Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Талап ұсыну



ҚР Конститутциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе адамдардың заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен корғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 8-бабының 1-бөлігі).

Талап—құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені корғау туралы талап кою арқылы түлғаның сотқа жүгіну.

Талап—субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.

Талап—азаматтық іс қозғау тәсілі.

Талап элементтері—бұл талаптың құрамалы бөлшектері.

Оларға (элементтеріне):

- мазмұны;

- нысаны;

- негіздемесі жатқызылады.

Талаптың мазмұны — талап коюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын сотт ың қызметі.

Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа койылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.

Талаптың нысаны —бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау. Талаптың нысанасына:

- Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдык—кұқықтық қатынастың бар немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);

- Талап қоюшымен материалдық—құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің міндеттері туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету, несие беруші—қарызды қайтаруын);

Тараптар араларындағы құқық қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бұзу).[1, 65].

Талаптың негіздемесі —талап коюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.

Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.

Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:

- материалдық—құқықтық белгілер;

- процессуалдық—құқықтық белгілер.

Талаптардың процессуалдық—құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-кұкықтык жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.

Сондықтан осындай жіктелуі негіз бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:

1. Ұйғару туралы талаптар

2. мойындау туралы талаптар

3. өзгеретін (құқық катынастарын өзгертуге немесе токтатуға

арналған) талаптар.

Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы үйғару талап деп аталады (мысалы талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.

Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы: талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).

Өзгертетін талаптар материалдык-құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуынсыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жагдайларда белгілі құкық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немене ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.

Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т.б.

Талап термині екі мағынада қолданылады:

1—материалдық;

2—процессуалдық.

Материалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз —сотка үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап коюға (материалдық мағынада) құқығы бар не жоқтығын аныктайды.

Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз —дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істің мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бүл нақты азаматтық—құқықтык дау бойынша сот төрелігіне жүгіну қүқығы.[2, 35,].

Талап қою құқығы —ҚР Конститутциясымен (13-баптың 2-бөлігі, 75-бабы) бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сот жүгіну арқылы кұқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматары мен азаматтығы жоқ адамдарға (КР АІЖК 45-тарауы) тиесілі.

Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап кою құқығы заңмен белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты заңды деректер жатқызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтык іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.

Талап қою құқығының шарттары —-нақты азаматтык іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.

Бүл шарттар өзара:

- жалпы;

- арнаулы;

- жаратымды;

- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады.

Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз —бұл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен катар заңмен белгіленген шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке жэне заңды тұлғалар өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеу тиіс (ҚР "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңның 232-235 баптары).

Талап қою құқығының шарттарының болмауы сотпен келесі әрекеттер жасауына әкеледі:

- талап арызды қайтару (ҚР АІЖК 154-бабы);

- талап арызды қабылдаудан бас тарту (ҚР АІЖК 153-бабы);

- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК 247-бабы);

- арызды қараусыз калдыру (ҚР АІЖК 249-бабы).

Талап арыз —субъективтік құқык туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.

Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет.

Талап арыз мазмұны:

- кіріспе;

- сипаттау;

- дәлелдеу;

- сұрау бөліктерінен тұрады.

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-бөлігі).

7-тақырып. Соттылық

Соттылық - қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу. Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды. Мемлекеттік орган немесе оның лаууазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау жасалуы мүмкін. Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімнде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады. Азаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі:

топтық соттылық – сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы;

аймақтық соттылық – сотта істі қарау аумағына байланысты осы соттың құзыретіне жатқызылған соттылық.

Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді. Аудандық, қалалық сотта және оған теңестірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі. ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы): ҚР-сы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне.

Республикалық референдум. ҚР-ның Президентін және ҚР-сы Парламент депуттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР-сы орталық сайлау коммисиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды.

Аймақтық сотылықтың мынадай түрлерін атауға болады:

Жалпы соттылық – жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖК-нің 31-бабы);

Балама соттылық – талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 32-бабы);

Ерекше соттылық – белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 33-бабы);

Шарттық соттылық – тараптардың келісімдері бойынша белгіленетін соттылық (ҚР АІЖК-нің 34-бабы);

Істің байланыстылығы бойынша соттылық – аумағына қарамастан дау алғашқы талап қарастырылған сотта шешілуі (ҚР АІЖК-нің 35-бабы).

Осы соттылық бойынша істі қарастыруды мынаны ескеру қажет:

1- әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап, талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жері бойынша қойылады. Бір арызға біріктірілген, әр түрлі соттардың соттауына жататын талаптар, егер бұл ретте ҚР АІЖКнің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптардың бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады;

2- дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі;

3- қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, ҚР АІЖК-мен белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.

ҚР АІЖК –нің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.

Іс басқа соттың қарауына мына жағдайларда беріледі:

- егер тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;

- егер бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдіргеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;

- егер істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылдағаны анықталса;

- егер сотқа талап қойылса (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 2-бөлігі).

Істің сол соттың сотталуына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарым шығарады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру – бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 4-бөлігі).





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 4145 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...