Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Ерікті қимылдар және олардың бұзылысы. Зерттеу әдістері



2. Мақсаты: ерікті қимыл-қозғалыс бұзылыстарын тексеру әдістерін білу және үйрету, қимыл- қозғалыс бұзылыстарының топикалық диагностикасы.

3. Оқыту мақсаты:

- пирамидтік жолдың құрылысын оқыту

- ерікті қимыл-қозғалысты тексеру әдістерін үйрету

- рефлекторлық доғаның құрылысы мен қызметін үйрету

- физиологиялық рефлекстерді білу: деңгейі, рефлексті шақыру әдістері

- патологиялық рефлекстерді білу (көрінісі)

- орталықтан және шеткі салдануды анықтауды үйрету

- пирамидтік жолдың әртүрлі деңгейде зақымдану симптомдары

- ерікті қимыл қозғалыс бұзылысының топикалық диагностикасы

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Пирамидтік жолдың құрылысы, рефлекторлық доға, құрылысы, қызметі.

2. Патологиялық рефлекстер, түрлері, пайда болу механизмі.

3. Орталықтан салдану, клиникасы, зақымдану деңгейлерінің салдануы, клиникасы, зақымдану деңгейлері.

4. Шеткі салдану, клиникалық көрінісі, зақымдану деңгейі

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жүйке жүйесі құрылысын ауызша талдау

- көрнекі құралдармен өзіндік жұмыс, оқытушымен бірге өткізгіш жолдарды талдау

- пирамидтік жолдардың кестесін салу

- патологиялық рефлекстерді шақыруды үйрену, рефлекстердің тұйықталу доғасын анықтау

- зақымдану деңгейіне байланысты қимыл- қозғалыс бұзылыстарын анықтау, сіреспелі және босаң парезді саралау.

- әртүрлі қимыл- қозғалыс бұзылыстары бар науқастарды студенттермен қарау

- кіші топпен жұмыс, тақырып бойынша қысқаша сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

Дебиет

Негізгі:

  1. Кайшибаев.С.К. Неврология, I- кітап. Топикалық және синд­ромологиялық диагностика негіздері. - Алматы, 2009г.

2. Кайшибаев С.К. Неврология. Оқулық. I, II бөлім, Алматы, 2009г

3. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. М.: Медпрессинформ, 2007.

4. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: оқулық +СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

5. Бадалян Л.О. Детская неврология. Оқулық. М., 2007.

6. Петрухин А. С. Неврология детского возраста. М., Медицина, 2008

Қосымша:

1. 1. Карлов В.А. Неврология лица. М.: Медицина 1991г.

2. Баркер Р.И т/б. Наглядная неврология: оқулық әдістемесі /ағылшын тілінен аударылған ред. В.И.Скворцовой. – 2-ші басылым. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Неврологические симптомы, синдромы и болезни. Энциклопедический справочник. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

4. Штульман Д.Р., Левин О.С. Справочник практического врача по неврологии.- М., Советский спорт, 2007.

5. Болезни нервной системы. Руководство для врачей, 1-2 бөлім. М., 2007.

6. Джеральд М. Феничел. Педиатрическая неврология: Основы клинической диагностики. М. Медицина, 2004.

7. Барашнев Ю.И. Перинатальная неврология. М.: Триада X, 2005.

8. Мухин К.Ю., Петрухин А.С., Глухова Л.Ю. Эпилепсия / Атлас электронно-клинической диагностики. М.: Альварес Паблишинг, 2004.

9. Дифференциальная диагностика нервных болезней / Под редакцией Г.А.Акимова и М.М.Одинака. «Гиппократ +», СПб, 2004.

10. Неврология для врачей общей практики / редакция проф. А.М. Вейна, М. «Эйдос Медиа», 2001.

11. Кайшибаев С. Словарь-справочник неврологических терминов. Алматы, 2005.

Бақылау сұрақтары:

1. Терең физиологиялық рефлекстерді атаңыз

2. Үстірт физиологиялық рефлекстерді атаңыз

3. Патологиялық бүгілу рефлекстерін атаңыз

4. Патологиялық жазылу рефлекстерін атаңыз

5. Оральдық автоматизм рефлекстерін атаңыз

Тесттер:

1. Сіреспелі салданудың белгісі:

А. рефлекстер жоғары, гипекинездер

Б. рефлекстер төмен, гиперкинездер

В. гиперрефлексия, гипертонус, патологиялық рефлекстер

Г. гиперрефдексия, бұлшық ет гипертрофияся.

