Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инсульт



2. Мақсаты: ЦВА кезіндегі милық тамырлық синдромдар, транзиторлы ишемиялық ұстамалар және туыс синдромдар, ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің клиникалық ерекшеліктері, цереброваскулярлы аурулардың клиникалық көріністері және патогенезі мен жіктелуі туралы білімді қалыптастыру.

цереброваскулярлық ауруларды емдеу принципі мен мақсатын негіздеу.

- жаңа терминдер мен түсініктерді енгізе отырып коммуникативті дағдыларды қалыптастыру (ишемиялық, геморрагиялық инсульт, субарахноидальді қан құйылу, миішілік қан құйылулар, транзиторлы ишемиялық ұстамалар).

3. Оқыту мақсаты:

- Цереброваскулярлы аурулардың этиологиясы мен патогензі жөніндегі білімін қалыптастыру.

- Бас ми қан тамырларының зақымдануының жіктемесі.

- Цереброваскулярлы аурулардың, субарахноидальды қан құйылулардың, миішілік қан құйылулардың, жарақаттық емес бас ішілік қан құйылулардың, бас ми инфарктінің клиникалық көріністері.

- Цереброваскулярлы аурулар салдарларының негізгі клиникалық көріністері (транзиторлы ишемиялық ұстамаларда, туыстық синдромдарды және бас ми қан тамыр синдромдарда)

- Цереброваскулярлы аурулардың диагностикасындағы маңызды зерттеу әдістері.

- Цереброваскулярлы аурулардың негізгі емдеу принциптері.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Цереброваскулярлы аурулардың этиологиясы мен патогензі.
  2. Бас миы мен жұлынның қанмен қамтамасыз етілуі мен коллатеральдық қан айналымның реттелуінің ерекшеліктері.
  3. Бас ми қан тамырларының зақымдану классификациясы.
  4. Бас миы мен жұлынның артериялық қанмен қамтамасыз етілуінің әр түрлі бассейіндерінде (ортаңғы, алдыңғы, артқы ми артериялық синдромы, бас ми бағанының инсульт синдромы, мишық инсульт синдромы, лакунарлы синдром), әр түрлі денгейлерінде (субарахноидальды қан құйылулар, миішілік қан құйылулар, жарақаттық емес бас ішілік қан құйылулар, бас ми инфаркті) қан айналым бұзылыстарының клиникалық көріністері.
  5. Транзиторлы ишемиялық ұстамалар мен бас ми қан тамырлық синдромдарымен ЦВА кезіндегі негізгі клиникалық көріністері (вертебробазилярлы артериялық жүйе синдромы, ұйқы артериясының синдромы (жарты шарлық), көптеген және екіжақты церебралді артерия синдромы, өткінші соқырлық, транзиторлы глобальді амнезия, ишемиялық транзиторлы церебральді шабуыл және т.б.)
  6. Топикалық диагноз қою.
  7. Цереброваскулярлы аурулардың диагностикасындағы маңызды зерттеу әдістері, қосымша зерттеу әдістері.
  8. Зерттеу мен емдеу тактикасын негіздеу, болжам.

2 Оқыту әдістері:

- ауызша сұрау

- тестілеу

- науқастарды қарау

- ситуациялық есептер құрастыр

Оқыту құралдары: оқу кестелері, схемалар, рентгенограммалар, КТ немесе МРТ, стационар науқастардың медициналық карталары (ф. №907)

6. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:

1.Кайшибаев С.К. Неврология, часть I,II. - Алматы, 1998., 35-83 с.

2.Гусев Е.И., Гречко В.Е. Нервные болезни. - М.: Ме­дицина, 2000., 251-269 с.

3.Скоромец А.А. Топическая диагностика заболеваний нервной сис­темы. - Л.: Медицина, 2003., 167-181 с.

4.Триумфов А.В. Топическая диагностика заболеваний нервной сис­темы. - М.: Медгиз, 2005., 148-169 с.

5 Болезни нервной системы / Рук-во для врачей в 2-х томах под ред. Н.Н.Яхно, Д.Р.Штульмана. - М.: Медицина, 2001

Қосымша:

1. Карлов В.А. Неврология.-Мед.Информ.Агентство.-М., 2002., 212-238 с.

2. Гусев Е.И. Нервные болезни. - М.: Медицина, 2001, 249-302 с..

3. Гусев Е.И. Методы исследования в неврологии и нейрохирургии.-М., 2000., 158-164 с.

4. Никифоров А. Общая неврология.

7. Бақылау сұрақтары:

1. Бас миының әр түрлі аймақтарының қанмен қамтылуы, коллатеральдық қан айналым.

2. Бас ми қан тамырлары ауруларының жіктемесі.

3. Цереброваскулярлы аурулардың этиологиясы, патогенезі және клиникасы.

4. Синдромдардың (ортаңғы, алдыңғы, артқы ми артериялық синдромы, бас ми бағанының инсульт синдромы, мишық инсульт синдромы, лакунарлы синдром) клиникалық көріністері.

5. Субарахноидальды қан құйылулар, миішілік қан құйылулар, жарақаттық емес бас ішілік қан құйылулар, бас ми инфаркттерінің клиникалық көріністері.

6. Топикалық диагноз қою.

7. Цереброваскулярлы аурулардың диагностикасындағы зерттеу әдістері, қосымша зерттеу әдістері.

8. Цереброваскулярлы аурулары бар науқастарға біріншілік көмек көрсету, емдеу және қалпына келтіру тактикасы.

Тестер.

1.Сырқат оң жақ қолының ұюына, жұтынудың қиындауына, сол жақ бетінде сезімталдықтың төмендеуіне шағымданды. Обьктивті Валенберг Захарченко синдромы.

