Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Инфляция ОСӨЖ



Құн заң әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық үрдістерді тудырады. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Инфляцияның өз тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болган соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды.

Инфляция латын сөзі, қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс жиынтығы. Айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің бағалардың қосылуынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшалардың пайда болуы инфляцияны білдіреді.

Инфляциядан өндіріс көп зардап шегеді, еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі болып тұрып, тауар мен аз тепе-теңдікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Сұрақтар:

1. Инфляцияның басты ерекшелігі неде?

2. Инфляуия дегеніміз не?

1-тапсырма. Мәтінді сөздікпен орыс тіліне аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

30-сабақ Акция. Аудару СӨЖ

Акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы, акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы пайызының деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестрінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Акция қашан шығады?

2. Акцияның нақты бағасы қандай?

3. Акция неше түрге бөлінеді?

4. Қандай құқық беріледі?

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Акционер – ақша ….

2. Акционер болу үшін белгілі бір акционерлік …… қызмет ету шарт емес.

3. Тек оның …. сатып алса жеткілікті.

Керек сөздер: иесі, акция, қоғам.

3-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

1. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» Заң қабылданғаннан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады.

2. 1998 жылы олардың саны үш мыңнан асты.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 710 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...