Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сарқынды суларды тазалау әдістерінің классификациясы



Сарқынды суларды тазалау әдістері механикалық,физико-химиялық,химиялық,биохимиялық болып бөлінеді.

Механикалық әдістер. Қоспалардың тікелей бөліну әдістеріне мыналар жатады:

-торлар мен шілтерлердегі ірі қоспаларды механикалық жою;

-микросүзу-ұсақ тор;

-тұндыру мен ағарту;

-гидроциклондар;

-центрифералау;

-флотациялау;

-сүзгіден өткізу;

-электрофорез;

-мембраналық әдістер(кері осмос,электродиализ)

Сарқынды суларды тазалаудың тәжірбиеде көп қолданылатын әдістері;тұндыру,флотациялау,сүзгіден өткізу.

Физико-химиялық әдістер (судың немесе қосындылардың фазалық құрамын өзгерте отырып қосындыларды бөлу)

Қосынды Су Дегарация немесе бумен

қуып шығару әдісі

Газды фаза сұйық фаза буландыру

Сұйық немесе қатты фаза сұйық фаза экстракция,коалесциция

Араласпайтын екі қатты фаза қатты фаза мұздату

Қатты фаза сұйық фаза криталлизация,собрция

коагуляция

Екінші топтағы әдістердің ішінде жиі қолданылатыны сорбция мен коагуляция(ионды алмасу)

Химиялық және физико-химиялық әдістер (Қосындылардын химиялық құрамын өзгерте отырып тазалау)

-қиын еритін қосындылардың түзілуі-әктелуі т.б.

-аз диссоциациялық және кешенді қосылыстардың түзілуі-фосфатталу

-жинақталу және жайылу(сілтілерді енгізуде ауыр металдардың кешендерінің жойылуы)

-қышқылдандыру-қалпына келтіру процестері(күшті тотықтырғыштармен органикалық және органикалық емес қосылыстардың қышқылдануы)

-суды термиялық өңдеу(ауыр аппараттары,қалдықтардың жануы т.б.)

Бұл топтардың ішіндегі жиі қолданылатыны:тұндыру,әктеу,жайылу және тотықтыру процестері

Биохимиялық тазалау микроорганизмдердің кейбір түрлерінің іс-әрекетіне негізделген,олар органикалық және минералды заттарды пайдаланады,олар сарқынды суларда азықтық заттары мен энергия көзі ретінде қолданылады.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 1475 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...