Д. патологиялық рефлекстер

2. Сол жақ ми шарында ішкі капсуланың зақымдануы:

А. сол жағында босаң парез, гемибаллизм

Б. сол жағында сіреспелі парез, гемианестезия

В. оң жағында сіреспелі гемипарез, гемианестезия, гемианопсия

Г. оң жағында босаң гемипарез, гемианестезия, гемианопсия

Д. оң жағында гемианопсия, гемигипестезия

3. Ми бағанының оң жақта зақымдану белгісі:

А. сол жағында бульбарлық симптом және сіреспелі гемипарез

Б. сол жағында бульбарлық симптом және босаң гемипарез

В. сол жағында гемианопсия,сіреспелі шемипарез

Г. оң жағында бульбарлық симптом, сол жағында сіреспелі гемипарез

Д. оң жағында гемианопсия, сол жағында гемигипестезия

4. Мойын буылтығынан жоғары деңгейде жұлынның толық көлденең зақымдану белгісі:

А. босаң тетрапарез

Б. босаң жоғарғы парапарез

В. сіреспелі жоғарғы парапарез

Г. сіреспелі тетрапарез

Д. Төменгі парапарез

5. Кеуде деңгейде жұлынның толық көлденең зақымдану белгісі:

А. босаң төменгі парапарез

Б. босаң тетрапарез

В. сіреспелі төменгі парапарез

Г. сіреспелі тетрапарез

Д. тетрапарез

6. Бел буылтығы деңгейде жұлынның толық көлденең зақымдану белгісі:

А. босаң төиенгі парапарез

Б. сіреспелі төменгі парапарез

В. сіреспелі жоғарғы парапарез

Г. босаң дистальды сіреспелі тетрапарез

7. Тізе рефлексінің тұйықталу деңгейі:

1. Д11-Д12

2. L1-L2

3. L3- L4

4. L5- S1

8. Құрсақ рефлексінің тұйықталу деңгейі:

А. Д11-Д12

Б. L1-L2

Г. L2-L3

Д. Д7-Д8

9. Көрсетілген жүру бұзылстары түрлерінің қайсысы пирамидтік жүйенің зақымдануына тән?

1.спастикалық

2.спастико-атаксиялық

3.гемипаретикалық

4.адымдары тар

5.анталгиялық

10. Көрсетілген бұлшықет тонусы бұзылысының қай түрі пирамидалық жүйенің зақымдануына тән?

1.гипотония

2.спастикалық гипертония

3.пластикалық гипертония

4.атония

5.дистония

11. Парезді анықтау үшін қандай сынақ қолданады?

А. Ромберг сынағы

Б. Барре сынағы

В. Стукей сынағы

Г. Пуссеп сынағы

Д. Квеккенштедт сынағы

Тақырып№3. Экстрапирамидтік жүйе. Зерттеу әдістері және зақымдану синдромдары. Мишық. Координациялық қимылды зерттеу және зақымдану синдромдары.

2.Мақсаты: экстрапирамидтің және мишық бұзылыстарын тексеру әдістерін үйрету, топикалық диагностикасы туралы білімін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

- экстрапирамидтік жүйенің өткізгіштік жолдарын оқып үйрену.

- гиперкинез және паркинсонизм синдромдарын анықтау.

- мишықты зерттеу әдістерін үйрену.

- мишықтың зақымдану синдромдарын анықтау.

- атаксияның түрлерін ажырату.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Экстрапирамидтік жүйенің өткізгіш жолдары және қызметі.

2. Мишықтың өткізгіш жолдары.

3. Мишықты зерттеу әдістері, мишық қызметі.

4. Экстрапирамидті жүйе зақымдануының синдромдары.

5. Мишықтың зақымдану синдромдары.

6. Атаксияның түрлері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жүйке жүйесі құрылысын ауызша талдау

- көрнекі құралдармен өзіндік жұмыс, оқытушымен бірге өткізгіш жолдарды талдау

- мишықтық жолдардың кестесін салу

- студенттердің бір-бірімен физиологиялық рефлекстерді шақыруды үйрену, рефлекстердің тұйықталу доғасын анықтау

- студенттердің бір-бірімен экстрапирамидтік жүйенің зерттеу тәсілдерін үйрену

- медиаторлардың түзілуіне байланысты экстрапирамидтік жүйедегі бұзылыстарды анықтау.

