Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сарқынды сулардың классификациясы және олардың сипаттамасы



ТЭС- ті эксплуатациялау көп су мөлшерін пайдаланумен байланысты. Негізгі бөлігі (90%-дан астам) әр түрлі аппараттарды турбиналардың конденсаторлары, май және ауа суытқыштар, қозғалатын механнизмдерді суыту жүйесінде жұмсалады.

Сарқынды су – атанция циклынан шығатын су легі.

1-топ суытылатын сулар, көбінесе сулар жылы ластануды тудырады, өйткені оның температурасы су температурасынан 8-10%-ға артық.

Суға жіберілген жылу су қоймасының экожүйесін бұзбау үшін,суға жіберілген қалдықтар санитарлық нормалар бойынша су қоймасының өз температурасынан қыс кезінде 5 -ден, жаз кезінде 3 -ден артық болмауы керек.

2-топ мұнай өнімдерімен ластанған сарқынды сулар. Мұнай өнімдері (майлар, күкіртті мазуттар, керосин) су қоймаларына ерекше қауіп тудырады және кез келген өндіріс орындарының сарқынды суларында болады.

Мұнай өнімдерінің көзі-мазут шаруашылығы, бас корпус, электротехникалық құрал-жабдықтар (трансформатор, қосымша қызметтер (депо, гараж, компрессор бөлімі), ашық бөлім құрылғылары.

3-топ. Су дайындау құрылғылары мен конденсантты тазалаудың сарқынды сулары.

Су дайындау сызбалары алдын-ала тазалау және НОН ион алмасу,Na-катионитті сүзгіштер, коагуляция, әктеу, сүзу.

Сақынды сулар реагенттер қоймасынан, механикалық сүзгілерді жуудан, судан ағартқыштарды тазалаудан, ионитті сүзгілерді регенерациялаудан пайда болады. Мұндай сулардың құрамында магнийдің, кальцийдің, алюминийдің, темірдің минералды тұздары, қышқылдар мен сілтілер бар. Алдын-ала тазалаудан (механикалық сүзу мен ағартқыштар) суға әр түрлі қалдықтар-кальций карбонат, темір мен алюминий гидроксиді, кремний қышқылы, органикалық заттар, балшық бөлшектері, гилам жіберіледі. Бұл суға жіберілген су қоймаларының тұздылығын арттырады және рН көрсеткішін өзгертеді..

Конденсат тазалаудың сарқыныды сулар су дайындау құрылғыларынан шыққан тұзды судың аз мөлшерін құрайды және аульфонамрін сүзгілер мен ион алмасу сүзгілердің регенерациялық қалдықтарынан тұрады.

4-топ Жылыту қазандықтарының сыртқы бетін жуу ертінділері.

Қазандық агрегаттарының күкіртті мазутпен жұмыс істеуде салмықты заттар, күкірт қышқылы, токсинді қосындылар- никель, ванадии, мыс, темір пайдаланылады. Мазуттың күлі қазандық жылуының бетінде қабат пайда болады, онда мазутты жаққан бөлінген күлдің 10%-ы қонады.Коррозиялық өнімдер мен күл қабаты түтінді газдың өтуіне арналған РВП-ның қарсылығын арттырады, және 10-15 тәуліктен соң оны зиянды күл қабатынан тазалау қажет. Жуу ертінділерін зарарсыздандыру бағалы заттар-ванадий мен никель қосындыларын құрайтын гилам алумен бірге жүреді.

Агрегаттың қатты отымен жұмысы кезінде сарқынды суларда механикалық қоспалар, ерітілген тұздар, мышьян мен фтор т.б. болады.

5-топ. Жылу күші бар құрылғылардағы консервациялау мен химиялық тазалаудан кейінгі ерітінділер.

Құрал- жабдықтарды жуу мен консервациялау процесінде қолданылған реагенттерге байласты химиялық реакциялар нәтижесінде сдың құрамында органикалық және минералды қышқылдар, сілтілер, комплексондар, сыртқы- белсенді заттар, нитраттар, сонымен қатар жуу өнімдері қатты тұздар, темір, мыс, аммоний, Б трилон, ингибиторлар (уротропин, каптакс), гидразин, фтор т.б. болады.

6-топ Қатты отынмен жұмыс істейтін ЖЭС –тердегі гидрокүлді жойғыш жүйелердің сулары.

Әдетте гидравликалық жүйе суды көп қажет етеді. Гидрокүлді жойғышта (ТКЖ) суды жұмсау 20-40 /т күлге. Қуаттылығы 400 мВт ЖЭС Екібастұз көмірімен жұмыс істейді, онда сағатына 4000 тонна отын жағылады. Бұл жағдайда 1600-1700 тоннаға жуық күл түзілеі. Бұл күлді станциядан Эвануациялау үшін 8000 /т – дан кем емес су қажет етеді.

ТҚЖ- тың сарқынды суда салмақты бөлшектер, минералды тұздар, зиянды қосындылар (Фтор, мышьяк, сынап, ванадий), сілтілер бар.

Тазартылған судың рН көрсеткіші ТКЖ-тың айналым жүйесінде аса үлкен интервал мәні бар: өте қышқылдыдан (Екібастұз көмірі) жоғары сілтілікке дейін (эстондық жанғыш сланец).

ТКЖ-та су қоймасына қалдықтың тасталуында қону жылдамдығы 0,25-0,75 мм/с – дан артық болған жақтың суға түсуінде су қоймаларында рН-тың мәні 6,5 тен 8,5-ке дейінгі мәннен өзгермеуі керек, ал зиянды заттардың концентрациясы ПДК- дан аспауы керек.

7-топ. Комуналдық –тұрмыстық және шаруашылық сулар.

8-топ. Отын беретін орындарды гидравикалық тазалау сулары.

9-топ ТЭС территориясынан ағатын жауын және еріген қар сулары, яғни жер бетіндегі сарқынды сулар

Бұл топтардың сулары өлшенген заттармен, мұнай өнімдерімен, тұздармен токсинді қосылыстардың қышқылдарымен ластанады.

ТЭС-тің бас корпусына кірер жерінде, автотранспорттардың тұрақтарында химиялық цехтардың қоймаларында реагенттердің (әк, коагулянттар, қышқылдар, сілтілер) дұрыс сақталмауында, күштік құрал-жабдықтардың жұмыснда ластану болады.

Бұл суларды сумен қамтамасыз ету жүйесінде құрылымдарда, реагенттерді дайындауда айналымдық қажеттіліктерге пайдалануға болады.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 1998 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...