Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот орындаушыларының құқықтық жағдайы



Сот және басқа органдардың актілері сот орындаушыларымен орындалады. Атқарушылық өндіріс туралы заңның 4-бабының 1-пунктіне сәйкес атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдырдың аумақтық органдары мен бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі.

Сот орындаушысы – мемлекеттік қызметте тұратын және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам (81-бап).

Қазіргі кезде сот орындаушысы болып тағайындалу үшін жиырма жасқа толған, сотталмаған, жоғарғы немесе орта заң білімі бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиетімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек (83-баптың 1-бөлімі).

Сот орындаушысы Атқарушылық туралы заңның 86-бабына сәйкес құқылы:

- орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға,

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға,

- қажетті ақпараттарды, түсініктемелерді, анықтамаларды алуға,

- орындауға байланысты азаматтарды және лауазымды тұлғаларды шақыртуға,

- орындау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге;

- борышкерлардің банктердегі ақшасы мен бағалы қағаздарына тыйым салуға;

- кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда атқару құжаттарының орындалуын тексеруге,

- үй-жайлар мен қоймаларға кіруге, борышкерлердің мүлкіне тыйым салуға, алуға және сатуға және атқару құжатын орындаумен байланысты өзге де әрекеттер жасауға құқылы,

- қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмастық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге,

- тиым салынған мүлікті алуға, сақтау үшін беруге жєне сатуға,

- егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттілік туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы,

- атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажетті ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға құқылы. Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді қажет ететін жағдайда үш күннен қалдырмай сот орындаушысына беруге міндетті.

Сот орындаушысы міндетті:

- соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға,

- тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер алуға, көшірмелер түсіруге мүмкіндіктер беруге,

- атқарушылық іс жүргізу жөніндегі арыздар мен тараптардың өтініштерін қарауға жєне солар бойынша қаулы шығаруға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге, егер оның өзі атқарушылық іс жүргізудің аяқталуына тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, істі қараудан бас тартуға,

Сот приставы. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 4-бабы бойынша, заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жєрдемдесуімен жүзеге асырылады.

Сот приставтарының құқықтық жағдайлары, міндеттері, қызметін ұйымдастыру және тағайындау тәртібі Сот приставтары туралы заңмен реттеледі.

Сот приставы – мемлекеттік қызметкер болып табылатын және өзіне жүктелген міндеті ретінде соттардың қызметінің тәртібін қамтамасыз ететін лауазымды тұлға (1-бап).

Сот приставының міндетіне кіреді:

- сот мәжілісі кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,

- бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның орындалуын бақылау,

- сот ғимаратын, судьяларды және процесстің басқа да қатысушыларын күзету,

- сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлі орындауға көмек көрсету.

Сот приставтары Қазақстан Республикасының барлық соттарында әрекет етеді. Сот приставтарына қойылатын талаптар аталмыш заңның 6-бабында қарастырылады: сот приставы болып 21 жасқа толған, орташа арнаулы білімі бар, денсаулық жағдайы, іскерлік және жеке мінездемелері бойынша міндеттерді орындай алатын, арнайы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Ал бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен және құқыққорғау органдарынан шығарылған тұлға сот приставы лауазымына тағайындалмайды.

Сот приставтары арнайы дайындықтан өтіп, оған табельді қаруды алып жүруге рұқсат етіледі.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 2108 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...