Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азаматтық талапкер деп тану туралы



Аулы

Ақтас қ. 21 желтоқсан 2003 ж.

Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Торғайбеков С.К., Самарбеков Айбек Ғалымжанұлын ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлімінің «в» тармағында қарастырылған қылмысты жасағандығы туралы айыптаған № 24233 қылмыстық істің материалдарын және Б.Б. Қоразовтың мүліктік залалдың орын толтыру туралы талабын қарап шығып,

Анықтадым:

2003 ж. 9 желтоқсанда сағат шамамен 20 дан 21 дейін Самарбеков Айбек Ғалымжанұлы машина жөндеу зауытының жатақханасының № 20 бөлмесінде өзінің танысы Б.Б. Қоразовта қонақта отырып, Б.Б. Қоразовқа тиесілі норка терісінен тігілген бағасы 15600 теңге тұратын бөрікті жасырын ұрлап кеткен., сол арқылы оған айтарлықтай материалдық зиян келтірген, осыған байланысты Б.Б. Қоразов берілген қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған.

Ұрлық жасалғаннан кейін А.Ғ. Самарбековпен базарда белгісіз адамға сатып жіберілген норка бөріктің қайда екендігін тергеу барысында анықтау мүмкін болмаған.

Осы көрсетілгендердің негізінде және А.Ғ. Самарбековтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде аз-т. Қоразов Бекбосын Берікұлына мүліктік залал келтірілгендегін және оның өтелмегендігін ескере отырып, ҚР ҚІЖК-нің 77-бабын басшылыққа ала отырып,

Қаулы еттім:

Аз-т Қоразов Бекбосын Берікұлын № 24233 қылмыстық ісі бойынша азаматтық талапкер деп тануға және бұл туралы оған жариялауға.

Тергеуші

полиция капитаны Торғайбеков С.К

Қаулы маған 2003 ж. 21 желтоқсанда жарияланды, сонымен бірге маған ҚР ҚІЖК 77-бабында көрсетілген құқықтарым және ҚР ҚІЖК-нің 75-бабының сегізінші бөлігінде көзделген міндеттерім түсіндірілді.

Азаматтық талапкер өзі қойған талапты қолдау мақсатында: айыптаудың мәнін білуге; дәлелдер ұсынуға; қойылған талап бойынша түсініктеме беруге; қылмыстық іске қосу үшін материалдар ұсынуға; өтініштер мен қарсылықтар мәлімдеуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілі болуына; өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға; тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға және одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға; өзінің мүддесін қозғайтын қабылдаған шешімдер туралы білуге және мәлімделген азаматтық талапқа қатысты іс жүргізу шешімдерінің көшірмелерін алуға; кез келген сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға; азаматтық талапқа қатысты бөлігінде соттың үкімі мен қаулыларына шағымдануға; азаматтық талап бөлігінде іс бойынша жасалынған шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық білдіруге; мәлімделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; ҚР ҚІЖК-нің 75-бабының жетінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыспен келтірілген залалға мемлекеттің есебінен өтемақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.

Азаматтық талапкер: қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге, іс бойынша белгілі барлық мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті

Азаматтық талапкер: Қоразов Б.Б.

Тергеуші

полиция капитаны Торғайбеков С.К





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 1486 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...