Патологияның себебін атаңыз:

А. Алдыңғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Б. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде инсульт

В. Омырқа- негізгі артериясы бассейнінде инсульт

Г.алдынғы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

Д. артқы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

2. Сырқат бас ауруына, оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне, көзіне қосарланып көрінуіне шағымданды. Неврологиялық статуста: птоз, мидриаз, көз алмасының жоғары, төмен, ішке қимылы шектелген, сіреспелі гемипарез сол жағында. Қандай патологиялық үрдісте осы симптомдар анықталады?

А. алдынғы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

Б. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде инсульт

В. Алдынғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Г. артқы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

Д. Омырқа- негізгі артериясы бассейнінде инсульт

3. Сырқат бас ауруына, сол жақ аяқ- қолының әлсіздігіне, көзіне қосарланып көрінуіне шағымданды. Неврологиялық статуста: оң көз алмасының сыртқа қимылы шектелген, сіреспелі гемипарез сол жағында. Қандай патологиялық үрдісте осы симптомдар анықталады?

А. алдынғы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

Б. артқы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

В. Алдынғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Г. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Д. Омырқа- негізгіартериясы бассейнінде инсульт

4. Сырқат бас ауруына, бас айналуына шағымданды. Неврологиялық статуста: нистагм, атаксия, яромберг кейпінде тұрақсыздық, координаторлық сынақтарды қиналып орындайды. Қандай ми артриясы бассейнніндегі инсультке тән симптомдар:

А. алдынғы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

Б. артқы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

В. Алдынғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Г. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Д. Омырқа- негізгіартериясы бассейнінде инсульт

5. Сырқат бас ауруына, айналуына, сол жақ бет бұлшық еттерінің әлсіздігіне, оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне шағымданды. Неврологиялық статуста: сол жағында бет нервінің шеткі парезі, сіреспелі гемипарез оң жағында. Қандай патологиялық үрдісте осы симптомдар анықталады?

А. алдынғы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

Б. артқы біріктіруші ми артериясы бассейнінде инсульт

В. Алдынғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Г. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде инсульт

Д. Омырқа- негізгі артериясы бассейнінде инсульт

6. Омырқа- негізгі артериясы бассейніндегі инсультке тән белгілер:

А. оң жағында бет нерві мен тілдің орталықтан парезі, сіреспелі гемипарез сол жағында

Б. Сол жағында тілдің орталықтан парезі, сіреспелі гемипарез оң жағында

В. сол жағында бет нервінің орталықтан парезі, сіреспелі гемипарез сол жағында

Г. Анозогнозия, сіреспелі гемипарез сол жағында

Д. Сынның төмендеуі, Янишевский рефлексі, сіреспілі монопарез

7. Қандай ауқыт аралығанда ми қан айналысының өткінші бұзылыстары кері өзгеріске ұшырайды?

А. 1 күн

Б. 2-3 күн

В. 3-5 күн

Г. 5-7 күн

Д. 1-2 апта

8. Сырқат бас ауруына, айналуына, оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне және сөзінің бұзылуына шағымданды. Обьктивті анықталған сол жақ тіл асты нервінің орталықтан парезі және оң жағындағы гемипарез 24 сағаттан соң жойылды. Ми қан айналысының өткінші бұзылыстары диагнозы қойылды. Қанадй тексеру әдісін қолдану керек?

А. Жалпы зәр анализі

Б. Ультра дыбыспен тексеру

В. УДДГ

Г. Бас сүйектің Р-графиясы

Д. Жалпы қан анализі

9. Қандай симптомдар ми қан айналысының өткінші бұзылыстарында кездеспейді?

А. Сіреспелі гемипарез

Б. Басында шуыл

В. Бас айналу

Г. Ұйқышылдық

Г. Аяқ қолында парестезия

10. Қандай жағдайда ми қан айналысының өткінші бұзылыстары дамымайды?

А. Алкоголизм

Б. Вирус

В. Қант диабетң

Г. Ми ісігі

Д. Ревмоваскулит

11. 40 жастағы сырқатта АҚ 210/ 130 мм.сын. бағ. көтерілгенде бас айналу, жүрісінің бұзылысы байқалды. Обьективті: нистагм, координаторлық сынақты орындауда атаксия байқалды. 3 сағаттан соң аталған симптомдар жойылды. Қандай болжамалы диагноз қоясыз?

А. ми қан айналысының өткінші бұзылыстары

Б. Кіші инсульт

В. Ишемиялық инсульт

Г. Тор қабық астына қан құйылу

Д. Паренхиматоздық қан құйылу

12. Инсультте салданудың қандай түрі байқалады?

А.Аяқ ұшының шеткі парезі

Б. Сіреспелі гемипарез

В. Тетрапарез

Г. Қол ұшының шеткі парезі

Д. Жоғарғы парапарез

13. Тор қабық астына қан құйылғанда қандай симптом болмайды?

А. Бас ауру

Б. Кенте есінен тануВ. Керниг симптомы

Г. Гемиплегия

Д. Ликворда эритроцтитер

14. Менингиальдық синдром байқалады;

А. Тор қабық астына қан құйылғанда

Б. Өкпе қабынуында

В. Миокард инфарктында

Г. Ишемиялық инсультта

Д. Өкпе инфаркты

15. Клиникағы 40 жастағы сырқат бас айналуына, бас аурына және бас ауры шегінде

Құсатынына шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 200/ 100 мм. Сын. Бағ.? Желке бұлшық етінің сіресуі, Керниг симптомы. Тор қабық астына қан құйылу диагнозы қойылды. Қандай зерттеу әдісі қажет?

А. ЭХО-ЭГ

Б. РЭГ

В. ЭЭГ

Г. Люмбальдық пункция

Д. Компьютерлік томография

Д. ЭКГ

Г. ми жарты шары инсульті





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 1905 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...