Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Бас сот талқылауы



Адамды кінәлі деп тану және қылмыстық жазаны қолдануды тек соттың жүзеге асыруы туралы заңда маңызды ереженің бекітілуі бас сот талқылауын қазақстандық қылмыстық процестің орталық, маңызды және шешуші сатысы ретінде, ал сот отырысында прокурордың заңдардың қолданылыуына қадағалау жүргізуіне оның қызметінің маңызды орын алатындығын көрсетеді. Үкімнің заңға сәйкестігі және негізділігі іс бойынша тергеудің жақсы жүргізілгендігіне және сот өндірісінің толық, жан-жақты және объективті жүргізілгендігіне байланысты. Сот отырысының мақсаты алдын-ала тергеу құжаттарының тексеру ғана емес, сотпен іс құжаттарын жеке тексеру де жатады.

Басты сот талқылауы – бұл қылмыстық іс жүргізудің жеке және шешуші сатысы. Онда қылмыстық іс мәні бойынша шешіледі. Ақиқатты орнату және әділетті үкім шығару мақсатында бұл сатыда алдын-ала тергеу мен анықтау органдары келтірген дәлелдерді тексеру және құқықтық баға беру жүргізіледі. Демократиялық қағидаларға сәйкес құрылған сот төрелігі азаматтарға үлкен тәрбиелеушілік әсер береді.

Үкім бірінші инстанциялы соттың дәлелдемелерді терең және объективті тексеру нәтижесінде және сот өндірісінің барлық талаптары сақталғанда әділ және заңды болады.

Бас сот талқылауы – қылмыстық процестің маңызды және негізгі сатысы. Нақ осы сатыда істің мән - жайлары тексеріледі және жиналған дәлелдемелерге түпкілікті баға беріледі. Прокурор айыптауға негіздер болған жағдайда мемлекеттік айыптауды қолдайды, сотталушыны кінәлі деп табуын дәлелдейді немесе жазасын жеңілдетуді сұрайды. Ал, сот істі толық, жан-жақты және объективті шешеді.

Прокурордың басты сот талқылауындағы өкілеттіктері ҚР ҚІЖК-нің 317, 396 (үшінші бөлігіне сәйкес), 458, 460-баптарына сәйкес анықталады. Прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыру барысында тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1450 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...