Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Лексикалық тақырып: Меншік және жекешелендіру



Меншік дегеніміз – белгілі біреудің өзіне ғана тән иелігі (собственность). Ол адам және қоғаммен бірге пайда болды. Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің ұжымдық, жеке және мемлекеттік түрлері қалыптаса бастады.

Жеке меншік – жеке адамға ғана тән, соған ғана тиісті меншік, мал-мүлік.

Кооперативтік меншік – белгілі бір бірлестікке, ұжымға тән иелік.

Қоғамдық меншік – қоғамға, қауымға тән иелік.

Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясында меншіктің мемлекеттік және жеке меншік түрі көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданды. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:

1) еңбек ұжымдарының мекемелерді біртіндеп сатып алуы;

2) аукцион және тендер;

3) жеке жобалы (проектілі) жекешелендіру.

Бір ғана меншіктің түрі болған елде бәсеке болмайды. Сондықтан меншіктің түрі көбірек болса, экономика да жақсырақ болады. («Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан)

Тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Меншік дегеніміз не?

2. Меншіктің неше түрі бар?

3. ҚР Конституциясында меншіктің қандай түрлері көрсетілген?

4. Кооперативтік меншік дегеніміз не?

5. Кооперативтік меншік қай елде жақсы дамыған?





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 963 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...