Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Шаруашылық істер бойынша сот шешімдеріне шағымдану және наразылық білдіру



Аппеляциялық шағым немесе наразылық білдірудің фактілік негізі ретінде мына жағдайларды санауға болады: бас сот талқылауында сот тергеуінің бір бағытты және толық емес болуы; бірінші инстанциялы соттың үкімдегі қортындылары істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы орын алса; қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса; сотталушыға тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына және сотталушының тұлғасына сәйкес келмеуі.

Аппеляциялық өндірісті қозғаудың құқыктық негізі аппеляциялық шағым немесе наразылық болып табылады. Осыған сәйкес, өндірістің басталу уақыты шағым берген уақыт деп санауға болады.

Аппеляциялық шағымның немесе наразылыктың мазмұны ҚР ҚІЖК-нің 407-бабында көрсетілген.

Бұл кұқықтық кұжатта міндетті түрде келесі бөлімдер болуы тиіс:

1.Шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы.

Істі екінші инстанцияда қарауға уәкілетті сот соттылықтың жалпы

ережелерімен және ҚР ҚІЖК-нің 397-бабымен анықталады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестірілген соттардың кылмыстық істер жөніндегі алқасы карайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды.

Осыған сәйкес, аппеляциялық шағымда жіберілетін соттың толық және нақты атауы көрсетілуі тиіс (мысалы, "Онтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы").

2.Іс жүргізілгендегі жағдайы, тұрғылыкты жері немесе жүрген жері
көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер.

Деректер анык, нақты және дұрыс көрсетілуі тиіс. Шағымданушының тегі, аты-жөні, құқықтық мәртебесі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, тіркелген тұрғылықты жерінің мекен-жайы, егер прокурордың наразылығы болса, оның қызметі және шені, сыныбы міндетті түрде көрсетІлуі тиіс.

Сонымен қатар, байланыс (үй немесе қызметтік) телефонын көрсеткен дұрыс болады. Бұл мәліметтерді келтіру шағымның, наразылықтың мазмұнын тексеруге. шағымданушы туралы қосымша мәліметтер алуға. істің материалдарына қажетті толықтырулар енгізуге, сондай-ақ шағымданушыға немес прокурорға шағымның, наразылықтың мәні бойынша іс жүргізушіік әрекеттер туралы хабарлау үшІң кажетті.

3.Шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы.

Шағымдалып отырған үкімді ғана емес, істің кысқаша фабуласын:еткен көрсеткен дұрыс болады. Бұл аппеляциялық сатыдағы соттың бағдарландырылуына, жасалған әрекеттің жағдайлары туралы алғашқы көзқарас тудыруға, қажетті мәліметтерді толық ашуға көмектеседі.

4.Үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып,
наразылық келтіріліп отырғанын көрсету
.

Бұл бөлім осы іс бойынша аппеляциялық өндірістің пәнін және шегін дәл анықтауға мүмкіндік береді, үкімнің орындалуын токтату мәселесін дұрыс шешуге, бұлтартпау шарасына, қосымша куәларды шақыруда, сараптама тағайындауда және іс бойынша объективтік шындықты орнатуға көмектеседі.

5. Шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімінің,
қаулысьның дұрыс еместігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні.

Шағымның бұл бөлімі шағымданушының (наразылық білдірген прокурордың) позициясын келтіруге арналған. Бастамашы шағымданушының қортындылары анық, кезектілікпен, және логиялық тұрғыдан дұрыс келтірілуі тиіс. Автор бірінші инстанциялы соттың үкімінің қай бөлмдерімен және қандай себептермен келіспейтіндігін нақты және аргументті көрсетуі тиіс және ол заң бүзушылыктық немесе фактілік қатені жоюда не ұсынатын өтінішін нақты көрсетуі тиіс. Өтініш құқықты, орындалатын және негізді болуы тиіс.

6.Арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші
сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер.
Шағымның (наразылықтың) бұл
бөлімінде шағымданушының қорытындыларын куәландыратын барлық
фактілік мәліметтерді, материалдарды және кұжаттарды келтіру керек.

7.Шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі. Аппеляциялық шағымды, наразылықты тізбелеу тәртібінде барлық құжаттар және материалдар шағын мәтінінде көрсетіледі. Тізбеде шағымның наразылыктың) нұсқаларының саны, анықтамалар, мінездемелер, тексеру немесе ревизия актілері, сараптама қорытындысы. бұрын жауап алынбаған тұлғалардың арыздары немесе түсініктемелері және т.б. шағымданушыда бар құжаттар көрсетіледі. Аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа белгілі бір құжаттың көшірмесІн қосуға болады, бірақ істі аппеляциялық өндірісте қарау барысында шағымданушы құжаттың түпнұсқасы көрсетілуі қажет немесе басқа әдіспен көшірменің дұрыстығы фактісін дәлелдеу қажет.

8.Шағымдану, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс.

Шағымдану уақтысы аппеляциялық өндіріс сатысында іс жүргізушілік мерзімдерді санау үшін қажет болғандықтан, үлкен маңызға ие болады. Шағым немесе наразылық берген тұлғаның қолы міндетті болып табылады. Өйткені, арыздың бұл түрі нақты персонифицирленген және ол тұлғаға іс жүргізушілік құқықтар мен міндеттердің толық кешені жүктеледі.

Іс аппеляциялық тәртіппен ол келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзім іс жүргізіліп жатқан аппеляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі аппеляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүргізілуі мүмкін |(ҚРКІЖК-нің 406-бабы).





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 3447 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...