Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Биржа дегеніміз не?ОСӨЖ



Мәтінді оқимыз. Мазмұндаймыз

Биржа (лат.bursa - әмиян «кошелек») –тауарларды, құнды қағаздарды көтерме бағамен (оптом) сатуды ұйымдастыру. Сонымен бірге, қаржы-сауда мәселелерін жасау үшін сатушы мен сатып алушылардың жиналатын орны.

Биржалар ХУ-ХУІ ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы биржалар әмбебап (универсальные) сипатта болды.

Мысалы 1608 жылы құрылған Амстердам биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалардың бірнеше түрі бар. Олар: тауар биржасы, валюта биржасы, еңбек биржасы.

Тауар биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа сай келетін белгілі бір тауарды сату не сатып алу үшін ұйымдасқан саудагерлік қауымдастық (ассоциация). Дүниежүзіндегі тауар биржалары:

1. Лондон халықаралық биржасы (мұнай, мазут саудаланады)

2.Токио тауар биржасы (асыл металдар:алтын, күміс т.б. саудаланады)

3. Лондон металл биржасы (мыс, аллюминий т.б. саудаланады)

4. Нью-Йорк тауар биржасы (алтын т.б.)

Еңбек биржасы – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында делдалдық (посредник) жасайтын мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік еңбек биржасының негізгі қызметі - жұмыссыздарды есепке алу, оларға жәрдемақы төлеу т.б.

Валюта биржасы – халықаралық валюталық қатынастардың бір бөлігі. Дүниежүзіндегі ең ірі валюта биржалары Лондон мен Нью – Йоркте.

(Қазақстан энциклопедиясынан)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. «Биржа» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2. Биржа қандай орын?

3. Алғашқы биржалар қай ғасырларда пайда болды?

4. Алғашқы биржалар қай жерде пайда болды?

5. Биржаның қандай түрлері бар?

6. Әлемдегі ең ірі биржаларды атаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

құнды қағаз-ценные бумаги

сипаты – характерно

қауымдастық - общественность

делдалдық - посредник

жәрдемақы – материальная помощь

3-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Биржа дегеніміз – тауарлар..., құнды қағаздар... көтерме баға... сатуды ұйымдастыру.

2. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлері.... байланысты биржалар.... бірнеше түрі бар.

3. Тауар биржа... сапасы жағынан қалыптасқан стандарт.... сай келетін белгілі бір тауар... сату.

4. Биржа – қаржы-сауда мәселелер... жасау үшін сатушы мен сатып алушылар.... жиналатын орны.

4-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Биржалар ХУ-ХУІ ғасырларда (появились).

2. Алғашқы биржалар (универсального характера) болды.

3. Тауар биржасы белгілі бір тауарды сату не сатып алу үшін ұйымдасқан (торговая ассоциация).

4. Еңбек биржасы – (работник и работадатель) арасында делдалдық қызмет жасайтын мемлекеттік мекеме.

5. Мемлекеттік еңбек биржасының негізгі қызметі - жұмыссыздарға (пособия) төлеу.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1752 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...