- әртүрлі шектеусіз қимылдар мен паркинсонизм синдромымен найқастарды студенттермен қарау

- кіші топпен жұмыс, тақырып бойынша қысқаша сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

Дебиет

Негізгі:

  1. Кайшибаев.С.К. Неврология, I- кітап. Топикалық және синд­ромологиялық диагностика н№егіздері. - Алматы, 2009г.

2. Кайшибаев С.К. Неврология. Оқулық. I, II бөлім, Алматы, 2009г

3. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. М.: Медпрессинформ, 2007.

4. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: оқулық +СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

5. Бадалян Л.О. Детская неврология. Оқулық. М., 2007.

6. Петрухин А. С. Неврология детского возраста. М., Медицина, 2008

Қосымша:

1. Баркер Р.И т/б. Наглядная неврология: оқулық әдістемесі /ағылшын тілінен аударылған ред. В.И.Скворцовой. – 2-ші басылым. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

2. Неврологические симптомы, синдромы и болезни. Энциклопедический справочник. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Штульман Д.Р., Левин О.С. Справочник практического врача по неврологии.- М., Советский спорт, 2007.

4. Болезни нервной системы. Руководство для врачей, 1-2 бөлім. М., 2007.

5. Джеральд М. Феничел. Педиатрическая неврология: Основы клинической диагностики. М. Медицина, 2004.

6. Мухин К.Ю., Петрухин А.С., Глухова Л.Ю. Эпилепсия / Атлас электронно-клинической диагностики. М.: Альварес Паблишинг, 2004.

7. Дифференциальная диагностика нервных болезней / Под редакцией Г.А.Акимова и М.М.Одинака. «Гиппократ +», СПб, 2004.

8. Неврология для врачей общей практики / редакция проф. А.М. Вейна, М. «Эйдос Медиа», 2001.

Бақылау сұрақтары:

1. Экстрапирамидтік жүйенің өткізгіш жолдары және қызметі.

2. Паркинсонизм синдромы

3. Гиперкинездік синдром

4. Мишық және оның басқа жүйке жүйесімен байланысы

5. Мишық қызметін зерттеу әдістері.

6. Мишық зақымдануының клиникалық симптомы

7. Атаксияның түрлері

Тесттер:

1.Қай симптом паллидо-нигральді жүйе зақымдануына тән емес?

1. амимия

2. пластикалық ригидтілік

3. брадикинезия

4. пропульсия

5. гипотония

2.Көрсетілген симптомдардың қайсысы паллидо-нигральді жүйе зақымдануында пайда болады?

1.бұлшықеттік гипертония

2.спастикалық ригидтілік

3. пластикалық ригидтілік

4.гиперкинездер

5.бұлшықеттік гипотония

3.Көрсетілген сөз бұзылыстарының түрлері арасында қайсысы экстрапирамидтік жүйе зақымдануында пайда болады?

1.дизартрия

2.брадилалия

3.назолалия

4.моторлы афазия

5.сенсорлы афазия

4.Мишықтың зақымдануында қай әдіс мол мәліметті болып келеді?

1.реоэнцефалография

2.эхоэнцефалография

3.электроэнцефалография

4.электромиография

5.бассүйек рентгенография

5.Көрсетілген жүру бұзылстары түрлерінің қайсысы паллидо-нигральді жүйе зақымдануында пайда болады?

1.спастикалық

2.спастико-атаксиялық

3.гемипаретикалық

4.адымдары тар

5.анталгиялық

6.Қуыршақ секілді жүру зақымдануында байқалады:

1.паллидо-нигральді жүйенің

2.мишықтың

3.ішкі капсуланың

4.құйымшақ нерві

5.қыртыстың

7.Пропульсиялар ненің зақымдануында пайда болады?

