Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жәбірленуші деп тану туралы қаулы



Ақтас қ. 21 желтоқсан 2003 ж.

Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Торғайбеков С.К., Самарбеков Айбек Ғалымжанұлын ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлімінің «в» тармағында қарастырылған қылмысты жасағандығы туралы айыптаған № 24233 қылмыстық істің материалдарын қарап шығып,

анықтадым:

2003 ж. 9 желтоқсанда сағат шамамен 20 дан 21 дейін Самарбеков Айбек Ғалымжанұлы машина жөндеу зауытының жатақханасының № 20 бөлмесінде өзінің танысы Б.Б. Қоразовта қонақта отырып, Б.Б. Қоразовқа тиесілі норка терісінен тігілген бағасы 15600 теңге тұратын бөрікті жасырын ұрлап кеткен., сол арқылы оған айтарлықтай материалдық зиян келтірген.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және А.Ғ. Самарбековтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде аз-т Б.Б. Қоразовқа айтарлықтай материалдық зиян келгендігін ескеріп, ҚР ҚІЖК-нің 75-бабын басшылыққа ала отырып,

қаулы еттім:

Азамат Қоразов Баймырза Бекқалиұлын № 24233 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп тануға және бұл туралы оған қол қойғыза отырып жариялауға.

Тергеуші

полиция капитаны Торғайбеков С.К.

Бұл қаулы маған 2003 ж. 21 желтоқсанда жарияланды және сонымен бірге ҚР ҚІЖК-нің 75-бабының 6-бөлімінде бекітілген жәбірленушінің құқықтары түсіндірілді.

Жәбірленуші құқылы:

1) айыпталушыға тағылған айып туралы білуге;

2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

3) дәлелдер ұсынуға;

4) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;

5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

6) өкілінің болуына;

7) одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық қуғындау органы алып қойған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасағаны адамнан алып қойған өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын алуға,

8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;

9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оған ескертпелер беруге;

10) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

11) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде және кез келген мәліметті көшіріп алуға;

12) оған және оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын беру туралы өтінішті мәлімдеуге;

13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмелерін алуға;

14) бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;

15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;

16) айыптауды, оның ішінде мемелекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;

17) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерпелер беруге;

18) қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беруге;

19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;

20) іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға;

21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;

22) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға құқығы бар.

Жәбірленуші Қоразов Б.Б.

Қаулыны жариялап, құқықтарын түсіндірдім.

Тергеуші

полиция капитаны А.С. Торғайбеков

Қаулының көшірмесін 2003 ж. 21 желтоқсанда алдым.

Жәбірленуші Қоразов Б.Б.





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 2079 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...