007.

5. Петрухин А. С. Неврология детского возраста. М., Медицина, 2008

қосымша:

6. Карлов В.А. Неврология лица. М.: Медицина 1991г.

7. Баркер Р.И т/б. Наглядная неврология: оқулық әдістемесі /ағылшын тілінен аударылған ред. В.И.Скворцовой. – 2-ші басылым. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

7. Бакылау сұрақтары:

1. Қыртыстық проекциялық және ассоциативтік алаңдар

2. Қыртыстық сөйлеу бұзылыстары

3. Вегетативтік нерв жүйесі, қызметі, тексеру әдісі

4. Сегмент үсті құрылысдардың зақымдану симптомдары

5. Сегменттік деңгейде зақымдану симптомдары.

6. Зақымдану және тітіркену синдромдары

Тесттер

1. Моторлық афазия қандай аймақтың зақымдануында пайда болады?

А. XІІ нервінің ядросы

Б. Броктың аймағы (44 аймақ)

В. Вернике аймағы (22 аймақ)

Г. еңбек үлесі (39-40 аймақ)

Д. желке үлесі (41,43 аймақ)

2. Сырқат өзі тұрған ортаны ажырата алады, бірақ заттың атын атай алмайды. Сөйлеу бұзылысын қалай деп атайды?

А алексия

Б акалькулия

В моторлық афазия

Г сенсорлық афазия

Д амнестикалық афазия

3. Сырқат киінуді ұмытқан, ыдыспен, қасықпен пайдалана алмайды, оны киіндіреді, тамақтандырады. Патологиялық ошақ қайда орналасқанын ажыратыңыз.

А) желке бөлімінің оң жағында

Б) экстрапирамидалық жүйде

В) маңдай бөлімінің сол жағында

Г) артқы орталық қатпардың оң жағында

Д) маңдай бөлімінің сол жағындағы қатпардың шетінде

4. Сегментарлық вегетативті бұзылысқа қандай белгі келмейді?

А) вегетативті полинейропатиялар

Б) гипоталамикалық белгі

В) вегетативті өрімнің невриті

Г) вегетативті-ирритативті белгі

5. Сырқатта аяқ-асты қорқу сезімі пайда болады, жүрегі қатты соғады, қалтырау сезіледі, қан қысымы көтеріледі. Бұл белгі қалай аталады?

А) гипоталамикалық белгі

Б) симпатикалық-адреналдық криз

В) ваго-инсулярлық криз

Г) аралас криз

Д) ми қыртысының лимбикалық аймағының зақымдану белгісі

6. Симпатиқалық адреналдық криз кезінде науқастарда қандай сезімдер пайда болады?

А) қорқыныш

Б) қөру елестері

В) қулақ шуылы

Г) көз қарауытуы

Д) бастың ұлғаю сезімі

7. Симпатиқалық адреналдық кризде қандай гиперкинездер байқалады?

А) тоңазығындай тәрізді дірілдеу

Б) саусақ, қабақ дірілдеу

В) тырысу

Г) фибриллярлық тартылу

Д) бұлшық ет талшықтарыңың шоғырлана тартылуы

8.Амнестиқалық афазия бар науқас істей алады?

а. өзіне арналған сөзді түсінеді

б. затты атау

в. дауыстап оқу

г. айтумен жазу

д. өз бетімен жазу

9. Мидын маңдай бөлегі зақымдалғанда байқалады?

а. астазия-абазия

б. гемианестезия

в. астереогнозия

г. апраксия

д. моторлық афазия

10. Сол жақ артқы иерелең зақымданғанда байкалады?

а. оң жағындағы гемигипостезия

б. сол жағындағы гемигипостезия

в. денеңің қарама қарсы жағында парастезия

г. денеңің өз жағында парастезия

д. сезімталдықтың бұзылуының алмасушылық типі

11. Төбе аймағы зақымданғанда байкалады?

а. астереогнозия

б. моторлық афазия

в. сенсорлық афазия

г. алексия

д. гемианопсия

12. Шүйде аймағы зақымданғанда байкалады?

а. афазия

б. метаморфопсиялар

в. босаң парез

г. астазия абазия

д. анакузия

13.Сегментарлық вегетативті бұзылысқа қандай белгі тән емес?

А) вегетативті полинейропатиялар

Б) гипоталамикалық белгі

В) вегетативті өрімнің невриті

Г) вегетативті-ирритативті белгі

14. Сырқатта аяқ-асты қорқу сезімі пайда болады, жүрегі қатты соғады, қалтырау сезіледі, қан қысымы көтеріледі. Бұл белгі қалай аталады?

А) гипоталамикалық белгі

Б) симпатикалық-адреналдық криз

В) ваго-инсулярлық криз

Г) аралас криз

Д) ми қыртысының лимбикалық аймағының зақымдану белгісі

15. Симпатиқалық адреналдық криз кезінде науқастарда қандай сезімдер пайда болады?

А) қорқыныш

Б) қөру елестері

В) қулақ шуылы

Г) көз қарауытуы

Д) бастың ұлғаю сезімі

Тақырыбы №7: Цереброваскулярлық аурулар. Өткінші транзиторлық церебралдық

ишемиялық ұстамалар және тектес синдромдар. Ми инфаркті. Геморрагиялық





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 2022 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...