1.Паллидо-нигральді жүйенің

2.мишықтың

3.ішкі капсуланың

4.полиневритикалық синдромда

5.таламикалық синдромда

8.Он жасар қыз мимикалық бұлшықеттердің еріксіз күштеп қимылдауына шағымданып түсті: қол саусақтарын көтеріп және қатты жұмады. Барлық қимыл қозғалыстары тез әрі епсіз, қобалжығанда артады. Шеткері бұлшықеттер тонусы төмендеген. Не зақымдалған:

1.Бозғылт шардың зақымдануы

2.құйрықты ядро мен қабықша зақымдалған

3.қара субстанция зақымдалған

4.таламус зақымдалған

5.оң жақ алдыңғы орталық ми иілімдері зақымдалған

9.Мишықтың зақымдануында қай симптомдар пайда болады?

1.миоклония

2.пластикалық ригидтілік

3.интенционды тремор

4.бұлшықеттік гипертония

5.гиперкинездер

10.Мишықтың жарты шары зақымдануына қай симптомдар тән?

1.статикалық атаксия

2.динамикалық атаксия

3.сенситивтік атаксия

4.маңдайлық атаксия

5.вестибулярлы атаксия

11.Келтірілген қимыл-қозғалыс координациясы бұзылыстарының қай түрі мишық құртының зақымдануында кездеседі?

1.статикалық атаксия

2.динамикалық атаксия

3.сенситивті атаксия

4.маңдайлық атаксия

5.вестибулярлы атаксия

12.Ю. есімді науқастың неврологиялық статусында статикалық атаксия анықталады. Аяқтарының арасын кеңнен ашып, шайқалып жүреді, отыра алмайды, тұрса алға, артқа қарай құлайды, басын нашар ұстайды. Топикалық ошақты көрсетіңіз?

1.вестибулярлы аппарат

2.жұлынның артқы бағаны

3.ми қыртысы

4.мишық құрты

5.сүйелді дене

13.Тексеріп қарағанда науқаста келесі симптомдар анықталды: динамикалық атаксия, оң жақты интенциялық дірілдеу, нистагм, адиадохокинез, асинергия, оң жақты дисметрия, оң жақта бұлшықет гипотониясы, буын-буынға бөліп сөйлейді, «мас жүрісі».

Топикалық диагноз қойыңыз.

1.мишық құрты

2.мишықтың оң жақ жартысы

3.ми бағаны

4.мишықтың сол жақ жартысы

5.маңдай –мишық жолы

14.Мишықтың зақымдануындағы жүріс түрін көрсетіңіз

1.аяқтары кең қойылған

2.анталгиялық жүріс

3.Адымдары тар

4.гемипаратикалық

5.степпаж

15.Көрсетілген бұлшықет тонусы бұзылысының қай түрі паллидо-нигральдық жүйе зақымдануына тән?

1.гипотония

2.спастикалық гипертония

3.пластикалық гипертония

4.атония

5.дистония

Тақырып№4. Бас ми нервтері: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 жұп нервтері. Бас ми нервтерінің қызметтерін зерттеу және зақымдану симптомдары. Алмасушылық синдромдар туралы түсінік. Бульбарлық және жалғанбульбарлық синдромдар.

2. Максаты: Бас сүйек нервтері туралы білімін және бұзылыстарын анықтауды үйрету.

Коммуникативтік тәжірибесін арттыру.

3.Оқыту мақсаты:

- Сезімтал бас –сүйек нервтерінің тесеру әдістерін үйрету.

- Иіс сезу және көру анализаторының әртүрлі деңгейде зақымдану симптомдары мен синдромдары.

- Көзді қозғайтын нервті тексеру әдісін үйрету

- Көзді қозғайтын нервтердің зақымдану симптомдары мен синдромдарын анықтай білу.

- Бет нервін тексеру әдістерін үйрету

- Бет нервінің шеткі және орталықтан салдану белгісі.

- Есту анализаторының зақымдануын анықтай білу

- Бульбарлық және жалған бульбарлық салдану синдром

- Бульбарлық топ нервтерін тексеру әдісін үйрету

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бас- сүйек нервтерінің анатомиялық құрылысы мен қызметі.

2. Көзді қозғайтын нервтердің анатомиялық құрылымы

3. Үшкіл нервтің сезімтал және қимылдатқыш тармағының зақымдану симптомдары мен тексеру әдістері

4. Бет нервінің әртүрлі деңгейде зақымдану белгілері

5. Бет нервінің шеткі және орталықтан салдану белгісі.

