Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инструкциялық картаны орындау бойынша кепіл-кеңестер. Практикалық жаттығудың мақсаты сот тергеуінің жүргізілуінің дұрыстығын анықтау бойынша



Практикалық жаттығудың мақсаты сот тергеуінің жүргізілуінің дұрыстығын анықтау бойынша тәлімдерді қалыптастыру болып табылады. Студенттерге тапсырма ретінде үш практикалық ситуацияны шешу және екі бақылау сұрақтарына жауап беру ұсынылған.

Бақылау сұрақтарына студенттердің жауабы жеке парақтарда немесе практикалық жаттығуларға арналған дәптерлерінде көрсетілуі тиіс. Жауаптар барынша қысқа және толық болғаны дұрыс.

Нақты практикалық есепті шешуге кірісе отырып, студент ең алдымен, оның шартымен мұқият танысуы тиіс және істің заңи маңызға ие болатын оқиғалық мән-жайларын анықтауы тиіс. Осыдан кейін студент берілген құқықтық қатынастарды реттейтін іс жүргізушілік норманы айқындау үшін нормативті-құқықтық базаға (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне) жүгінуі тиіс.

Осыларды орындағаннан кейін студент есепті негізінен шеше алады.

Есептің жауабына қойылатын талаптар:

1. Студент есепті оның шартында қойылған сұраққа сәйкес шешуі тиіс.

2. Жауап заңды негізделген болуы тиіс, яғни есепті шешу барысында студент ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нақты бабына (бөлігіне, тармағына) сілтеме жасауы қажет. Әрбір тұжырым заңға негізделуі тиіс.

3. Есепті шешу барысында студент заңға негіздей отырып, есептің негізгі сұрағын шешуге қажет болатын туынды сұрақтарға да жауап береді.

4. Есепке жауап беру кезінде жалпы қабылданғандардан мысалы, ҚР ҚІЖК, ҚР ҚК сияқты қысқартулардан басқа қысқартулар жасауға жол берілмейді.

Тәжірибелік жаттығудың қорытындысы бойынша студенттер инструкциялық картаның тапсырмасына сәйкес өздерінің аты-жөнін және оқу тобының индексін көрсете отырып жазбаша жұмыс тапсырады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2014. – 200 б.

2 Ахпанов А.Н., Сарсенбаев Т.Е. Примерные образцы процессуальных актов предварительного расследования. Учебное пособие. – Астана, 2000.

3 Алауханов (Алауов) Е.О., Сатыпалды К.С. Сборник образцов уголовно-процессуальных документов предварительного следствия Республики Казахстан. – Алматы: «Өркениет», 2002. – 244 с.





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 424 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...