Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Электрлі сүзгіде күлді ұстау деңгейін жоғарылату жолдары



Қазіргі заманғы электрлі сүзгілерде рационалды геометриямен инелі короналық электродтарды пайдалану жолымен тұндыру электродтарының бетіне токты максималды мүмкіндігінше біркелкі таратуға қол жеткізіледі. Басқа бағыт электрлі қарсылықты төмендету - бұл булы газды кондицонерлеу, яғни оларға химиялық заттар мен су буын қосуда олардың ерекшеліктерін өзгерту.

Кондиционерлеудің химиялық әдістері. Кондиционерлейтін қоспалар қолданылады: күкірт оксиді SO3, су буы, аммиак, натрий көмірқышқылы Na2CO3. Қосындылар отынның жану өнімдеріне мөлшерленеді және электродтарға қонатын күл қабатының электрлік қарсылығын азайтады. Кондиционерлеу мақсатына арналған күкірт оксиді SO3 келесі әдіспен алынады: күкірт қышқылының қайнауы, SO2 - нің SO3- ке айналуы, күкірт триоксидінің булануы, катализатордың қатысуымен күкірттің жануы.

Алайда бұл тәсіл ұстаудың аса жоғары деңгейіне қарамастан, эксплуатациялық қиындықтары мен шығынына байланысты, электрлі қарсылық газ жолдарына химиялық заттарды алу, сақтау және беру қажеттілігіне байланысты аса көп таралған жоқ.

Тазаланған газдарда су буының болуы күлдің электрлі қарсылығын төмендетеді, сонымен қатар булы газдардың диэлектрлік мықтылығын арттырудың арқасында короналық электродтарда жұмыс қуатын арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Әрі осы уақытта электрлі сүзгінің жұмысына су ұстаудың әсері газдардың температурасына қарай әр түрлі болуы мүмкін.

Кондиционерлеудің температуралық әдісі. Электрлі сүзгінің жұмысы кезінде ұшатын күлдің электрлі қарсылығының температураға тәуелділігі экстремальды сипатта болады. (6.13-сурет)

Бұдан күлдің электрлі қарсылығының азайтылуының екі жолы бар. Бірінші жолы – кететін газдардың өте төмен температурасына есептелген қазандықтар құру. Бұған ең артқы жылыту қабатын құрастыру арқылы қол жеткізуге болады. Газдардың температурасын 100% C-ге дейін төмендету электрлі қарсылықтың азаюына әкеледі. Бастапқы күлдің электрлі қарсылығы 5 · Ом · м-дан асса, онда газдарды 80- C температураға дейін суыту қажет. Бұл жағдайда қазандықтардың көлемі мен бағасы артады, төменгі температуралы қабаттардың тозуының интенсификация- сына байланысты эксплуатациясы мен жөндеуі күрделенеді.

6.13-сурет. Ұшатын күлдің салмақтық электрлі қарсылығының температураға тәуелділігі.

Бұл әдіс күлінің салмақтық электрлі қарсылығы шектен тыс жоғары болатын отындар үшін пайдаланылмайды.

Екінші жолы- электрлі сүзгілерді ВЗП-ның алдынан газдардың ның алдынан газдардың 350- С температуралы аймағына орналастыру.

Бағыттың басымдылығы: газдарды қою күлден тиімді және тұрақты тазалауға қол жеткізу, сонымен қатар күлмен былғанған қабатты болдырмау.

Кемшіліктері:

- газдардың көлемін арттыруға отырып, электрлі сүзгілердің өлшемін арттыру (140- C температурада шамамен 1,5 есеге арттыру)

- ыстық күлмен бірге қосымша жылуды жоғалту;

- жоғарғы температурада термиялық кеңейтуге байланысты электрлі сүзгілер элементтерінің конструкциясын күрделендіру;

- өте жоғары температурада бөлшектердің ерекшеліктері өзгереді- созылғыштығы артады, күл бөлшектері дрейфінің жылдамдығы төмендейді.

Температуралық ылғалды кондиционерлеу - дегеніміз температуралық және кондиционерлеу басымдылықтарын пайдалану жолымен булы газдардың ерекшеліктерін өзгерту.

Екібастұз көмірінің жануында температуралық –ылғалды кондиционерленуді қолдану күлдің салмақтық электрлі қарсылығын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. C температурада және бір мезгілде олардың дымқыл ұстауын 8 г/ –ке арттыруда салмақтық электрлі қарсылығы (СЭҚ) С температурадағы дымқыл емес күлдің СЭҚ-ына қарағанда төмен болады.

Температураны C-ге дейін төмендету және ылғалдылықты 22 г/ -ға арттыру СЭҚ-ты 2-3 есеге азайтады.

ВТИ мен Союзтехэнерго Күлділігі жоғары отындарға арналған құрастырылған күл ұстағыш құрылғы әзірлеп шығарды. Ол газдың жүру жолы бойынша бірізділікпен қосылатын дымқыл баспалдақтардан (85% баспалдақ) тұрады, ол газдарды алдын – ала тазалауға және оларды температуралық-ылғалды кондиционерлеу- ге бағытталған. Дымқыл баспалдақта күл дымқылданады, оның температурасы 130 дан С-ге дейін төмендейді. Құрылғының жалпы күл ұстау деңгейі 99-99,5 %.

Осы күл ұстағышты пайдалануда мынаны есепке алу керек; жанатын өнімді қатты дымқылдау тұндыру электродтарындағы металдардың коррозиялануына әкеледі.

Электрлі сүзгі алдындағы газ жолдарында суды толық буландыру жолымен булы газдарды суыту және дымқылдау. Бұл тәсіл аса қарапайым және арзан. Суды буландыру үшін әртүрлі химиялық қоспалар, натрий, литий және басқа кондиционерлейтін заттар қосылған сұйық қалдықтар қолданылады. Бұл тәсілді аз және орташа күлді көмірді жағуда қолданылады.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 1434 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...