6. Есту және кіреберіс нервінің зақымдану белгілері

7. Бульбарлық және жалған бульбарлық синдром

8. Бас –сүйек нервтерінің ми аяқшасы, көпір- мишық бұрышы және сопақша мида зақымдану синдромдары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- бас- сүйек нервтерінің өткізгіш жолдарын ауызша талдау

- студенттердің бір-бірімен бас- сүйек нервтерін зерттеу тәсілдерін үйрену

- зақымдану деңгейіне байланысты байланысты бас-сүйек нервтерінің зақымдануын талдау

- бас- сүйек нервтер зақымдагумын науқаста бірлесіп қарау

- кіші топпен жұмыс, тақырып бойынша қысқаша сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

6.Әдебиет:

Негізгі:

1. Қайшыбаев С.К. Неврология 1 бөлім. Топикалық және синдромологиялық диагноз негіздері. - Алматы, 2009ж. 104-147 бет

2. Скоромец А.А. Топическая диагностика заболеваний нервной системы.-Л.:Медицина, 2007ж. 85-120 бет

Қосымша әдебиет:

1.Бадалян Л.О. Балалар неврологиясы. Медицина, 2007ж.

2.Штульман Д.Р., О.С. Левин. Неврология. Справочник практического врача. МЕДпресс- инфо. Моска. 16-21 бет

3. Кайшибаев С.К. Словарь- справочник неврологических терминов - Алматы, 2005г. 142-143бет.

1. Қайшыбаев С.К. Неврология 1 бөлім. Топикалық және синдромологиялық диагноз негіздері. - Алматы, 2005ж. 104-147 бет

Бакылау сұрақтары:

1. Сезгіш ми нервтері

2. Қимылдатқыш ми нервтері

3. Бет нервінің шеткі және орталықтан салдануы

4. Бульбарлық және жалған бульбарлық синдром

5. Қимылдатқыш ми нервтерінің алмасушылық синдромдары

6. Ми бағаны алмасушылық синдромдары.

Тесттер

1. Бет нервiнiң орталықтан зақымдануына тән белгіні көрсетіңіз:

1. Белл феномені

2. лагофтальм

3.қабағын көтере алмау

4. «леп белгі» симптомы

5. бөртпелер

2. Үшкiл нерв невралгиясына тән:

1. ым бұлшық еттерiнiң парезi

2. бетте ұстамалы ауырсыну

3. шайнау бұлшық еттерiнiң тризмi

4. гиперакузия

5. тіл түбінде ауырсыну

3. Аргайл-Робертсон синдромының белгісі:

А. экзофтальм

Б. көз қарашығының жарыққа тікелей және бірлестік реакциясы жойылған

В. көз қарашығының аккомодация реакциясы жойылған

Г. оң жағында амавроз

Д. оң жағында амблиопия

4. Мидриаз қандай нерв зақымданағанда пайда болады?

А. иіс сезу нерві

Б. көру нерві

В. көз- қимылдатқыш нерв

Г. бет нерві

Д. әкеткіш нерв

5. Аргайл-Робертсон синдромына кері синдромның белгісі:

А. көз қарашығының жарыққа реакциясы жоқ, конвергенция сақталған

Б. миоз және диплопия

В. блефароспазм

Г. көз қарашығының жарыққа реакциясы сақталған, конвергенция бұзылған

Д. төмен қарағанда амавроз

6. Аргайл-Робертсон синдромының белгісі қандай болуы мүмкін?

А. көз қарашығының жарыққа реакциясы жоқ, конвергенция сақталған

Б. көз қарашығының аккомодация реакциясы жойылған

В. блефароспазм және диплопия

Г. оң жағында амавроз

Д. оң жағында амблиопия

7. Әкеткiш нервтiң зақымдануына тән?

А. мидриаз

Б. экзофтальм

В. птоз

Г. iшке қарай қылилануы

Д. төмен қарағанда диплопия

8. Әкеткiш нервтiң ядролары орналасуы мүмкін?

А. ми аяқшасында

Б. ортаңғы мида

В. ми бағанында

Г. варолии көпірінде

Д. ми қыртысында

9. Әкеткiш нерв зақымданғанда қандай бұлшық нт салданады?

А. жоғарғы тік

Б. сыртқы тік

В. төменгі тік

Г. төменгі қиғаш

Д. ішкі тік

10. Көпiр-мишық бұрышының нервтерiне жатады?

