Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ылмыстық істі қозғау және оны өндіріске қабылдау туралы



(алдын ала тергеу нысанында жүзеге асырылатын істер бойынша)

Ақтас қ. 2003 ж. 11 желтоқсан

16 с. 00 мин

Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны С.К. Торғайбеков,

аз-т Раушанов Аңшыбай Балықбайұлының 2003 ж. 11 желтоқсанда берген арызын қарап,

анықтадым:

2003 ж. 11 желтоқсан күні сағат шамамен 10 мен 11 аралығында Ақтас қаласы 13-2-11 мекен-жайы бойынша бірінші қабаттағы терезе әйнегін сындыру арқылы белгісіз адамдар Раушанов Аңшыбай Балықбай ұлының пәтеріне кірген және бағалы мүліктерді, атап айтқанда бағасы 80 мың теңге тұратын «Сони» маркалы телевизорды, 15 мың теңге тұратын «Орион» маркалы видеомагнитофонды, бағасы 3 мың теңге тұратын «Кодак» маркалы фотоаппартты ұрлап кетіп, Раушановқа жалпы соммасы 98 мың теңге шығын келтірген.

Келіп түскен материалдарда ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «а», «в» тармақтарында қарастырылған қылмыс белгілері бар екендігі туралы жеткілікті мәліметтердің болуына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 186, 191, 192 баптарын басшылыққа ала отырып,

Қаулы еттім:

1. ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «а», «в» тармақтарында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғауға.

2. Қылмыстық істі өз өндірісіме қабылдауға және алдын ала тергеу жүргізуге кірісуге.

3. Осы қаулының көшірмесін Ақтас қаласының прокуроры аға әділет көмекшісі Д.Д. Қонысбаевқа жолдауға.

Тергеуші

полиция капитаны С. Торғайбеков

Қаулының көшірмесі Ақтас қаласының прокуроры аға әділет көмекшісі Д.Д. Қонысбаевқа 2003 ж. 11 желтоқсан күні 16 с. 10 мин. жолданды.

Қабылданған шешім туралы арызданушы А.Б. Раушановқа хабарланды.

Тергеуші

полиция капитаны С. Торғайбеков





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 816 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...