Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инстанциясында қайта қарау тәртібі



Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.

Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бүл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот.

Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.[1]

2001 жылдың 11 шілдесіндегі заңның ережелері сот шешімдерін қайта қараудың республикада қалыптасқан жүйесіне сәйкес келеді. Атап айтқанда:

- заңдық күшіне енбеген үкімдер мөн қаулыларды кайта қарау
(апелляциялық);

- күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау (қадағалау);

- жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндіріс-
ті қайта бастау.

Бұл сот инстанциялары, сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі ретінде де біздің құқықтық жүйемізге әбден «сіңісіп» алды, заңгерлер де өте жақсы меңгерген. Олардың іс жүргізу ережелерінде пәлендей қиындықтар жоқ, азаматтарға да қолайлы. Шешімдерді қайта қараудың бір сатыдан келесі бір сатыға, яғни аудандық соттан облыстық сотқа, облыстық соттан Жоғарғы сотқа өтуін қарастыратын апелляциялық инстанциямен қатар, қадағалау өндірісінің екі деңгейінің ойластырылуы, көп жылғы іс-тәжірибеміз көрсетіп жүргендей, сот қателіктерін фактілік жағынан да, құқықтық жағынан да дер кезінде жойып отыруға үлкен септігін тигізуде.

Соттың заңды күшіне енген үкімнің, қаулысының күші жойылуы және іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізу қайта басталуы мүмкін.

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері:

1) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған жәбірленушінің немесе куәгердің айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрінеу жалғаңдығы, сондай-ақ заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот іс-әрекеттері хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрінеу бұрыс жасалуы;

2) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының, тергеушінің немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық іс-әрекеттері;

3) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған, қылмыстық іс-әрекеттері;

4) осы ҚР ҚІЖК-тің 474-бабында көзделген тәртіппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкім шығару кезінде сотқа беймәлім болған өзгеде мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталғаны адамның немесе өзіне қатысты іс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жәйлармен бірге айғақтайтын ұйғарымдар болып табылады.

Осы баптың екінші бөлігінің 1-3-тармақтарында аталған мән-жайлар үкіммен қатар соттың, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының мерзімнің ескіруіне орай, рақымшылық немесе кешірім жасау актісінің нәтижесінде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендігіне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы арқылы анықталуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1916 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...