Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы



Ақтас қ. 24 желтоқсан 2003 ж.

Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Торғайбеков С.К. Сейтов Абылай Ғабитұлын ҚР ҚК-нің 175 б. 2 б. «в» тармағында көрсетілген қылмысты жасағандығы туралы № 31224 қылмыстық істің материалдарын қарап,

Анықтадым:

2003 ж. 15 желтоқсанда 22 сағат шамасында Сейтов Абылай Ғабитұлы мас күйінде Ақтас қаласы 12-80-24 мекен жайында орналасқан «Гламур» жарнама агентігінің кеңсесіне ұрлық жасау мақсатымен терезені сындырып кіру арқылы дайын тауарлар сақталған бөлмеден бағасы 15000 теңге тұратын «Hitashi» видеокамерасын, бағасы 90000 теңге тұратын «Samsung» теледидарын жасырын ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды ол өзімен бірге ала келген үлкен мешокка салып, кеңсе ғимаратынан бой тасалаған осылайша, ол «Гламур» жарнама агенттігіне 105000 (бір жүз бес мың) теңге зиян келтірген.

Өзінің әрекеттерімен А.Ғ. Сейтов ҚР ҚК-нің 175 б. 2 б. «в» тармағында көрсетілген қылмысты, яғни қызметтік үй-жайға заңсыз кіру жолымен бөтен мүлікті жасырын ұрлауды жасаған.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және ҚР ҚІЖК-нің 206, 217 баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1970 жылы Ақтас қаласында туған Сейтов Абылай Ғабитұлын берліген қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартуға, оған ҚР ҚК-нің 175 б. 2 б. «в» тармағында көрсетілген қылмысты жасағандығы туралы айып тағуға, ол туралы өзіне жариялауға.

Тергеуші

полиция капитаны Торғайбеков С.К.

Бұл қаулы маған 2003 ж. 24 желтоқсанда 12 с. 00 мин, жарияланды оның мәтінін тергеуші дауыстап оқып берді.

Маған тағылған айыптың мәнісі түсіндірілді. Сонымен бірге маған ҚР ҚІЖК-нің 69 бабының екінші бөлігінде қарастырылған құқықтарым түсіндірілді, атап айтқанда:

1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзімнің құқықтарым мен заңды мүдделерімді қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақытым мен мүмкіндігімнің болуына;

2) өзімнің не үшін айыпталғандығымды білуге және қылмыстық іс қозғалғандығы туралы өзімнің айыпталушы ретінде тартылғандығым туралы қаулылардың көшірмесін алуға;

3) қылмыстық қудалау органынан өзіме тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;

4) қылмыстық процесті жүргізуші органның өзімнің құқықтарым мен заңды мүдделерімді қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдағаны туралы хабардар етуіне;

5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;

6) өзіме тағылған айып туралы түсініктеме мен айғақ беруге;

7) айғақ беруден бас тартуға;

8) дәлелдер ұсынуға;

9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішіті және қарсылықты мәлімдеуге;

10) ана тілімде немесе өзім білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге;

11) аудармашының көмегін пайдалануға;

12) қорғаушымның болуына;

13) ҚР ҚІЖК-де көзделген жағдайларда және тәртіппен өзімнен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушыммен оңаша және құпия жолығуға;

14) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзімнің өтінішіммен немесе өзімнің қорғаушымның не заңды өкілімнің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

15) өзімнің өтінішім немесе өзімнің қорғаушымның не заңды өкілімнің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;

16) сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ, срапшының қортындысы ұсынылған кезде ҚР ҚІЖК-нің 244, 254, 354 және 355 баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;

17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;

19) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;

20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;

21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы екендігім жарияланды.

Айыпталушы: Сейтов А. Ғ.

Қорғаушы: Базарбаев Е.С.

Қаулыны жарияладым, құқықтарын түсіндірдім, осы қаулының көшірмесін айыпталушыға және оның қорғаушысына 2003 ж. 23 желтоқсанда табыс еттім.

Тергеуші

полиция капитаны Торғайбеков С.К.

Осы қаулының көшірмесі Ақтас қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Т. С. Айтуаровқа 2003 ж. 24 желтоқсанда жіберілді.

Тергеуші

полиция капитаны Торғайбеков С.К.





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 1023 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...