Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТЭС- тің сарқынды суларының табиғи су қоймаларына әсері



Табиғи су қоймалары-тірі организмдердің (жануарлар мен өсімдіктер қоғамдастығының күрделі экожүйесі.

Сарқынды сулардың әсерінен экожүйе өзінің қалыпты жағдайынан айрылып, уланып және көбеюден айрылып, биоценоздың жойылуына мүмкін еді.

Су қоймасының өздігінен тазалану процестері.

- Қатты диспрестіктің тұну және коллоидтың қосындылардың коагуляциясы

- Органикалық қосындылардың қышқылдану (минерализацияла қышқылдар мен негіздердің бейтараптануы)

- Ауыр металдардың иондарының гидролизі; аз еритін гидрокисьтердің түзілуі олардың судан бөлінуі;

- Қатты фазаның бөлуінен немесе оның бөлшектерінің суға өтуімен бірге жүретін көмірқышқылының тепе-теңдігін орнату;

Су қоймаларының өздігінен тазалану процестеріне әсер ететін негізігі факторлар:

- Су температурасы;

- Қосындылардың минерологиялық құрамы;

- Ауаның концентрациясы;

- Судың рН көрсеткіші;

- Су қоймаларының өздігінен тазалану прцесінің жүруіне кедергі жасайтын немесе қиындататын зиянды қосындылардың концентрациясы.

Тірі организмдер үшін (гидробионттар үшін)рН=605-805 көрсеткіштері аса жағымды. Температура химиялық реакциялардың жүру жылдамдығына және ауа жетімсіздігін қалыпна келтіру жылдамдығына әсер етеді. Температураның артуы гибрионттардың көбею процесінің жеделдеуіне, улы заттарға тірі ағзалардың сезімталдығын арттыруға әкеледі, судағы оттегінің ергіштігі төмендейді. Температураның +30 -ден артуында балдырлардың өсуі баяулайды, фауна зақымданады, балықтар аз қозғалады және тамақтануды тоқтатады. Температураның кенет өзгеруінен балықтар өледі.

Мұнай өнімдері: суға керосиннің дәмі мен иісін береді, су бетінде майлы дақтар түзіледі, су түбінде тұнба пайда болады. Су бетіндегі плека газ алмасу прцесін бұзады, суға жарықтың түсуіне кедергі келтіреді, жағалау мен өзіндіктерді ластайды.

Су қоймасында мұнай өнімдерінің күкірт окислы СО мен суға жайылуы суда еріген оттегінің мөлшеріне, су температурасына және ондағы микроорганизмдердің санына байланысты. Жаз кезінде мұнай өнімдерінің пленкасы 5-7 күнде 5-80%-ға жайылады және екінші рет судың ластануына бастау болады.

Қышқылды және сілтілі сулар судың рН көрсеткішін жайылған ауданында өзгертеді. Сілтінің артуында рН 9,5 балықтардың тері қабаты, уылдырығы мен желбезегінің тіндері бұзылады, су өсімдіктері жоылады, су қоймасының өздігінен тазалануы нашарлайды. Қышқыл ортада рН 5 балықтарға улы әсер беріледі.

Ванадий қосындылары –ағзада жинақталған у, бұл қанайналым органдарында, тыныс алу мүшелеріне, жүйке жүйесінде өзгерістер тудырады, зат алмасу процесі бұзылады, терісінде аллергиялық бұзылу пайда болады.

Никель қосындылары – өкпенің тінін бұзады, орталық жүйке жүйесінің функциясы бұзылады,асқазан ауруы пайда болады, қан қысымы төмендейді.

Мыс қосындылары. Жалпы улы әсер. Артық концентрацияда ағзада асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылады. Аз ғана мөлшерде болса да балықтар үшін қауіпті.

Гидразин, фтор,күшәла, сынап қосындылары адам үшін де, су қоймаларының фаунасы үшін де зиянды. Ауыз су үшін пайдаланылатын судан фтор-ионның анықталған еонцентрациясы 1-1,5 мг/л болуы керек. Концентрациясы аз болсын, көп болсын адам өмірі үшін зиян.

Нитритер мен нитраттар. Мөлшерден артық нитраттар мен нитриттер бар су ауыз су үшін пайдаланылмауы керек. Бұл ауыр метгемоглобинемияға әкеледі. Нитраттар охигртасыздар мен балықтарға кері әсер етеді. Амиак пен аммони тұзы судағы биологиялық процестерді тежейді. Аммоний тұздары нитратқа дейін қышқылданады.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 1385 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...