Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Маталық сүзгілер



Бұлар ұсақ бөлшектерді ұстауға бағытталған. Тазалау деңгейі 99-99,99%. ТЭЦ-терде пайдаланылмайды, өйткені органикалық отындарды жағуда ірі бөлшектер пайда болады, олар бұрын айтылған топтардағы күл ұстағыштармен ұсталады. Жең тәріздес сүзгілерді пайдалануға болады (6.14-сурет), субмикронды ұсақ бөлшектерді толық ұстау үшін пайдалануға болады.Алайда бұл маталық сүзгілердің бағасының жоғары болуының себебінен ол өзін - өзі ақтамайды.

1- тозаңданған лек; 2-жең; 3-тозаланған лек.

6.14-сурет. Жең тәріздес сүзгі.

Маталық сүзгілер дайындалатын материалдар 4 топқа бөлінеді:

1. Малдар мен өсімдіктерден жасалған табиғи мата (шерсть, жібек, торғын және мақта-мата);

2. Органикалық материалдан жасалған жасанды мата (лавсан, капрон, нейлон);

3. Табиғи минералды мата (асбест);

4. Жасанды органикалық емес мата (шынылы мата, металды мата).

Тұман ұстағыш сүзгілер. Тұман ұстау – тұманнан газ тәріздес заттардың химиялық өзара әрекеттесуі есебінен пайда болған өлшемі 10 мм-дан аз тамшыларды бөліп шығару процесі.

Көбінесе тұманның көптеген тамшысы субликронды өлшегенде болады.

Тұман ұстағыш ретінде талшықты өздігінен тазалау сүзгілері қолданылады, ол сүзгілер шынылы, синтетикалық және металдық талшықтар қабатынан және тоқылған металды және синтетикалық торлардың пакетінен тұрады. Тұман ұстағыштардың талшықты сүзгілерінің ерекшеліктері – талшық пен сүзгі қабатының байланысқа түсуі кезінде ұсталған сұйық бөлшектердің коалесценциялануы мен оларды сұйықтық пленкасының түзілуі, яғни қосқабаттардан ағын түрінде немесе ірі тамшы түрінде жинақталып, қабаттармен оның сырт жағынан ауырлық күшінің әсерінен қабаттың ішін-орын ауыстырып жүретін сұйықтық. Бұл жағдайда сүзілетін қабаттарға ешқандай механикалық әсер қажет етілмейді, яғни сүзгілер өздігінен тазалаудың стационарлық режимінде жұмыс істейді.

Коалесценция-сұйықтың тамшылары мен бу көпіршіктерінің жанасуы кезінде, қосылуы.

Талшықты фильтрлердің кемшіліктері тұман кезінде қатты бөлшектердің сүзгілерді бітеп тастауы мен тұз (, , ,CaF) және басқалар жиналуы.

Қабаттың қаптамасының тығыздығы артық болған сайын және талшықтың диаметрі кіші болған сайын қабаттағы сұйықтың мөлшері де артық болады. Жіңішке талшықты қабаттың түбі мен сыртқы бетінде көпіршіктің көп түзілуі және олардың ажырауы газ легімен бірге әкетілетін ұсақ тамшылардың түзілуінен әкеледі. Нәтижесінде қарсылық артып, тазалаудың тиімділігі төмендейді және қабаттағы сұйықтықтың қанықтығының төмендеуі шығу концентрациясының азаюына әкелуі мүмкін. Бұған қабаттағы аса ірі және тығыз талшықтарды пайдалану және тұйықталған қабаттардан сұйықтықты күшпен шығару нәтижесінде кіру концентрациясының азаюымен, сүзудің жылдамдығымен қол жеткізуге болады. Синтетикалық және басқа да гидрофобтық талшықтарды пайдалануы қарсылықты азайтуға және тазалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әдетте туынды тамшылар тұман бөлшектеріне қарағанда недәуір ірілеу. Осылайша туынды аэрозольдық генерация режимінде жұмыс істейтін талшықты сүзгі кейде жоғарғы диспресті бөлшектерді ірілендіргіш ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл эффект алғашқы баспалдақта сүзудің жоғарғы жылдамдығында ұсақ бөлшектерді ұстау үшін екі сатылы фильтрлерді жасауда пайдаланылады.

Талшықты сүзгілер немесе тума ұстағыштар 3 түрге бөлінеді.

1. төменгі жылдамдықты (w≤0,2м/с), брауындық диффузия мен ілу эффектісінің есебінен субликрондық бөлшектерді ұстауға арналған 5-20 мкм диаметрлі талшықтармен жабдықталады. Олардың тиімділігі сүзудің жылдамдығының төмендеуімен, талшықтың диаметрі мен бөлшектің өлшемінің азаюымен артады.

2. жоғарғы жылдамдықты (w0,5-тен 1,2м/с-ке дейін), ол диаметрі 20-100мкм ірі талшық қабатынан дайындалады. Инерциялық тұну механизімі есебінен газдардан 1 мкм-ден ірі бөлшектердің бөлінуіне қызмет етеді. Бөлшектердің өлшемінің артуымен және белгілі бір көлемге дейтін (әдетте 1-2,5м/c)сзу жылдамдығының артуыментиімділігіарта түседі,бұл жағдайда қабаттан тамшы түрінде ұсталатын сұйықтықтың екінші шашыратып әкетілуі басталады.

3. Бірінші және екінші түрдегі екі –үш сүзгіден тұратын көп сатылы түрі. Бірінші саты өте жоғары жылдамдықта жұмыс істейді және ұсталатын тамшыларды ірілендіреді немесе тұманның жоғары кіру концентрациясында тамшыларды шығаруға қызмет етеді.

Мазутты жағуда бу газының құрамында толық жанбаған көміртек болады ол ыс түрінде болады, оның ішінде аса қауіптісі –бенз.

Күл ұстағыштарды таңдауда ұсталатын бөлшектерінің ерекшеліктерін есепке алған дұрыс:

- дисперитік (шамамен 20%-ы 10,5 мкм өлшемінде,қалғаны ірі,55%-ы-35мкм-дан артық);

- төгілу тығыздығы,160км/

- жоғары гидроскопиялығы, яғни ұсталған бөлшектердің жоюдың қиындығы,сондықтан күл ұстаудың пневматикалық және гидравликалық жүйелері қолданылады

- өрт қаупінің болуы;

- жоғарғы жанармай құрамы мен 150 –ден төмен температурада күлдің сусып жоғалуы.





Дата публикования: 2014-10-17; Прочитано: 2016 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...