А. көру, иіс сезу нерві

Б. көру, есту, үшкіл нервтер

В. көзқимылдатқын және шығыр нерв

Г. кебе және тілжұтқыншақ нерв

Д. кезбе, тiл асты нервi

11. Варолии көпiрінде қандай нерв ядросы орналасуы мүмкін?

А. әкеткіш

Б. кезбе

В. вестибулярлық

Г.есту

Д. тілжұтқыншақ

12. Бет нервінің ядросы орналасуы мүмкін?

А. ми аяқшасында

Б. ортаңғы мида

В. варолии көпірінде

Г. ми бағанында

Д. ми қыртысында

13. Тіл асты нерв зақымданғанда кезінде болатын симптом:

А. назолалия

Б. дисфагия

В. гипофония

Д. аносмия

Г. дизартрия

14. Жалған бульбарлық синдромға мына симптомдардың қайсысы жатады?

1. жұтқыншақ рефлексі төмен

2. тілдің фасцикуляциясы

3. зорлана күлу

4. тілдің алдынғы 2/3 гипогевзия

5. оральдық автоматизм симптомы

15. Сырқатта шашалу, оң жақ бетінде ауырсынудың жойылуы, жүргенде мас адамша ша.йқалып жүру байқалады. Жұтқыншақ рефлексі анықталмайды. Аталған симптомдар қандай альтернативтік синдромда кездеседі?

1. ми бағандық синдром

2. таламустық синдром

3. ошақ ми бағанының сол жағында

4. ошаө ми бағанының оң жағында

5. капсулдық синдром

16. 65 жастағы әйел клиникаға келгенде жұтынудың қиындауына, сұйық тамақ мұрнынан шағады, сөзінің бұзылуына шағымданды. Обьективті: көңіл күйі көтеріңкі, сыншылдығы төмен. Патологиялық ошақ қайда орналасқан

1. ми қыртысы долы

2. жұлынның бүйір бағаны

3. ми бағаны

4. алдынғы ми шұңқыры

5. Грациоле шоғыры

17. 45 жасар әйел шашала бередi, сұйық тамақ мұрнынан шығады, жұтына алмайды. Сөзi анық емес. Тiлдiң артқы жағында дәм сезбейдi. Бас-сүйек нервтерi жұптарының қайсысы зақымданған?

1. иiс сезу нервi

2. қосымша нерв

3. тiл-жұтқыншақ нервi

4. кезбе нерв

5. тiл асты нервi

18. Сырқатта Джексон алмасушылық синдромы. Белгілерін атаңыз:

1. зақымданған жағында жұмсақ таңдайдың салбырап қалуы

2. зақымданған жаққа тілдің ауытқуы

3. ошақ жағында тілдің босаң салдануы

4. қарама- қарсы жағында сіреспелі гемипарез

5. қол ұшында қимылдың шектелуі

19.Сырқатта Валленберг- Захарченко синдромы. Белгілерін атаңыз:

А. зақымданған жағында жұмсақ таңдайдың салбырап қалуы

Б. зақымданған жақта сіреспелі гемипарез

В. ошақ жағында тілдің босаң салдануы

Г. қарама- қарсы жағында сіреспелі гемипарез

Д.естудің бұзылысы

20. 48 жастағы сырқатта кенеттен мынадай симптомдар пайда болды: жұтынудың қиындауы, гипофония, назолалия, дизартрия. Болжамалы диагноз туралы ойлар едiңiз?

А. эпидемиялық энцефалит

Б. менингит

В. ми ісігі

Г. ми жарты шары инсульті

Д. ми бағаны инсульті

21. 40 жастағы сырқат оң қол-аяғындағы әлсіздікке шағымданды. Обьективті: гемипарездің жүріс, сол көзін жұма алмайды, ұртын үре алмайды. Қандай алмасушылық синдромы туралы ойлайсыз?

А. Джексон синдромы

Б. Вебер синдромы

В. Валленберг- Захарченко синдромы

Г. Фовиль синдромы

Д. Мийяр- Гублер синдромы

22. Сырқат сол жақ аяқ- қолының әлсіздігіне және сөзінің бұзылуына шағымданды. Обьктивті: тілі оң жағына ауытқыған, оң жағының атрофиясы, сол жағында сіреспелі гемипарез. Ошақ қайда орналасуы мүмкін?

А. Ішкі капсула

Б. Варолии көпірі

В. Ми бағаны

Г. Ортаңғы ми

Д. Мишық





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 4388 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.054 с)...